Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ІЛЕ АУДАНЫНДА ТӘЖТАЖАЛҒА ҚАРСЫ 70 МЫҢДАЙ АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ

14.08.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ІЛЕ АУДАНЫНДА ТӘЖТАЖАЛҒА ҚАРСЫ 70 МЫҢДАЙ АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Еліміздің барлық аймақтарындағыдай, Іле ауданында да коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып тұр. Пандемия басталғаннан бері аудан бойынша зертханалық расталған 3065 КВИ жағдайы тіркелген. Осы жылдың қаңтар айынан 12 тамызға дейін 2567 КВИ жағдайы анықталып отыр.

– Биылғы жылдың 3 наурызынан аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясына қарсы  екпе егу науқаны басталды, – дейді  аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағила Әбеуова. – Екпе жұмыстары тұрғындар арасында ұжымдық иммунитетті қамтамасыз етіп, КВИ ауруын, одан болатын өлімді азайтуға ықпал ететінін түсіну керек. Тұрғындарды вакциналау – карантиндік шектеусіз, әдеттегідей өмір сүруімізге мүмкіндік береді. Адамзат атаулы осы вакциналау арқылы жыл сайын мыңдаған адамдардың өмірін қиятын шешек ауруын болдырмауға қол жеткізді. Осының нәтижесінде қазіргі таңда дифтерия, сіреспе, қызылша, қызамық, көкжөтел, полиомиелит жұқпалы аурулары сирек кездеседі. Демек, әлемді әбігерге түсірген мына тажалды тоқтатудың да бірден-бір жолы – екпе қабылдау.

Міне, осы мақсатта бүгіндері ауданда 18 жастан жоғары барлық тұрғындарға коронавирус инфекциясына (СОVID–19) қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Жұртшылыққа  екпе жүргізу үшін 16 медициналық мекемеде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына толықтай сай келетін вакцинация жүргізу орталықтары ұйымдастырылған. 2021 жылдың 3 наурызы мен 12 тамыз аралығында ауданда вакцинаның 1-ші компонентімен 69445, екінші компонентімен 50706 аудан тұрғындары егілді. Аудан бойынша екпе алғандардың арасынан ауыр зардап шеккендер  тіркелген жоқ. 

Бағила Жүнісқызы сонымен қатар  өңірде коронавирусқа қарсы вакциналау белсенді түрде жүргізілген өнеркәсіп-мекеме басшыларын да атап өтті. Олардың қатарында «АлЭС» акционерлік қоғамына қарасты 3-ші Жылу электр станциясы» (Салимов Ф.), «Дольче фарм» (Макишева С.), «Алель Агро» (Жатақбаева Р.), «Галанс ботлерс» ЖСШ (Раисова К.), «Алатау құс» кәсіпорны (Курмашева Ж.), «Шин-лайн» ЖШС (Пак В.), «Мега Лес» ЖШС (Кинигопуло Ю.) сияқты ірі өндіріс  орындары  бар. Аталған мекемелерде 90 пайыздан астам жұмысшылар коронавирусқа қарсы екпе алып үлгерген. Сонымен қатар, ауданда халыққа қызмет көрсету мекемелерінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сауда, қоғамдық тамақтану орындарында, мәдениет және демалыс нысандарында, қонақүйлерде,  білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында, медициналық мекемелерде  жұмысшылар коронавирусқа қарсы егілген.

Екпе жұмыстары, ең алдымен, халықтың денсаулығын сақтауға, мезгілсіз өлімді болдырмауға бағытталғанын түсіну керек. Осы орайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен вакцинаның толық курсын алған құжаттық дәлелдемелері бар (вакцинаның екі дозасы) адамдарға келесі жеңілдіктер қарастырылғанын да біле жүрген жөн:

Атап айтқанда:
– жұқпа жұқтырған адамдармен байланыста болса да, 14 күнге карантинге жатқызылмайды, тек қана дәрігер байқауында болады;
– ауруханаға жатқызу кезінде коронавирус ПТР тестін тапсырмайды;
– қашықтағы жұмыс форматына көшірілмейді;
– балалар үйіне, қарттар үйіне және «Ашық» жобасы бойынша жұмыс істейтін медициналық мекемелерге емін-еркін бара алады.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Іле ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

Жүргізуші куәлігінің «қара базары»: ҰҚК ірі жемқорлық желісін әшкереледі

19.03.2026
«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

«Көктем-2025» мерзімді әскери қызметшілерін шығарып салу рәсімі өтті

19.03.2026
Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

19.03.2026
Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

19.03.2026
«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.