Талдықорған: +11°C
$ 510.59
€ 578.91
₽ 6.37
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Наурызда Жетісу облысының шекаралық ауданында 4 бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

20.03.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Наурызда Жетісу облысының шекаралық ауданында 4 бірдей дәрігерлік амбулатория ашылды

Жетісу облысының шекаралық аймағы — Панфилов ауданындағы 4 бірдей ауылда Наурыз мерекесі қарсаңында дәрігерлік амбулатория ашылды.

Сөйтіп Алмалы, Қырыққұдық, Тұрпан, Ақжазық ауылдарындағы жалпы саны 9 мыңға жуық тұрғын енді жаңа үлгіде салынған нысандардан медициналық қызмет алатын болады. 

Аталған ауылдарда бұған дейін тұрғындарға ескі, бейімделген ғимараттарда медициналық көмек көрсетіліп келген. Өткен жылдың сәуірінен салына бастаған дәрігерлік амбулатория ғимараттары Наурыз мерекесіне орай пайдалануға берілді. Бұл нысандардың әрқайсысы 448 шаршы метрді құрайды. Төртеуі бір үлгіде салынып, қажетті заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда күндізгі бөлім, оңалту бөлмесі, зертхана және алғашқы көмек сынды қызметтер көрсетіліп, күнделікті ем-шаралар жүргізуге толық мүмкіндік жасалған. Медициналық мекемелердің әрқайсыcы дәрігермен және орта буын медицина мамандарымен қамтылған.

Ақжазық ауылындағы жаңа нысанның ашылу салтанатына куә болғандардың бірі зейнеткер Бағдагүл Ахметова:

— Мен осы ауылда 1975 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін медбике болып жұмыс істедім. Ол кезде шағын мединалық пункт еді, онда бір акушер мен бір фельдшер қызмет еттік. Кейін фельдшерлік пункт болып ашылып, тағы бір фельдшер штатын қосты. Енді бүгін, міне, жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп отыр. Қызмет көрсететін медицина мамандарының саны да едәуір көбейген. Біз бұрын қағаздарды қолмен толтырып, алынған анализдерді Жаркентке таситынбыз. Қазір жаңа нысанды аралап көрдік, заманауи аппараттар, құрал-жабдықтар бәрі бар екен. Ауылымыздың өсіп-өркендеп келе жатқанына өте разымыз, — деді ол.

Алтынай Күдерова, Панфилов ауданаралық көп салалы ауруханасы директорының орынбасары:

— Жалпы ауданда 2024 жылдан бері «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасымен 16 медициналық нысан салына бастаған болатын. Өткен жылдың соңында 4 медпункт пайдалануға берілсе, жыл басынан бері бүгінгіні қоса алғанда 5 дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Қазіргі кезде 6 фельдшерлік акушерлік пункт салынып жатыр. Оған қоса Дарбазақұм, Сарпылдақ, Көктал-Арасан ауылдарында медициналық пункт тұрғызылуда. Сарыбел және Үшарал ауылдарында дәрігерлік амбулаторияларға күрделі жөндеу жүргізілуде, — деп атап өтті.

Атап өтсек, биыл денсаулық сақтау саласында облыс бойынша 35 фельдшерлік-акушерлік пункт, 4 дәрігерлік амбулатория, 20 медициналық пункт, сондай-ақ 4 жедел жәрдем станциясы және ҚАЖК-нің 1 медициналық қызметі нысаны салынады деп жоспарланған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Нұрбол Қанағат.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық үш боксшы Азия чемпионатының финалына шықты

21.05.2025
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысты

21.05.2025
Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

Тариф көтереміз деп сотталып кетті: Жетісуда пара беру дерегі бойынша сот үкімі шықты

21.05.2025
Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

Жетісу облысына – 3 жыл: мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40% жетті

21.05.2025
«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алуда

21.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.