Қыста ағзаға қажет тағы бір маңызды өнім – сарымсақ. Оның вирусқа және бактерияға қарсы қасиеттері бар. Суық тию мен тұмау қаупін азайтып, иммундық жүйені көтеруге көмектеседі.
Сарымсақ өзінің құрамындағы аллицин химиялық қосылысының арқасында адам ағзасындағы ауру туғызатын зиянды микробтарды өз бойына «жұтып» алуға бейім. Ыдысқа 1 кесе сүт құйып, отқа қоямыз. Сүт қайнағанша 2 түйір сарымсақ алып, оларды өте ұсақтап тураймыз. Сүт қайнағаннан кейін, оған сарымсақты қосып, оттан аламыз да қақпағын жауып қоямыз. Сарымсақ қосылған сүт эликсирін аптасына 1 рет, бір стаканнан ішіп тұрған жөн.
Күн сайын 10-15 грамм сарымсақ жеп тұру денсаулыққа өте пайдалы. Өйткені ол адам ағзасындағы зиянды майларды ерітіп, қан қысымын төмендетеді. Асқазан-ішек жолдары, жүрек, талма ауруларына ем. Микробтарды жояды, ауруды басады, жараны тез жазады, қақырықты түсіреді және қанды тазалайды. Сондай-ақ, иммундық жүйені нығайтып, астма белгілерін жеңілдетеді. Жүрек ауруы, жоғары қан қысымы, артрит, тіс ауруы, іш қатуды реттеп, инфекциялармен күреседі. Сонымен бірге ішек-құрт ауруларынан емделуге пайдалы. Тек, дұрыс ем жасау керек. Ішек-құрт ауруларымен ауыратын адамдар 0,5 литр сүтті пісіріп, оған 1 бас сарымсақты турап, жай отта қайнатып, жылы күйінде жатар алдында ішуі қажет.
Сымбат Жақиянова,
облыстық аурухананың дәрігері





