Талдықорған: -7°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«БІРЖАҚТЫ ЕТУ КЕРЕК»: ОБЛЫСТА 804 МЕДИЦИНА ҒИМАРАТЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

06.12.2019
ДЕНСАУЛЫҚ
"БІРЖАҚТЫ ЕТУ КЕРЕК": ОБЛЫСТА 804 МЕДИЦИНА ҒИМАРАТЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында «ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыстары туралы» деген тақырыппен жалғыз мәселе қаралды. Тақырыпқа орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ есеп беріп, Жетісу жеріндегі ахуалды таныстырды.

Оның айтуынша, облыстағы орташа өмір сүру жасы 2020 жылы 73 жасқа дейін жетуі тиіс және халықтың медициналық көмектің сапасына деген ризашылығының деңгейі 48 пайызға тең. Осыған орай, «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін биыл 4,3 миллиард теңге бөлініп, облыстың денсаулық сақтау саласының бюджеті 95,2 миллиард теңгеге жеткен. Өңірдегі 804 медициналық мекеменің 641-і мемлекетке, 163-і жекеменшікке қарайды. Халыққа облыстық деңгейдегі 9 аурухана, 3 қалалық аурухана, 2 психикалық денсаулық орталығы стационарлық қызмет көрсетеді. Одан бөлек, 2 мамандандырылған балалар үйі, 2 медициналық колледж, дене шынықтыру диспансері, балаларды туберкулезден сауықтыратын 2 санаторий, қан орталығы, СПИД-пен күрес және алдын алу орталығы жұмыс істейді.

Мемлекеттік бағдарламада көрсетілген 32 көрсеткіштің үшеуі толық орындалмай отыр. Атап айтқанда, «Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер саны», «100 мың тірі туылғандарға шаққандағы ана өлімі», «100 мың тұрғынға шаққандағы 15-17 жас аралығындағы балалар суицидінің деңгейі» сынды көрсеткіштер орындалмады. Бүгінгі күні облыста тіркелген 12 ана өліміне байланысты қызметтік тексеру жүргізіліп, 2 басшы қызметінен босатылса, 5 басшыға қатаң сөгіс берілді. 7 оқиғаның тәуелсіз сараптамасы аяқталып, 2 өлімді аналар өліміне жатқызу мәселесі қаралып жатыр. Өйткені, оның бірі жатыр сыртындағы жүктіліктен болса, екіншісі, есірткіге тәуелділік дерегімен тіркелген.

Биыл жергілікті бюджеттің көмегімен 2 мыңнан астам медқызметкер акушерлік және педиатрия саласы бойынша 211,5 миллион теңгеге оқытылды, құны 2,5 миллиард теңге болатын 95 дана медициналық құрылғы сатып алынды. Алматы қаласындағы медициналық жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 47 жастың сегізі — акушер-гинеколог, сегізі — анестезиолог-реаниматолог, біреуі — балалар хирургі.

Облыс аумағында орын алған жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің көрсеткіші төмендемей тұр. Биылғы 9 айдың ішінде орын алған 1700 жол-көлік оқиғасынан 374 адам қаза тауып, 2422 адам түрлі жарақат алған. Алакөл, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Іле, Қарасай, Талғар аудандарында орын алған көлік апатынан зардап шеккендердің саны арта түскен. Ал жазатайым оқиғадан, улану мен ауыр жарақаттан қаза тапқандардың көрсеткіші едәуір азайған. Дегенмен былтырға қарағанда биыл транспорт апаты бойынша өлім саны артып отыр. Облыстық прокуратура, полиция департаменті және білім басқармасы таратқан статистикалық деректерге қарағанда биылғы 10 айдың ішінде тіркелген 33 өз-өзіне қол салу дерегінің 22-сі кісі өліміне апарса, 11-і суицид жасамақ болған.

Облыстағы ең өзекті мәселе – дәрігерлердің жетіспеушілігі. Өңірдегі медициналық мекемелерде 4 мың 756 дәрігер және 14 мың 961 медбике қызмет етеді. Бұл орта есеппен алғанда 10 мың тұрғынға 23,2 дәрігерден, 73,8 орташа медициналық қызметкерден келеді деген сөз. Биыл алғашқы дәрігерлік көмек көрсететін ұйымдарға жұмысқа кірген 173 жас маманның 97-сі ауылды жерлерге орналасқан. Алайда облыстың денсаулық сақтау ұйымдарында 122 жалпы тәжірибелік дәрігердің, 28 акушер-гинекологтың, 24 хирургтің, 13 неонатологтың, 18 анестезиолог-реаниматологтың, 13 неврологтың, 8 онкологтың орны бос тұр. Соған байланысты медициналық ұйымдардың басшылары жас мамандарды қолдау үшін баспана арендасын төлеп, олардың жеңілдікпен несие алуына көмектесіп келеді. Бірақ мамандар бәрібір жетіспейді.

Ауылдық амбулаториялар мен емханаларды күрделі жөндеуден өткізу, жаңа ауруханалар салу ісі қарқынмен жүргізілуде. Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылдық ауруханасының ғимаратына сейсмонығайту жұмыстары жүргізілсе, Қарасай ауданы Батан ауылдық және Жамбыл ауданы Тарғап ауылдық амбулаторияларының құрылысы аяқталды. Панфилов ауданы Басқұншы ауылындағы дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілсе, «Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында Ескелді және Көксу аудандық орталық ауруханаларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қысқасы, облыстағы ауруханалар мен емханаларға соңғы үлгідегі медициналық құрылғылар мен техника сатып алынып, қажетті жағдай жасалып жатыр. Соған қарамастан жүрек-қантамырлары, бауыр, бүйрек, асқазан аурулары, инсульт, туберкулез, қатерлі ісік сынды дерттер толастамай тұр. Осыған орай ел ішінде дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру сынды бағыттар бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп тұрады. Телеарналар мен газеттерде белсенді өмір мен таза тамақ жеудің пайдасы жайлы бейнеүзіктер көрсетіліп, мақалалар жазылуда. Дәл қазір 2020 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылатын міндетті медициналық сақтандыру жайын түсіндіру жұмыстары қарқынмен жүргізілуде.

Осындай жетістіктер мен көрсеткіштерге байланысты Қоғамдық кеңестің мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, көпшіліктің көкейін тербеген мәселелерді көтерді. Баниямин Файзуллин, Әмір Ғазалиев, Роза Ақжаркенова, Саржан Ержұманов, Қайрат Нұрханов Жетісу жеріндегі медициналық мекемелердің жұмысына, ғимараттарының тозуына, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасының сын көтермейтіндігіне байланысты қойған сұрақтарына лайықты жауап алды.

Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов:

– Құрметті қоғамдық кеңес мүшелері, сіздерге бүгінгі отырыста денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін көтергендеріңіз үшін рахмет айтқым келеді. Бұл салада күрмеуі қиын мәселелер жетіп-артылады. Өңірде 804 медициналық мекеме ғимаратының көңіл көншітпейтін жағдайда екені жасырын емес. Соның 126-сының орнына жаңасын салып, көтерілген мәселені біржақты ету керек, – деп алдағы күндердің жоспарымен бөлісті. – Облыс әкімі Амандық Баталов жыл сайын жаңа ғимараттар салу керектігін алдыға тартады. Соған сай жылына 15-20 ғимарат жаңадан салынып, күрделі жөндеуден өткізіледі. Олардың қатарына негізінен ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы мен аудандық орталық ауруханалардың ғимараттарына жасалатын күрделі жөндеу жұмыстары кіреді. Әбден тозығы жеткен онкологиялық орталық ғимаратының мәселесін жақсы білеміз. Алдағы күндерге күрделі жөндеудің жобаларын жасауды қолға алып отырмыз. Бүгінгі күні облыста 24 жобалық-сметалық құжаттама дайын тұр. Оның ішінде облыстық балалар ауруханасын, облыстық аурухананы күрделі жөндеуден өткізудің құжаттары бар. Мысалы, облыстық балалар ауруханасының ғимаратын сейсмонығайту жұмыстарына 900 миллион теңге қажет. Оны республикалық бюджетке кіргізу мәселесі көтеріліп жатыр. Дәл сондай күрделі жөндеуді қажет ететін денсаулық сақтау саласының ғимараттары көптеп саналады. Бәрін бірден жасап тастау мүмкін емес. Қордаланған мәселелерді біртіндеп шешіп келеміз.

Осылайша облыс әкімдігі тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға тоқталған Батыржан Құлаймергенұлы келер жылға міндетті медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттен бөлініп отырған қаржының мөлшерін таныстырып, өңір тұрғындары үшін қолға алынып жатқан шаралардың тиімділігін әңгімеледі.

Сөз соңында Қоғамдық кеңес төрағасы Әлихан Тойбаев отырыста қаралған тақырыпқа байланысты қабылданған қарарды таныстырып, кеңес мүшелерінің дауыс беруін сұрады. Қарарда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқаққа өңірдегі медициналық қызметтердің сапасын арттыру міндеті жүктелген.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

Банктердегі өзгеріс: Сыйақы есептеуге салынған тыйым жойылды

12.03.2026
Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.