Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

КОРОНАВИРУС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚАЙДАН ТАРАЙДЫ?

10.07.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
КОРОНАВИРУС: ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚАЙДАН ТАРАЙДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

Бұл – ақпарат ғасыры. Ақпараттың көптігінен кейде қайсысының пайдалы, қайсысының зиян, жалған немесе анық екенін ажырата да алмай қаласың. Күніміздің көп бөлігі осы ақпараттарды меңгерумен, қорытумен, оны санаға сіңірумен кетеді десек, жалған айтпаған болармыз. Бүгін әлемді жайлаған тәжвирусына орай да әртүрлі ақпарат, насихат пен пікірлер орын алуда.

Күн сайын түрлі сенсациялық жаңалықтар шығып, жағаңды ұстауға дейін барасың. Тіпті, бұған да етіміз үйреніп, бүгін тағы не болар екен деп күнімізді ақпарат күтумен өткізетін жағдайға жеттік. Оның санамызды торлап алғаны соншалық, аспандағы бұлтқа да, жауған жауынға да күмәнмен  қарайтын болдық. «Өткен аптада жауын емес, вирус жауыпты, анау тұрған тұман емес, жоғарыдан шашылған індет» деген сөздерге сенбейін десең де құрғыр көңіл алаңдап қалатындай. Өйткені, жеткізушілер оны тайға таңба басқандай, өздері көзбен көргендей етіп, әсерлеп әңгімелеп береді. Нақты авторы жоқ, «ватцап, инстаграмм, телеграмм» сынды әлеуметтік желілерде желдей ескен осындай жазбаларда есеп жоқ.

«Бұл індет жер бетіндегі адамзаттың қатарын азайту мақсатында ойлап табылған, қай елде адам шығыны көп болса сол мемлекетке 3 млрд. доллар беріледі» деген ақпаратқа не дейсіз? Осы пандемияны «адамдарға чип салып, қайда, не істеп жүргендігін білу үшін қолдан жасап отыр» дегенге сенесіз бе? Бұған дейін «коронавирус жоқ, ойлап табылған, адамдарға коронавирус деп жалған диагноз қойылуда», «індетке шалдықтым деп айту үшін миллион теңгеден төлеп жатыр», «өлген адамдардың қатары сол жылдағы көрсеткіштен аспаған, уақыты жетіп қайтқандарды да коронавирус деп шығарып жатыр», «ауырмаған адамдарға да індетке шалдықтың деп жалған диагноз қоюда» деген де алыпқашпа әңгімелер орын алды. Қазіргі уақытта бұл сөздердің жалғандығы, тәжвирусының жоқ емес, бар екені дәлелденді. Оған өзіміздің жақындарымыз, таныстарымыз шалдығып, аурухана төсегінен бір-ақ шыққанда сене бастадық. Мемлекет басында жүрген адамдардың өздері осы індетке шалдығып жатқанда осының бәрі халыққа зиян тигізу үшін жасалып жатыр деп айта аламыз ба? Жоқ, әрине. Біз білмейтін тылсым нәрсенің болып жатқаны анық. Мүмкін, мұның бәрі бізге Алланың жіберген сынағы шығар. Мойындауымыз керек, соңғы  кезде тым ашкөз болып кеттік. Қайырымдылық, жанашырлық, бауырмалдық деген қасиеттен айырылдық. Басқаны айтпағанда туған ата-ана, туыс-бауырға жат болып кеттік. Санамызды билегені ақша, жақсы тұрмыс, байлық, бақуаттық. Осы жолда түрлі жымысқы әрекеттерге барамыз. Қоғамды жемқорлық жайлап, онымен күрес өміріміздің басты мақсатына айналды. Ғаламтор желісіне жұмыс іздеп кірсеңіз араның ұясындай құжынап, алдап нәпақа табу мақсатындағы арсыз адамдардың әрекетіне тап боласыз. Бүгінде ақша табудың алты әкесі, жеті көкесі осы ғаламтор болып тұр. Қаржы пирамидасы дейсіз бе, жұмыс берем деп тауарын алдап сатып алуға жетелейтін ұйымдар, «жалға пәтер, пайызға ақша беремін» деп торға түсірмекші болғандардың бәрі де осында жүр. Адамдардың осындай жаман, ниет пейілінен де бүгінгідей адамзат құрықтай алмайтын індет, түрлі табиғи апаттар орын алып жатыр ма деген ойға қаласың. 

Тарихқа үңілсек, адамдар әр ғасырда түрлі сынақты басынан кешірді. Оба, ашаршылық, репрессия, соғыс. Енді, міне, мылтықсыз майдан басталды. Ол көзге көрінбейтін  вирус деген жаумен айқас. Мұны адам ойлап тапты десек те, Алланың қалауынсыз ештеңе болмайды емес пе? «Құдайсыз қурай да сынбайды» деуші еді ғой үлкендер. Міне, осындай кезеңде керегі – сабырлық, ұстамдылық. «Түймедейді түйедей қылып» өршітіп, түрлі  ақпараттар таратып,  алып-қашпа әңгімелер шығарудың қажеті жоқ. Шыны керек, шығып жатқан ақпараттың көптігінен кімге сенеріңді, кімге сенбесіңді білмей дал боласың. Бұл – әрбір қазақстандықтың басындағы дүние. 

Тіпті, «Коронавирусқа тапсырылатын тест таяқшасы да осы індетті таратады. Сол үшін мәжбүрлі түрде тест тапсыртуда» деген де қаңқу сөз ел арасын кезіп жүр. Онсыз да халық арасында дүрбелең туып жатқан тұста осындай орынсыз ақпаратты кімдер таратады деген ой әркімнің көкейін тілгілері анық. 

Бұдан басқа да коронавирусқа қатысты дәрігерлер айтты деген де түрлі ақпарат, індетті қалай емдеу керектігі туралы жазбалар көп. Егер оны жолдаушы нақты дәрігерлер болса неге атын айтып, түрін көрсетпейді?! Мұны таратушылар халықты адастырғысы келетіндер, ел арасына дүрбелең туғызуға, өздерінше «фейк» жасауға құмар жандар десек болады. Мұндай жағдайда ең дұрысы – осының ішінен санаға қонымды, ақылға сыйымды деген кеңестерді ғана көңілге тоқып, керек емес дүниені ойдан алып тастау. Бүгінде ауырып қалған жағдайда қандай дәрі ішіп, қалай емделу керектігі туралы кеңес беретін «Жедел жәрдем» қызметінің Call орталықтары әр облыста ашылып, телефон арқылы қызмет көрсетуде. Делсал күй кешіп, тамағыңыз ауырып, мұрын бітеліп, жөтел қысса, осы орталыққа хабарласқандарыңыз абзал. Дәрігерлердің айтуы бойынша тәжвирусының ең басты белгісі адамдардың иіс, дәм сезу қабілетінің төмендеуі екен. Егер бойыңыздан осындай өзгерісті байқасаңыз бірден дәрігер көмегіне жүгініңіз. Тек телеарнадан берілген, газетке жарияланған нақты авторы бар ақпараттарға ғана сеніп, осындай қиын-қыстау кезеңде сабыр сақтап, еліміздің амандығын бір Алладан сұрап, бір-бірімізге тілекші болып, жақсы ой ойласақ, бұл сынақтан да өтерміз.

Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ
Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Сандық — ұлт жадының қазынасы

Сандық — ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026
2026 жылы қазақстандықтарға 112 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

2026 жылы қазақстандықтарға 112 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

14.03.2026
Өзіңді жоғалтып алма

Өзіңді жоғалтып алма

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.