Талдықорған: -3°C
$ 526.79
€ 606.34
₽ 6.51
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

МӘМС реформасы: Қазақстанда медицина жүйесі жаңарады

11.08.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
МӘМС реформасы: Қазақстанда медицина жүйесі жаңарады

Коллаж: baq.kz

WhatsAppTelegramFacebook

2025 жылдың 14 шілдесінде Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы Заңға енгізілген маңызды өзгерістерге қол қойғаны белгілі. BAQ.KZ тілшісі жүйедегі өзгерістерге шолу жасап көрді.

Жаңашылдықтың басты мәні – бюджет мүмкіндіктері мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, бірыңғай базалық мемлекеттік медициналық көмек пакетінің құрылуы. Бұл қадам денсаулық сақтау жүйесін тұрақты, әділ және қолжетімді етуге бағытталған.

Негізгі мақсат – біртұтас әрі ашық жүйе

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Шоманованың айтуынша, реформа Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қолға алынған.

Бюджет мүмкіндіктері мен міндеттемелерін ескере отырып, біртұтас базалық мемлекеттік медициналық көмек пакеті біртіндеп қалыптасады. Ал осы тізімге кірмеген қызметтер сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылады, – дейді ведомство өкілі.

Пакетті құруда халықаралық тәжірибе ескерілді. Мәселен, Ресей мен Эстонияда базалық пакетке туберкулез, АИТВ/ЖИТС, психикалық аурулар мен санитарлық авиация кіреді. Литвада тек жедел көмек ұсынылса, Германия мен Нидерландыда – мейірбикелік күтім қамтылады. Ал Қазақстанда бұл тізім әлдеқайда кеңейтіліп отыр.

2025 жылдан бастап не өзгереді?

Келер жылдан бастап Бірыңғай базалық мемлекеттік медициналық көмек пакеті 13 әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеуді жалғастырады. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразалиева түсіндіріп берді. Олардың қатарында:

  • туберкулез,
  • АИТВ/ЖИТС,
  • бауырдың созылмалы вирустық гепатиті мен циррозы,
  • психиатрия/наркология,
  • онкология (онкогематология),
  • сирек кездесетін аурулар,
  • жедел миокард инфаркті,
  • қант диабеті,
  • ревматизм,
  • ДЦП,
  • жүйке жүйесінің дегенеративті және демиелинизациялайтын аурулары,
  • дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы.

Сонымен бірге 9 ауру тобы динамикалық бақылауға алынады: аритмия, жүрекшелердің дірілдеуі, артериалдық гипертензия, төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары, гломерулярлы аурулар, брахиоцефальдық артериялардың экстракраниалды аурулары, жүректің ишемиялық ауруы, созылмалы интерстициальды нефрит, жүрек қақпақтарының зақымдануы, эпилепсия кіреді, — деп атап өтті қор өкілі.

Бұл пакетке жедел медициналық көмек, инфекциялық ауруларды емдеу, амбулаториялық диализ, шұғыл жағдайларда жоғары технологиялық медициналық көмек, шетелде емделу, қан препараттарымен қамтамасыз ету, паллиативті көмек, мейірбикелік күтім, патологоанатомиялық диагностика және сақтандырылмағандарға арналған жедел стационарлық көмек кіреді.

МӘМС-ке өтетін қызметтер

2025 жылдан бастап ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі) пакетінің бір бөлігі МӘМС жүйесіне ауысады. Мәселен, 13 ауру түрі – артропатия, дорсопатия, бауыр аурулары, қалқанша безінің аурулары, отадан кейінгі жүрек ақаулары және басқалары сақтандыру есебінен көрсетілетін болады.

Биыл 1 қыркүйектен бастап барлық онкоскринингтер ТМККК пакеті аясында тегін жүргізіледі. Сондай-ақ жаңа қызметтер қатарында брахиоцефальдық артериялардың ультрадыбыстық зерттеуі мен амбулаториялық коронарография бар.

2026–2027 жылдарға жоспар қандай?

2026 жылдан бастап 11 әлеуметтік маңызы бар ауруға күдік туындаған жағдайда тегін диагностика қолжетімді болады. Скрининг ауқымы да кеңейеді: қан айналымы жүйесінің аурулары, қант диабеті, глаукома, В және С гепатиттерін тексеру енгізіледі. МӘМС пакетіне ревматизм, жүйке жүйесінің аурулары, ДЦП, қант диабеті сияқты 26 созылмалы ауру енеді.

2027 жылы МӘМС аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) және 11 әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеу мен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қосылады.

Нәтижесінде қаржыландыру екі бөлікке бөлінеді:

  • мемлекет кепілдік беретін пакет – 35%,
  • сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландырылатын бөлік – 65%.

Бұл – медициналық көмекті қолжетімді, әділ және ұзақ мерзімді тұрақты етуге мүмкіндік беретін теңдестірілген шешім, — дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми өкілі Забира Оразалиева.

МӘМС қамту ауқымы артады

Қазір Қазақстанда шамамен 3,4 млн адам сақтандырылмаған. Оның 1 миллионы әлеуметтік әлсіз топтар мен жұмыссыздар санатында (D және E) және олардың сақтандыруы жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бұл қадам Үкімет пен Қаржы министрлігінің қолдауымен атқарылып жатыр.

2025 жылы МӘМС жүйесімен қамту 95%-ға жетеді деп күтілуде (2024 жылы – 83%). 15 жеңілдік санатындағы 12,1 млн азаматтың жарнасын мемлекет төлейді.

Мемлекеттік кепілдік пен сақтандыру жүйесінің үйлесімді жұмысы нәтижесінде қазақстандықтар үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі артып, әлеуметтік әділдік қағидаты күшейеді. Бұл – денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы мен халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді қадам.

Қатысты жаңалықтар

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

300 мыңға жуық педагог жасанды интеллектіні қолдану бойынша тегін курстан өтті

07.11.2025
Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

Енді өтінімдердің орындалу барысын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы бақылауға болады

07.11.2025
Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

Жетісу университетінде полиция мен кинологтар студенттерге шеберлік көрсетті

07.11.2025
Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылғанын хабарлады

Жұлдыз Сүлейменова «Мақсатты мектеп» жобасының тоқтатылғанын хабарлады

07.11.2025
Сенат төрағасы «Жайлы мектеп» жобасының маңызын атап өтті

Сенат төрағасы «Жайлы мектеп» жобасының маңызын атап өтті

07.11.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.