Су – білім алушылар мен тәрбиеленушілердің дұрыс тамақтануының негізі. Адам ағзасы судан тапшылық көрмеуі тиіс. Ағза дұрыс жұмыс істеу үшін суды жеткілікті мөлшерде тұтыну керек. Су жетіспесе мүшелер қалыпты жұмыс істемейді. Мысалы, сусыраған ағза шаршағыш келеді. Жұмысқа қабілеттілік төмендейді. Ас қорыту және сіңіру, зат алмасу үдерісі бұзылады.
Сол себепті судың ағзаға жеткілікті мөлшерде түсуінің маңызы зор.Санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес білім беру және тәрбиелеу нысандарында су сапалы болу керек. Ауызсу жүйесі дұрыс жүргізілуі қажет. Мекемелерде ауызсу жүйесін дұрыс ұйымдастыру үшін нысан басшысының бұйрығымен жауапты маман тағайындалады. Ол табиғат байлығының тазалығы мен қауіпсіздігіне жауап береді.
Балалар мекемесінде ауызсуды талапқа сай тұтыну үшін ыдыстар сатып алынады. Олар графин, шәйнек, бөшкелер. Сонымен қатар, оқушыларға үйден су әкелу үшін шөлмек пайдалануға рұқсат етіледі. Ауызсу жүйесін ұйымдастыру кезінде білім беру мекемесі таза және пайдаланылған ыдыстар, жеке таңбаланған подностармен қамтамасыз етілуі тиіс. Су ыдысының жоғары жағында, 10 сантиметр биіктікте өшіріп-қосу сақинасы болуы тиіс. Суға арналған диспенсерлер нұсқаулыққа сәйкес күнтізбелік 7 күнде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен тазаланады.
Ауызсуды тұтыну үшін кемінде 5 минут қайнату керек. Қайнаған суды 3 сағаттан артық сақтамау керек.
Суды жеткілікті мөлшерде тұтыну – саламатты өмір салтының негізгі шарттарының бірі. Сондықтан, нысанда ауызсу жүйесін дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Қуаныш Бекмұратова,
Жетісу облысы СЭБД білім және тәрбие нысандарын
бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы





