Талдықорған: -11°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Коллаген – ағзаға болады ем

11.03.2026
ДЕНСАУЛЫҚ, ЖАҢАЛЫҚТАР
Коллаген – ағзаға болады ем
WhatsAppTelegramFacebook

Соңғы жылдары коллаген сөзі сұлулық пен денсаулық саласында ең көп айтылатын ұғымдардың біріне айналды. Ол адам ағзасының қалыпты қызмет атқаруы үшін аса маңызды құрылымдарының бірі. Ағзадағы барлық ақуыздың шамамен 30 пайызын құрайды.

Коллаген тері, сүйек, шеміршек, сіңірлердің серпімділігін қамтамасыз етеді. Оның арқасында тіндер өз пішінін сақтап, түрлі механикалық әсерге төзімді болады. Коллаген молекуласы спираль тәрізді құрылымға ие. Ол амин қышқылдарының үш тізбегінен тұрады. Осындай ерекше құрылым оның өте берік әрі тұрақты болуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, коллаген ағзадағы қалпына келу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Жарақаттан кейінгі тіндердің жазылуына, зақымдалған жасушалардың қалпына келуіне және терінің жаңаруына көмектеседі.

Қазіргі медицинада коллагеннің 28-ге жуық түрі белгілі. Алайда олардың ішінде адам ағзасында ең жиі кездесетін бірнеше негізгі түрі бар. Бірінші тип – ең көп таралған түрі. Ол теріде, сүйектерде және сіңірлерде кездеседі. Бұл коллаген терінің тығыздығы мен серпімділігін сақтауға ықпал етеді. Екінші тип – шеміршек тінінде орналасады. Ол буындардың дұрыс жұмыс істеуіне және олардың икемділігін сақтауға көмектеседі. Үшінші тип – теріде, бұлшық еттерде және қан тамырларында. Бұл коллаген қан тамырларының беріктігін арттырып, терінің серпімділігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Коллаген негізінен төрт амин қышқылынан тұрады. Олар – глицин, пролин, гидроксипролин және гидроксилизин. Алғашқы үш амин қышқылын адам ағзасы өздігінен синтездей алады. Ал лизин амин қышқылы тағам арқылы түсуі қажет. Сондықтан дұрыс және теңгерімді тамақтану коллагеннің қалыпты деңгейде болуына ықпал етеді.

Адам ағзасында коллаген табиғи түрде түзіледі. Дегенмен уақыт өте келе оның мөлшері азая бастайды. Әдетте 25 жастан кейін коллагеннің түзілуі біртіндеп төмендеп, жылына шамамен бір пайызға азаяды. Соның салдарынан терінің серпімділігі төмендеп, әжімдер пайда болады. Сонымен қатар, буындар мен шеміршек тіндерінің әлсіреуі де байқалуы мүмкін. Коллагеннің азаюына тек жас ерекшелігі ғана емес, басқа да факторлар әсер етеді. Олардың қатарында дұрыс тамақтанбау, күйзеліс, ұйқының жеткіліксіздігі, темекі шегу, күн сәулесінің шамадан тыс әсері және қолайсыз экологиялық жағдайлар бар.

Коллаген деңгейін қалыпты сақтау үшін ең алдымен дұрыс өмір салтын ұстану. Тамақ рационында ақуызға бай тағамдардың болуы маңызды. Мәселен, балық, ет, жұмыртқа, сүйек сорпасы, желатинге бай тағамдар ағзадағы коллагеннің түзілуін толтырады. Сонымен қатар, С дәруменіне бай көкөністер мен жемістер де коллаген синтезін жақсартады. Соңғы уақытта коллаген қоспалары да көптеп шығарылуда.

Коллаген – тек сұлулықтың ғана емес, жалпы денсаулықтың да маңызды негіздерінің бірі. Оның жеткілікті мөлшерде болуы терінің, буындардың, сүйектердің және басқа да тіндердің қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі. Сондықтан дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану және ағзаға қажетті дәрумендер мен қоректік заттарды уақытылы қабылдау – коллаген деңгейін сақтаудың басты кепілі.

Мөлдір ТІЛЕУХАНҚЫЗЫ,
Талдықорған қалалық емханасының
терапевт дәрігері

Қатысты жаңалықтар

Әкеге қарап  ұл өсер

Әкеге қарап ұл өсер

11.03.2026
Коллаген – ағзаға болады ем

Коллаген – ағзаға болады ем

11.03.2026
Бірлік пен құқық қадамы

Бірлік пен құқық қадамы

11.03.2026
Бейбіт Исабаев облыс тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бейбіт Исабаев облыс тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

11.03.2026
Саяси үдеріске үн қосады

Саяси үдеріске үн қосады

11.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.