Өткен тәулікте Алматы облысында 89 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Соның ішінде Талдықорған қаласында – 18, Панфилов ауданында – 15, Текелі қаласында – 8, Алакөл ауданында – 7, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Кербұлақ және Ұйғыр аудандарында 6 жағдайдан, Жамбыл, Іле аудандарында 5 жағдайдан, Талғар ауданында – 4, Қарасай ауданында – 2, Кеген ауданында 1 жағдай тіркелді. Сондай-ақ, өткен тәулікте 57 адам емделіп шықты.
Қазіргі таңда облыста 1060 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 98 адам түсті. Ауруханалардағы төсек-орын саны — 2245. Төсек-орын жүктемесі – 47,2 пайыз.
Соңғы 3 күнде 7096 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 817 301. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 1938. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 740 609. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2125.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





