Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

05.11.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері қаралды.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай бойынша денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсаруы жалғасып жатқанын айтты. Оның айтуынша, барлық өңірде ауру деңгейі, стационарлық және амбулаториялық емдеудегі ауыр жағдайлар санының төмендеуі байқалады. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,93, инфекциялық төсек-орын жүктемесі   33, реанимациялық төсек-орын жүктемесі 27 пайызды құрап отыр. Коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «жасыл аймақта» Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары, «сары аймақта» – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. «Қызыл аймақта» Қостанай, Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары қалады. Бүгінгі күні 8,3 млн. астам адам вакцинаның бірінші компонентін, 7,5 млн. астам адам екінші компонентін алды. Көрші елдердегі күрделі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Үкімет басшысы барлық өңірлерде шектеу шараларының сақталуын және мониторинг топтарының күшейтілген жұмыс режимін қамтамасыз етуді тапсырды. 
Ал экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев, Ауылшаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров және Ақтөбе, Атырау, Қарағанды облыстарының әкімдері баяндады. 
Жуырда Глазго қаласында өткен БҰҰ СОР26 саммиті шеңберінде Қазақстан климаттың өзгеруіне қарсы күреске бейілділігі туралы ұстанымын растады. Қазақстан парниктік газ шығарындыларын 15 пайызға азайту міндеттемесін қабылдай отырып, Париж келісімін әлемде алғашқылардың бірі болып ратификациялады. ҚР алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалған үлес (ҰДАҮ) жаңартылды, сондай-ақ, жаңа Экологиялық кодекс қабылданды. 2030 жылға қарай жаңартылатын көздерден алынатын энергия үлесі, 2025 жылға қарай 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу есебінен көміртекті сіңіру әлеуеті артады. Ал 2060 жылға қарай Үкімет энергетика, өңдеу өнеркәсібі, ауыл және орман шаруашылығы, көлік, ТКШ және қалдықтарды кәдеге жаратуға баса назар аудара отырып, экономиканың барлық секторында елеулі реформаларды көздейтін стратегиялық құжат әзірлеуде. БҰҰ СОР26 саммитінің қорытындысы бойынша Қазақстан орман және жерді пайдалану жөніндегі декларацияға, сондай-ақ, жастарды оқыту және тарту жөніндегі міндеттемеге қосылды. 2022 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында қоқысты қайта өңдеу зауыттарын салу жобалары іске асырыла бастайды. Атмосфералық ауа сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, елдің су объектілерінің экожүйелерін, биоалуантүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту жөніндегі шаралар «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасында көзделген. 
Баяндамашылардан соң Премьер-Министр Асқар Мамин 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көміртектік бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Стратегияның пысықталған жобасын енгізуді, қолданыстағы заңнаманың жаңа талаптарына сәйкес құрылыс полигондарын құру мәселесін пысықтауды, жеке сектор мен шаруашылық жүргізуші субъектілерді газдандыру мәселелерін жандандыруды, экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі Жол карталары шеңберінде 2021 жылға жоспарланған барлық іс-шараның орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Қажет АНДАС

Қатысты жаңалықтар

Мектептер алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады

Мектептер алты күндік оқу аптасына көшу туралы шешімді өз бетінше қабылдай алады

20.03.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз»

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ғылымды арқау еткен аумақтар құру – біздің стратегиялық басымдыққа ие мақсатымыз»

20.03.2026
Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап

Сенат Төрағасы: Жаңа Конституция – дәуірдің сыртқы сын-қатерлеріне берілген жауап

20.03.2026
Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

Президент қаржыны бақылауды күшейтуді талап етті

20.03.2026
«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.