Соңғы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ (коронавирустық инфекция) жұқтырудың зертханалық расталған 17360 дерегі тіркелді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.
Соңғы тәулікте ауырғандар саны — 226, өсім деңгейі – 1,3 пайызды құрады. Соның ішінде Талдықорғанда — 53, Еңбекшіқазақ ауданында — 33, Панфилов ауданында — 29, Іле ауданы — 27, Талғар ауданында — 23, Жамбыл және Көксу аудандарында — 16-дан, Қарасай ауданында — 10, Ескелді ауданында — 5, Ақсу, Балқаш, Кербұлақ аудандарында — 3-тен, Ұйғыр ауданында және Қапшағай қаласында — 2-ден, Алакөл ауданында — 1 жағдай расталды. Олармен 415 адам байланыста болған, барлығы үй карантинінде, медициналық бақылауға алынған.
Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 3038 дерегі тіркелген, соңғы тәулікте 78 адам ауырған: Қарасай ауданында — 32, Қапшағай қаласында — 25, Талдықорған қаласында — 10. Еңбекшіқазақ ауданында — 6, Жамбыл ауданында — 3, Райымбек және Ақсу аудандарында — 1-ден. Олармен 123 адам қарым-қатынаста болған, барлығы да медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде. ПЦР тәсілімен зертханалық тексеруден 552 мың 907 адам өтті, соңғы 3 күнде тексерілгендер саны — 7190.
Ауруханаларда 2510 адам ем алуда, олардың 25-інің жағдайы ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 241 адам түскен. 198 адам жазылып шықты. Инфекциялық төсен-орынның толымдылығы — 61 пайызға жетті.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





