Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ОТАНДЫҚ «QAZVAC» ВАКЦИНАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? МАМАН ЖАУАБЫ

12.05.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ОТАНДЫҚ "QAZVAC" ВАКЦИНАСЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ НЕДЕ? МАМАН ЖАУАБЫ
WhatsAppTelegramFacebook

«JETISÝ MEDIA» ақпараттық алаңында «Облысқа отандық «Qazvac» екпесінің келуі мен шектеу шараларының енуі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

Жиынға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков пен  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова қатысты. Бірінші болып сөз алған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков отандық вакцина жайлы толық ақпаратпен таныстырды.

– Алматы облысына 2000 адамға вакцинация жасау үшін 4000 доза жеткізілді. Бүгінгі күні қазақстандық вакцинамен 1400-ге жуық адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Qaz-COVID-In (QazVac) вакцинасын ҚР Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары институты әзірледі. Qaz-COVID-In бұлшықет ішіне енгізуге арналған белсенділігі жойылған вакцина (0,5 мл/доза). Құрамында тазартылған белсенді емес SARS-CoV-2 штаммы бар. Qaz-Covid-in «Қазақстан белсенді емес COVID» дегенді білдіреді, — деді басқарма басшысы.

Отандық вакцина құрамындағы SARS-CoV-2 вирусы химиялық реагентпен «өлтірілген». Мұндай вакциналар жұмсақ, әдетте асқынусыз, дене қызуы көтерілмейді. «Спутник V» векторлық вакцинасында вакцинаның бір бөлігі аденовирустарға отырғызылады. Оған қарағанда қазақстандық препаратта вирус толығымен жойылған күйде сақталады.

Бұдан кейін Өмірзақ Әбілсейітұлы бүгінгі таңда облыста вакцинаның үш түрі барын, екпе алушы өз талабы бойынша вакцинаны таңдай алатындығын жеткізді.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Каткенова өз баяндамасында:

– Ағымдағы жылдың 1 мамырында Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.»Алматы облысының аумағында шектеу шараларын және «Ashyq» жобасын енгізу туралы» жаңа қаулысы шықты, қаулы ағымдағы жылдың 4 мамырында күшіне енді. Бағдарламаны мобильді қосымша арқылы жүктей аласыз. Яғни, жобаға қатысып отырған кәсіпкерлік мекемеге кіру үшін осы бағдарлама арқылы кіре аласыз. Сіздің барлық мәліметіңіз осы бағдарламаға жүктелген. Егер де осы бағдарламада сіз қызыл түспен белгіленіп тұрсаңыз, онда сізге бұл мекемеге кіруге рұқсат етілмейді. Сары түс, сіздің науқас адаммен қатынаста болғандығыңыз жайлы ақпаратты білдіреді. Бұл ретте де сіз карантиндік жүйеде болуыңыз керек. Тек жасыл түспен ғана кіруге рұқсат. Осы санитарлық талаптарды бұзған адам арнайы жауапқа тартылады, – деп жаңа қосымшаның артықшылығын сөз етті. Міне, осындай жаңа жобаның қыр-сыры тарқатылған жиын соңынан журналистердің сауалдарына жауап берілді.

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.