Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БОЙ БЕРМЕЙТІН ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖАҢА ТҮРІ КӨБЕЙІП БАРАДЫ

18.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ДӘРІ-ДӘРМЕККЕ БОЙ БЕРМЕЙТІН ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЖАҢА ТҮРІ КӨБЕЙІП БАРАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Туберкулез қоздырғышын ең бірінші рет неміс микробиологы Роберт Кох 1882 жылы 24 наурызда ашты. Содан бері 130 жылдан астам уақыт дүниежүзі ғалымдары тынбай, үздіккіз күрес жүргізсе де, әлі күнге дейін туберкулезбен ауырған адамдар саны азаяр емес. Керісінше, соңғы 15-20 жылда  Шығыс Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде туберкулездің төзімді түрі тез тарап келеді.

Төзімді түрі деген қандай деп таңқалуыңыз мүмкін. Бұл, яғни, туберкулезге қарсы қолданатын дәрілердің бәріне төзімді түрі. (Орысша: множественная лекарственная устойчивость — МЛУ). Экономикалық, саяси және әлеуметтік жағдайлар жоғарыда аталған мемлекеттерде ХХ ғасырдың аяғында денсаулық сақтау саласына зиянын тигізіп, қаржыландыру мардымсыз болғандықтан, денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерін төмендетіп, туберкулезбен ауырған  науқастар санын көбейтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын 500 000 адам туберкулездің төзімді дертіне шалдығады екен, оларды емдеу қосымша қиындық тудырады және қымбатқа соғады. Өкініштісі, бұл сырқаттар арасында өлім-жітім жоғары. Туберкулездің төзімді түрінің кейінгі жылдары пайда болған түрі — кең көлемді дәрілерге төзімді түрі (широкая лекарственная устойчивость). Яғни, туберкулезге қарсы қолданатын екінші қатардағы дәрілерге төзімді.

Қазақстанда туберкулезге қарсы қызметтің жақсы жолға қойылуына және оның басы-қасында білікті мамандар болуына қарамастан 1990 жылдардағы экономикалық дағдарыстан эпидемиологиялық жағдай күрт төмендеп, соның салдарынан туберкулездің төзімді түрімен ауырған науқастар саны еселеп көбейді. Қазіргі кезде барлық жерде туберкулездің дәрілерге төзімді түрі еселеп өсуде және емдеу көрсеткішіне кері әсерін тигізіп, экономикалық шығынды көбейтуде.

Егер науқас бұрындары туберкулезге қарсы ем қолданбаса немесе 1 ай мөлшерінде ем қолдану барысында дәрілерге төзімділік анықталса, онда дәрілерге төзімділіктің алғашқы түрі деп аталады. Егер де науқас туберкулезге қарсы емді 1 айдан артық қабылдағаннан кейін анықталса немесе қайталап емделу барысында анықталса, онда дәрілерге төзімділіктің қайталанған түрі деп аталады. Туберкулездің төзімді түрінің жұғу жолдары туберкулездің кәдімгі түріндей ауа арқылы жұғады, әсіресе, жақын отырып қатты сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде, сондықтан, науқас адамның мұрын мен ауызды бүркемелеуі, көрінген жерге қақырынбауы өте қажет.

Адамдардың туберкулезбен ауыру қаупі немесе жұқтыруы сау адамдардың туберкулездің ашық түрімен ауырған науқастармен жиі-жиі және ұзақ уақыт қарым-қатынаста болғанда арта түседі. Туберкулездің төзімді және кәдімгі түрін жұқтыру кез келген жаста болуы мүмкін, әсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қорғаныс қабілетінің әлсізденуі (жеткіліксіз тамақтану, жиі-жиі қатты тоңазу, қант диабеті, АҚТҚ, ойық жара ауруы және басқа), яғни, екі аптадан артық уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтepiлуi, тершеңдік, тәбеттің нашарлауы, жүдеу, себепсіз шаршау, кеуде тұсының ауыруы, қан аралас қақырықтын түсуі — басты белгілері болып саналады. Жоғарыдағай белгілер пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерлерге қаралу — дұрыс шешім.

Туберкулездің төзімді түрін болдырмаудың жолдары: туберкулездің кәдімгі түрімен емделетін науқастарды сапалы емдеу; емделу кезеңдерінде науқас белгіленген дәрілерді аяғына дейін үздіксіз және тыңғылықты қабылдағаны абзал. Сонда дәрілерге төзімділік пайда болмайды, сол үшін барлық емханаларда, туберкулезге қарсы диспансерлерде науқастар дәрілерді медицина қызметкерлерінің қадағалауымен қабылдайды.

Туберкулез неғұрлым ерте анықталса, емдеу нәтижесі соғұрлым сәтті болады.

Шайыхслам МҰҚАЕВ,

Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығының фтизиатр-дәрігері

Сурет — ғаламтордан

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.