Талдықорған: +13°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Дәрігерге  неге қол көтерді?

15.10.2023
ДЕНСАУЛЫҚ
Дәрігерге  неге қол көтерді?
WhatsAppTelegramFacebook

Ол әуезді музыканы қосып қойып, жеңіл көлігімен ызғытып келе жатқан. Бұрылысқа тақағанда сол жақтан  төбесіндегі жарығы жарқ-жұрқ  етіп, жан ұшырған дауыс қосылған «Жедел  жәрдем» көлігі көрінді. Негізінде оң жақтағы машина жүру керек болса да ол тежегішті басып,  дәрігердің көлігіне жол берді. Ішіндегі фельдшер рахмет дегендей басын изеді де орнынан жұлқи қозғалған  көлік ауруханаға қарай  зулай жөнелді. Асығып барады. Ішіндегі адам аман болса екен.  Есіне жақын жылдары өзінің басынан өткен жағдай түсті…  Қайғыдан баз кешкен жанын дәрігерлер емдеп еді.

 Адамнан қадір кетті ме, маманнан қадір кетті ме?  Соңғы кезде адам жанының арашашысы – денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне қол көтеру белең алды. Дәрігер пациентті кінәлайды,  ал ол дәрігерді даттайды.  Ақ-қарасын айырып бітпейсің. Әркім өзінікін дұрыс санайды. Әлде сабырсыздықтың кесірі ме екен?

 «Таяқтың екі ұшы болады» демекші, кінә екі жақтан да болуы мүмкін.  Сондықтан  көптің алдында медицина саласы мамандарының жауапкершілігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсарту керек. Ал тұрғындар денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне құрметпен қарап, адам денсаулығын сақтаудағы рөлі ескеріліп, құқы қорғалуы тиіс. Заңға толықтыру енгізіліп, денсаулық саақтау саласының қызметкеріне  жұдырық ала жүгіруге тиым салынса. Медицина мамандары науқастың жанын түсініп, адамның жанына үңіле диалог құра білсе. Бұл – дәрігерлер сөйлеу мәдениетін білмейді деген сөз емес.  Ауыр науқасқа шалдыққан, немесе жақынынан айырылған адамға естіртуде, жағдайды  түсіндіруде  маман ретінде аранайы әдіске сүйенсе.   

Осыдан біраз уақыт бұрын Ескелді аудандық ауруханасына вакцина салдыруға келген тұрғын дәрігерді соққыға жыққаны есімізде.  Дәрігердің айтуынша, маман пациентке  вакцина паспортына байланысты түсіндіру  жұмысын жүргізбекші болған.  Алайда, маманның айтқанын орындағысы келмеген пациент қабылдау бөлмесінде айқай-шу шығарып, дәрігерге қол жұмсаған. Шындығында кім кінәлі екені белгісіз. Әркім көрпені өзіне қарай тартатыны белгілі. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова мәлімдеме жасаған. «Дәрігер медициналық ұйымда пациентке өзін дұрыс ұстауды ескерткен. Алайда, ол ескертуге қарамастан дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған. Дәрігердің бет пен мойын тұсынан бірнеше рет ұрған. Бұл оқиғаға қатысты дәрігер Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды», – делінген хабарламада. Әлеуметтік желіден көріп отырғандай, мұндай жағдай  әр жерде  қайталануда. Тағы да әркім өзінікін жөн санайды.

Мақала жазу барысында дәрігер Маржан Тәшімоваға  халықтың денсаулық сақтау  саласы мамандарына дөрекілік көрсетудің белең алуының себебін сұраған едік. «Қазір адамдардың психикасы бұзылған. Ештеңенің байыбына бармай жатып, ашуға бой алдырады. Екіншіден, көпшіліктің ұғымында дәрігерлердің біліктілігі төмен, жауапсыз, сырқатыңды емдей алмайды деген түсінік қалыптасқан.  Меніңше, дәрігерлер емдеген адамының  сауығып, үйіне алғысын айтып аттанғанын қалайды. Содан кейін ақша бермесе дұрыс қарамайды деген реніш бар. Дәрігерлердің ақша алуына пациенттердің өзі кінәлі. Басқалардан ерекше қараса деген ой дәрігер қалтасына пара салдырады. Пациенттердің ренжуіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің халыққа дұрыс жағдай жасамауы да  себеп. Мысалы, көптеген емханада заманауи құрылғылар жоқ. МРТ, КТ, УЗИ аппараттарын іздеп, сабылып жүрген халық.  Болса да кезекке тұрады.  Содан МӘМС-ке қаржы аударған халықтың жүйкесі жұқарады.  Соңында ауруханаға жатуға келгенде жүйкелері жұқарып, ашуға булығып тұрады.  Соншама салпақтап жүргендеріне налып, жылап жіберетіндер де бар. 

Ал, біз ауруханаға жатқызған соң барлық жағдайды жасаймыз. Алдымен шаршаған адамды демалдыруға көңіл бөлеміз. Көбінесе тыныштандыратын дәрі береміз. Жанын емдемей тәнін сауықтыру мүмкін емес. Қазір дәрігерлердің  жалақысы көтерілген. Қалтасына ақша салу артық», – дейді ол. Дәрігердің айтып тұрғанының жаны бар. МӘМС-тің қызметі көңілге қонымсыз.  Көптеген аты дардай облыстық, қалалық деңгейдегі емханаларда заманауи жоғары  технологиялық аппараттар жоқ. Олар МРТ-ға түсу керек емделушіні жекеменшік емханаларға жібереді.  Сырқаттан жаны ауырып тұрған адам жекеменшік емханаға жол тартады. Мысалы, Ақсу ауданында аталмыш аппарат болған емес. Қан қысымы көтерілген, аяқ-қолы сынған, іш құрылысы ауырған адамдарға  50 шақырым қашықтықтағы жекеменшік емхананың  мекенжайын жазып беріп, аттандырады. Ол салпақтап Талдықорғанға келуі керек. Олар қай күнге кезекке қоятыны белгісіз.  Енді осыдан кейін МӘМС-тің жүйесі дұрыс деп айтып көріңізші. Елден түскен қаржы қайда кетіп жатыр? Неге түскен қаражатқа тұрғындардың қолжетімді ем қабылдауына жағдай жасалмайды. Мысалы, жұмыс берушілер медициналық мекемеге қаржы аударады. Ол мекемеде 40 адам жұмыс істейді дейік. Сол 40 қызметкердің 10-ы ғана емханаға баруы мүмкін. Жастар жыл бойы  бармайды. Сырқаттың өзі 40 жастан асқан соң шыға бастайды емес пе?! Оған бәріміз куәміз.   Маржан Тәшімова дәрігер айтпақшы,  жүйенің жұмысын  жақсарту керек. Сырқат адам учаскелік дәрігер, терапевт деп жүрмей бірден маманға баратындай жүйе қалыптасса. Мысалы, Түркия елінде міндетті әлеуметтік мекемеге қаржы құйсаңыз дәрігердің жазып берген дәрісін кез келген дәріханадан 80-90 пайыз жеңілдікпен аласыз.

Ал бізде ше? Дәріханалар бағаны бірінен-бірі қымбат қояды. Адамдардың денсаулық сақтау саласына ренжитін жөні бар ма? Бар, әрине. Мақала жазу барысында №1 емхананың дәлізіндегі өзін Қайрат Түндебай деп таныстырған азаматқа денсаулық сақтау саласының қызметіне көңіліңіз тола ма деген сауал қойдық. «Толымайды. Құлағым естімей бара жатыр. Қаралуға келсем дәрі мен құятын сұйықтық заттың атын жазып берді. Қымбат болса да сатып алдым. Түк те көмектеспеді. Күн өткен сайын құлағым естімей бара жатыр. Негізінде менің әкемнің құлағы естімейтін. Тұқым қуалайтын сырқат па деп қалдым. Бірақ, дәрігерлер тұқымыңызда осындай сырқат бар ма еді деп сұраған да жоқ. Бірден дәрі жазып берді. Бекер іштім-ау деп өкініп қалдым»,– дейді ол дәрінің керісінше әсер еткеніне налып.  Талдықорғандағы 6- шағынаудандағы емханаға бас сұқтық. Алғашқы кездескен адамға осындай сауал тастадық. Есімін Күләш деп таныстырды. «Былтыр басым айнала берген соң учаскелік дәрігерге келіп қаралдым.  Жекеменшік емханаға жолдама берді. Тегін ем жасайды деп. Дәрігер жазып берген дәрілер ол емханада жоқ екен. Орнына алмастыратын дәрі деп басқа ем жасады. Басым бұрынғыдан да қатты айналып, үйге жетіп, құладым. Дәрігер келгенше қол-аяғым жансызданып қалды.  Содан «Жедел жәрдем» көлігі облыстық ауруханадағы неврология бөлімшесіне апарды. Тексере келе қан тамырлары бітелген  деген нақтама қойды. Бірден дұрыс ем жасағанда жағдайым ауырламайтын еді», – дейді ол.

Міне, адамдардың дәрігерлерге ренжуінің басты себептері.  Медицинадағы кейбір жүйе көңілге қонымсыз. Сырқат жанға жылдам, нақты көмек көрсетілуі тиіс. Оны жоғарыда дәрігерлердің өзі де айтып тұр. Басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса алдымен Алла, содан кейін дәрігерді арқа тұтатынымыз анық. Ендеше, денсаулық сақтау саласы мамандарының да еңбегіне құрметпен қарайық, ағайын.

Гүлжан Тұрсын
Фото: ғаламтордан алынды

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қарыз таратып, қауышамыз ағайынмен

Қарыз таратып, қауышамыз ағайынмен

22.03.2026
Алакөлдіктер жыл басын сән-салтанатпен қарсы алды

Алакөлдіктер жыл басын сән-салтанатпен қарсы алды

22.03.2026
Жетісудағы Наурыз: Цифрлық киіз үй, робот-биші және дронмен жеткізілген бауырсақ

Жетісудағы Наурыз: Цифрлық киіз үй, робот-биші және дронмен жеткізілген бауырсақ

22.03.2026
Нарциссизм ұғымы қайдан шықты?

Нарциссизм ұғымы қайдан шықты?

22.03.2026
Мейрамның белгісі – семени

Мейрамның белгісі – семени

22.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.