Талдықорған: -7°C
$ 482.32
€ 553.37
₽ 5.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

САНИТАРЛЫҚ ТЕКСЕРУ ТОБЫ МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАП, БІРАЗ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІН АШТЫ

21.10.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
САНИТАРЛЫҚ ТЕКСЕРУ ТОБЫ МЕКТЕПТЕРДІ АРАЛАП, БІРАЗ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІН АШТЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Коронавирус жұқпасының биыл балаларды да иектеп алғаны баршаға аян. Мәселе елді алаңдатуда. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов аудандармен бейнебайланыс арқылы өткізген жиналыста білім ошақтарындағы санитарлық жағдай, оқушылар арасындағы жұқпаның өршу салдарына тоқталды.

Арнайы санитарлық тексеру тобы мектептерді аралап, тазалықтың сақталуын, сақтық шараларының назарда ұсталынуын қадағалауда. Тексеру барысында көптеген кемшілік орын алған.

Салдарынан біраз мектепте жұқпа өршіген. Соңғы мәліметке қарағанда, Текелі қаласында 50 оқушы коронавирус жұқпасын жұқтырған. Талдықорған қаласында 354, Қараталда – 72, Ұйғырда – 67, Балқашта – 31, Еңбекшіқазақта – 244, Көксу ауданында 33 жағдай тіркелген. Облыстағы 772 мектептің 308-інде балалар сырқаттанған. Бұл мектептердің 40 пайызында жұқпа бар дегенді білдіреді. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Құлаймергенұлы орын алған жағдайға байланысты жергілікті әкімдердің атына сын айтты.

– Жұқпаның орын алуына сақтық шараларының дұрыс ұйымдастырылмауы себеп. Тексерушілер 6 мектепте тазалық жұмысының талапқа сай жүргізілмегенін анықтады. Бір мектепте дезинфекциялық заттар болмаған. Кейбір білім орындарының жиҺаздары дымқыл шүберекпен сүртілмеген, – деп білім басқармасының басшылары мен басқа да жауапты мамандарды сынға алды. Барлық аудан әкімдері мен білім саласына жауапты адамдарға нақты тапсырмалар берілді.

Біраз елде коронавирус қайта өршіген. Осыған байланысты індеттің алдын алу шаралары күшейтілуі тиіс екені айтылды. Жұқпаға қарсы вакцина салдыру сырқаттың алдын алудың бірден-бір жолы. Вакциналаудың кейбір қала, аудандарда жедел жүргізілмей жатқандығы үшін медицина саласының жауапты басшыларына ескерту жасалды. Жұмысты жандандыру тапсырылды.

Селекторлық жиындағы екінші мәселе жылыту маусымының ұйымдастырылуына арналды. Кейбір аудандарда сұйық отын жеткіліксіз. Жиын төрағасы 10 ауданда жылыту маусымына дайындықтың талапқа сай емес екенін жеткізді. Ақсу, Кербұлақ, Ұйғыр аудандарында сұйық отын жеткізушілермен келісімшарт бұзылған. Сұйық отынды сақтайтын орынның тарлығы, арнайы ыдыстың жоқтығы да жағармайды мол алуға кері әсерін тигізуде. Отын тасымалдаушылар тасымал құнын жаз маусымындағыдан едәуір көтеріп жіберген. Осындай көптеген себеп-салдардан отын қоры аз сақталған. Облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов аудан әкімдеріне мектеп, денсаулық сақтау мекемелеріне отынның уақытында, жеткілікті мөлшерде тасымалдануын қадағалауды тапсырды.

– Балалар мен сырқат адамдар тоңбауы тиіс. Қыс – қатал сыншы. Аязды күндері пешті күндіз-түні жағуға тура келеді. Сол кезде тапшылық болмауы керек. Отын аз жеткізілген ауданның әкімдері, себебін маған жиыннан кейін бірден айтасыздар. Жұмысты жүргізе алмайтындарға шара қолданамыз, – деді ол.

Жиында барлық аудан әкімдері байланысқа шығып, жергілікті жердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, алдын алу шараларының ұйымдастырылуы, қыстан қысылмай шығу барысында қолға алынып жатқан жағдайларға тоқталды. Барлық басшыға алдағы уақытта да босаңсымау жайлы талап қойылды.

Гүлжан ТҰРСЫН

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» жеңіспен бастады

«Жетісу» жеңіспен бастады

19.03.2026
Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.