Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЕКПЕГЕ КЕЗЕК КӨБЕЙДІ

28.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ЕКПЕГЕ КЕЗЕК КӨБЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам өміріне аса қауіпті коронавирус инфекциясына қарсы тұрудың бірденбір жолы – вакциналау екендігін ел-жұрт жете түсініп, осы күні екпе алуға ынталылар қатары- ның артқандығын Талғар аудандық орталық ауруханасына барғанда анық байқадық. Мұнда «Covid – 19» вакцина орталығы ашылып, аудан тұрғындарына санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай профилактикалық егу жұмыстары қарқын алған. Ертемен екпе алуға келгендерге «Спутник – V» вакцинасы салынуда. Вакциналау орталығында адам қарасы өте көп болды. Оның себебін тұрғындардың алдын ала жазылған күннен бұрын келуімен байланыстырды.

– Ауданда 14 екпе орталығы жұмыс істеуде. Талғар ауданына 9 150 вакцина келсе, соның 8750-і егілді. Бүгінгі таңға 400-і ғана қалды. Күнара вакцина жеткізілуде. Осы уақытта ресейлік «Cпутник – V» вакцинасы екі компонент бойынша салынуда. Одан асқынулар немесе кері әсер байқалған жоқ. Тиімділігі 90,6 пайызды құрайды. Осы күні аудандағы дәрігерлердің 90 пайызы екпе алды, – деген аудандық орталық аурухананың бас директоры Хасен Дәсібеков ауданда барлық стандартқа сай келетін 4 тоңазытқыш барын тілге тиек етті. Соған қоса, пайдалануда 12 автоконтейнер бар болса, жуырда мемлекеттік сатып алу бойынша тағы да 15 автоконтейнерге толыққан.

– Алдағы уақытта отандық «QazVaс» вакцинасын егуді бастаймыз. Қазіргі жағдайда ауруханада 280 адам жатыр, 286 адам үйінде ем алуда, ал 700 адам аурулармен байланысты болғандар, – деген бас дәрігер Хасен Әжібекұлы жақыныңа жанашыр болып, індеттен сауығып, қалыпты өмірге оралу үшін вакцина алудың маңыздылығы мен тиімділігін атап өтті.

«Спутник – V» вакцинасы екі компонент бойынша салынуда. Вакцина алуға келгендер ең алдымен дәрігерлік бақылаудан өткен соң ғана екпе алуға барады. Мұнда алдымен екпе алушының анкетасы толтырылады, онда созылмалы ауруының бар-жоғы, қан қысымы мен сатурациясы өлшенеді. Екпеден кейін де жарты сағат оқшауланып, дәрігерлердің бақылауында болады.

– Мен өзімнің және жақындарымның саулығын сақтау үшін вакцина алуға келіп тұрмын. Өзім бұрын да мейірбике боп қызмет еткенмін. Қазір жасым 74-те, соған қарамастан екпе алуға ниет еттім, – дейді талғарлық зейнеткер Лидия Тижова.

Екпе алушылардың қатарында зейнет жасындағы егде адамдардың басымдығын байқадық. Солардың бірі Наталья Айдарбекова да айналасындағы адамдардың амандығы үшін екпе алуға келгендігін ашып айтты. Тіпті, вакцина алған Гүлнар Оңқашова өзінің Қаскелең қаласынан келгенін, вакцинадан кейінгі жарты сағаттық бақылауда отырғанын, денсаулығында ешқандай өзгеріс байқалмағанын айтып, халықты вакцина алудан қорықпауға шақырды. Перизат Әмірова сынды тәжірибелі мейірбике күніне 60 адамға дейін екпе салады екен. Ал терапевт-дәрігер Майнұр Әділова осы уақыт аралығында екпе алғандардың ең үлкені 88 жаста болса, ең кішісі 18 жаста болғанын жасырмады. Олар ерікті түрде келіп, екпе алғандар.

Жалпы, халыққа ыңғайлы болу үшін Талғар қаласы бойынша орталық аурухана мен Гагарин көшесіндегі №9 және Қарасай батыр көшесіндегі №6 орта мектептерден барлығы 3 вакциналау орталығы қалыпты жұмыс істеп жатқанын және талғарлық тұрғындарға екпе алудың маңыздылығы жайлы ақпараттық-түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылғаны жайында Талғар қаласының әкімі Айдар Нұрмұханбедов баян етті. Шалғай ауылдардың тұрғындарына медициналық сапалы қызмет көрсету мақсатында жылжымалы диагностикалық медициналық кешен іске қосылғаны белгілі. Заманауи үлгідегі бұл автомедициналық кешенде гинеколог, терапевт, онколог және рентгенологтің қызмет көрсетуіне мүмкіндік бар. Бүгінде бұл жылжымалы медициналық орталық адамдар көп қатынайтын «Магнум» сауда кешенінің маңына қойылып, тұтынушыларды, сондай-ақ, Бесағаш ауылының тұрғындарын вакциналау жұмысына жұмылдырылған. Сонымен, жоғарыда атап өткеніміздей, Талғар ауданында екпе салу жұмыстары қарқынды түрде жалғасын табуда.

Ұлбосын ИСАБЕК
Талғар ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.