Адам ағзасына дәрумендердің пайдасы зор, себебі олар ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті органикалық заттар болып табылады.
Дәрумендер әртүрлі физиологиялық процестерді реттеуге және ағзаның саулығын сақтауға көмектеседі. Әр дәруменнің ағзаға ерекше пайдасы бар. Мәселен, А дәрумені – көруді жақсартады, тері мен шырышты қабықтың саулығын сақтайды, иммундық жүйені реттеуге қатысады. С дәрумені – иммундық жүйені нығайтады, тері мен дәнекер тіннің денсаулығына ықпал ететін коллаген синтезіне қатысады, зиянды бос радикалдармен күресуге көмектеседі. D дәрумені – сау сүйектер мен тістерге қажет, қандағы кальций деңгейін реттеуге қатысады, иммундық жүйені қолдайды. Е дәрумені – антиоксидант, жасушаларды бос радикалдардың зақымдануынан қорғауға көмектеседі, тері мен шаштың денсаулығын жақсартады. К дәрумені – қанның ұю процесіне қатысады, сүйектерді сау сақтауға көмектеседі.
Дәрумендердің жалпы пайдасы – энергия өндіреді, иммундық жүйені нығайтады, жасушаларды қалыпқа келтіреді, тері, шаш пен тырнақтың саулығын, сүйектер мен бұлшықеттердің беріктігін сақтайды.
Дәрумендер ағзаға көп мөлшерде қажет емес, алайда олардың жетіспеуі денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Сол себепті теңгерімді тамақтану және табиғи көздерді пайдалану өте маңызды.
Аружан КАКИМБАЕВА,
ШЖҚ «Талдықорған жоғары медициналық
колледжі» МКК Сд 512-топтың студенті
Айсұлу БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ, жетекшісі





