Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті медициналық мамандарға, шетелдік мамандарды қоса алғанда клиникалық практиканы жүзеге асыру үшін сертификаттауды жүзеге асырады.
Шетелдік мамандарды сертификаттау рәсімі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері болып табылады. Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні. Қызмет алушылар өтінімді «электрондық үкімет» порталы, www.egov.kz, www.elicense.kz сайттары арқылы бере алады. Қызмет көрсету тегін жүргізіледі және портал тәулік бойы өтініштерді қабылдайды. Қызмет алушылар керекті құжаттар тізбесімен жоғарыда аталған бұйрықтың 6–шы қосымшасында таныса алады.
Сонымен қатар, шетел маманының көрсетіп жатқан медициналық қызмет түрiне арналған сертификаты жоқ болуы заңсыз медициналық қызметпен айналысуы деп танылып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 424 бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының аумағына медициналық қызмет көрсету үшін келген шетел мамандарының қабылдауына барар алдында қажетті рұқсат құжаттарының болуына назар аудару ұсынылады.
«Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің
Жетісу облысы бойынша департаменті» РММ





