Талдықорған: +10°C
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТЕР АШЫЛДЫ

3 қараша 2023
ДЕНСАУЛЫҚ
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТЕР АШЫЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Бұл тапсырма Көксу ауданында мінсіз атқарылуда. Оған Мұқаншы, 10 жылдық Қазақстан және Ақтекше ауылында ашылған блокты-модульді медициналық пунктер нақты дәлел.

346 тұрғыны бар Мұқаншы ауылында жаңа нысанның лентасы қиылды. Құрылыс жұмысын мердігер «Kaz Damu Construction» ЖШС-і небәрі 3 айдың ішінде аяқтаған. Ауылда ашылған блокты-модульді медициналық пункт ғимаратының жалпы ауданы 108 шаршы метр. Медициналық пунктінің қуаттылығы ауысымына 15 келушіні қабылдайды. Тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтардың барлығы қарастырылған. Халық игілігіне берілген нысанда модульді-акушерлік кресло, тоңазытқыш, компьютер, стерилизатор, бой өлшегіш, салмақ өлшегіш, тонометрлер, кушеткалар, блокты-модульді медициналық стол мен шкафтар қарастырылған. Штаттық кестеге сәйкес бұл нысанда 1 орта буын медициналық қызметкері мен тазалықшы жұмыс істейді.

Аудан орталығынан 13 шақырым жерде орналасқан 10 жылдық Қазақстан ауылында да блокты-модульды медициналық пункті пайдалануға берілді. Жаңа медициналық нысанда 2 орта буын медициналық қызметкер және  тазалықшы қызмет көрсетеді.

Шалғай орналасқан Ақтекше ауылында блокты-модульді фельдшерлік-акушерлік  пункті ел игілігі үшін есігін айқара ашты. Жаңа нысанның қуаттылығы ауысымына 20 келушіні қабылдай алады. Тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықпен толықтай қамтылған. Штаттық кесте бойынша 3 орта буын медициналық қызметкер және тазалықшы, күзетші, жүргізуші қызмет етеді.

– Денсаулықтың қадірін ауырмас бұрын ойлау керек. Дені сау елдің болашағы да жарқын болмақ. Осыны алға тартқан ел ағалары ауылымызда заман талабына сай жақсы ғимарат салып берді. Бас ауырып, балтыр сыздай қалса аудан орталығына шапқыламай-ақ ауылымыздағы ақ халаттылардың көмегіне жүгінеміз. Бізге осындай жағдай жасаған мемлекетімізге зор алғыс айтамыз, — дейді Ақтекше ауылының тұрғыны Марал Ахметова.

Жалпы, аудан тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қол жетілімдігін қамтамасыз ету барысында аптасына 2 рет аудандық емхана дәрігері қабылдау жүргізеді. Жылжымалы медициналық кешен арқылы қажетті мамандардан құрылған топ, яғни, кардиолог, гинеколог, онколог, хирург, лаборант, рентген-лаборант, ультрадыбыстық зерттеу маманы арнайы кесте бойынша ауылдарға келіп, тұрғындарға мамандандырылған медициналық қызметті тегін көрсетеді.

Келісім шартқа сәйкес әрбір нысанға 32984,0 мың теңге қарастырылған.

Еңлік Кенебай
Суертті түсірген Руслан Қадіров

 

Қатысты жаңалықтар

Ұлт болашағы – ананың қолында

Ұлт болашағы – ананың қолында

Бүгін, 14:30
Дамудың тұрақты кепілі

Дамудың тұрақты кепілі

Бүгін, 13:12
Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Бүгін, 12:10
Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бұл күнге жету оңай болған жоқ

Бүгін, 11:30
Аталы сөз иесі

Аталы сөз иесі

Бүгін, 11:01

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.