Талдықорған: +24°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Медициналық туризм қолданыста

21.01.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Медициналық туризм қолданыста

Медициналық туризм – сапалы және қолжетімді медициналық көмек алу үшін тұрған жерінен басқа жаққа барып ем алу. Бізде көп жағдайда ауыр сырқаттар, оның ішінде онкологиялық кеселдің асқынған түрін емдету үшін шетелге барып жататын жайттар жиі кездеседі.

Медициналық туризм біздің облыста да қанат жайып келеді. Облыстық арнайы онкологиялық көмек көрсететін көпсалалы клиникада қатерлі ісікті жаңаша емдеу тәсілі енгізілді. Бұл – тамыр-ішілік химия терапия емі. 

– Емдеудің сапасы мен нәтижесі өзге елдер мен облыстардан келіп жатқан науқастар санының артуымен байқалады. Атап өтсек, 2022 жылы басқа облыстардан 58 науқас келіп ем алса, 2023 жылы 174 науқас, ал 2024 жылы 258 науқас клиника көмегіне жүгінді. Батыс Қазақ- станнан 8 науқас, Алматыдан 125 науқас, Астанадан 1науқас, Шымкенттен 63 науқас келіп ем алды. Сонымен қатар, Абай облысынан 2 науқас, Шығыс Қазақстаннан 2 науқас, Түркістан облысынан 13 науқас, Жамбыл облысынан 20 науқас, Солтүстік Қазақстаннан 2 науқас тамырішілік химия терапия алып, үміті ұшталды. Жетісу өңіріне онкологиялық дертіне ем іздеп Ресей Федерациясы, Өзбек- стан, Қырғыз Республикасынан оннан астам ем алушы келді, – дейді көпсалалы клиниканың директоры Мәдияр Өмірбаев.

Мекеме басшысы клиникаға барлық заманауи құрал-жабдық, дәрі-дәрмек, ем жүргізуге барлық мүмкіндік жасап отырған Арман Серікұлы басқаратын облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғысын айтуда. 

Тамырішілік химия терапия емі жұтқыншақ, мидағы, өкпе, бауырдағы қатерлі ісікті емдеуге қолданылуда. Химиятерапиялық жаңа емде тамырды бекіту арқылы қатерлі ісікке қан жіберілмейді. Ісік қанмен қоректенетін болғандықтан солып, кішірейе бастайды. Бұл әдіс енгізілген 2021 жылдан бері бауыр, ми обырымен ауырғандар толыққанды өмір сүріп келеді. Жаңа әдіс талай жанның өмірін ұзартуда. Бұл әдіс республикалық ғылыми орталықтарда, Астана, Шымкент қаласында жақсы нәтиже беріп келеді. 

Науқастар бұл әдіспен ем алу үшін жан-жақтан келіп жатыр. Абай облысынан Айгүл Қабдрашқызы тамыр ішінен химия беру емін естіп, арнайы келіпті. Қазір алғашқы химиятерапия берілді. Келгенде оң жақ қабырғасының асты ауырып, үш мезгіл наркотикалық дәрі ішетін. Оның диагнозы – гепатоцеллюларлық карцинома. Қазір ол наркотикалық дәрілерді ішпейді. Науқас ем алуға болашақта бірнеше рет келмекші. Ол біздің облыстың дәрігерлеріне алғыс білдіруде. 

«Емхана дәрігерлеріне ризашылығым шексіз. Бұл басшылықтың медициналық персоналға талап қоюының арқасы деп білемін. Барлық қызметкерлер сыпайы. «Аурудың емі – саудың сәлемі» демекші, жылы қабылдау, нақты ем өмірге үміт сыйлады», – дейді Айгүл Қабдрашқызы.

Болашақта «Қаратал» шағынауданынан жаңа онкологиялық емхана салынбақшы. Биыл құрылысы басталады. Палаталары кең, еңселі емхана пациенттерге жайлы жасалмақшы. Жаңа емхана ашылғанда келушілерге ем жасау мұнан да тиімді болады деген сенім бар.

Фото: depositphotos.com

Қатысты жаңалықтар

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

Жетісу облысында киік мүйіздерін заңсыз сатқан теміртаулық ұсталды

14.05.2025
Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

14.05.2025
Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

Бидай алқабының қысқаруы: Қазақстан ұнсыз, нансыз қала ма?

14.05.2025
Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

Қазақстанда жаңа пәтерлердің бағасы өсіп жатыр

14.05.2025
43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

43 градус: ертең бірқатар өңірде аптап ыстық болады

14.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.