Талдықорған: +10°C
$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Қазақстанда қызылшаға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделі

5 ақпан 2026
ДЕНСАУЛЫҚ, КҮНДЕРЕК
Қазақстанда қызылшаға байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделі

pexels.com

WhatsAppTelegramFacebook

Денсаулық сақтау министрлігінде қызылша мәселесіне арналған республикалық штабтың отырысы өтті. Оған өңір әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармалары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары қатысты. Жиында індеттің таралуын тежеу, профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды күшейту, сондай-ақ халықты вакцинациямен қамтуды арттыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды  7-su.kz ақпараттық порталы.

Министрлік барлық қажетті шараларды қолға алғанымен, аурудың бетін қайтару әзірге қиындық туғызуда. Мамандардың мәліметінше, қызылшаның кең таралуына вакцинациядан жаппай бас тарту негізгі себеп болып отыр. Өткен жылдың соңынан бері аурушаңдық көрсеткіші тұрақты өсіп келеді.

Эпидемиологиялық талдау нәтижесіне сәйкес, науқастардың 79 пайызы мүлде вакцина алмаған, 8,4 пайызы екпенің толық курсын алмаған, ал шамамен 10 пайызының иммундық мәртебесі белгісіз. Ерекше алаңдататыны – екпе алмаған балалардың 59 пайызы ата-анасының шешімімен вакцинациядан өтпеген.

Жыл басынан бері республика бойынша қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелді. Ең көп жағдай Астана қаласында (581), Жамбыл облысында (339), Алматы қаласында (317) және Алматы облысында (146) анықталған.

Мамандар қызылшаның аса жұқпалы вирустық ауру екенін ескертеді. Вакцинация болмаған жағдайда дерт ауыр өтіп, пневмония, есту қабілетінің төмендеуі, жүйке жүйесінің зақымдануы, энцефалит секілді қауіпті асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар қызылшадан кейін иммундық жүйе ұзақ уақыт әлсірейді.

Қауіп тобында – жас балалар, екпе алмаған ересектер, жүкті әйелдер, созылмалы ауруы бар және иммунитеті төмен адамдар. Дәрігерлер қызылшадан сақтанудың ең тиімді әрі сенімді жолы вакцинация екенін атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Қазақстанның жаңа Ата Заңы қандай өзгерістер әкелді?

Бүгін, 14:47
Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Президент Жолдауы: Инфрақұрылым, экономика және әлеуметтік салаға басымдық берілді

Бүгін, 13:49
Тастаяқтан топ жарды

Тастаяқтан топ жарды

Бүгін, 12:45
Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Жансақтау бөліміндегі 1 минут – адамның тағдыры

Бүгін, 12:43
Пайдалануға берілетін нысан көп

Пайдалануға берілетін нысан көп

Бүгін, 12:29

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.