Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

«ҰЛҒАЙТАМЫЗ»: САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?

03.06.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
"ҰЛҒАЙТАМЫЗ": САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙДЫ?
WhatsAppTelegramFacebook

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (ӘМСҚ) КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы барысында ауруханалар мен емханалардың қаржылық көрсеткіштеріне валюта бағамының өзгеруі, іскерлік белсенділіктің құлдырауы, халық пен бизнестің кейбір санаттары үшін медициналық сақтандыру, жарна төлемдері бойынша шегерулер қарастырылғандықтан және карантин тәртібінде медициналық көмектің кейбір түрлерінің қысқаруы өз әсерін тигізгендігін мәлімдеді.

Қор басшысы «Аталған себептердің барлығы Қор қызметіне айтарлықтай салмақ түсірді. Осыған қарамастан, Қор медициналық ұйымдарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында және азаматтардың медициналық қызметтерге қол жеткізу үшін дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырады. МӘМС жүйесіне түскен қосымша жүктеме жалпы 134 млрд-тан астам теңгені құрайды», – деп атап өтті.

Қор медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, барлық медициналық қызмет жеткізушілерін шартты түрде төрт топқа жіктеді:

I топ – жан басына шаққандағы қаржыландыруға негізделетін және орындалған қызметтердің көлеміне байланысты емес медициналық ұйымдар. Бұл алғашқы медициналық-санитарлық көмек (емханалар), жедел жәрдем, онкология, психиатрия, тубдиспансерлер және басқа ұйымдар, сондай-ақ, ұсынылатын медициналық көмек көлемін төмендетпеген медициналық ұйымдар. Олар бойынша қаржыландыру толық көлемде сақталады. Сондай-ақ, инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта төлем тарифтерін арттыру жоспарлануда. Бұл топқа медициналық қызметтерді жеткізушілердің 80 пайызы кіреді.

IІ топ – бұл COVID-19 бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге жұмылдырылған және тиісінше жеткіліксіз қаржыландырудың ең аз тәуекелдері бар медициналық ұйымдар. Алайда, оларда жоспарланған медициналық көмектің өзге көлемін орындамау қаупі бар.

— Ал ІІІ топ — карантинге байланысты көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде жоспарлы емнің төмендеуін болжайтын медициналық ұйымдар. Осыған байланысты бірқатар іс-шара дайындалған: қосымша аванспен қаржыландырылды, аванс алу кестесі өзгертілді, сондай-ақ екінші тоқсанда орындалмайтын қаржыландыру көлемі 2020 жылдың екінші жартысына үлестіріліп бөлінді. Осылайша медициналық ұйымдар өздерінің жылдық көлемін орындай алады. Оған қоса инфляцияны өтеу үшін екінші жартыжылдықта көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеу тарифтерін ұлғайтамыз, – деді Айбатыр Жұмағұлов.

IV топқа толықтай қаржыландырыла алмау тәуекелі бар консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсететін медициналық мекемелер жатады. Үшінші топқа қатысты қолдау шаралары екінші және төртінші топтарға да қолданылады.

Естеріңізге сала кетсек, 22 мамырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің құрамына денсаулық сақтау саласының сарапшылары Мақсұт Құлжанов, Абай Байгенжин, Юрий Пя, Нұрлан Батпенов, Серік Ақшолақов, сондай-ақ саясаттанушылар, экономистер, қоғамдық пікір көшбасшылары мен журналистер Айдос Сарым, Игорь Шахнович, Игорь Неволин, Расул Рысмамбетов, Расул Жұмалы, Марат Қайырбеков, Андрей Чеботарев және басқалар кірді.

«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті

Жетісуда жастарға арналған профилактикалық кездесу өтті

14.03.2026
Амал келді, жыл келді

Амал келді, жыл келді

14.03.2026
Жаңа туынды

Жаңа туынды

13.03.2026
Қауіпсіздік қалқаны

543 адам тіркелді

13.03.2026
Ел игілігін еселейтін қадам

Ел игілігін еселейтін қадам

13.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.