Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ ҚАҒИДАСЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІГІ ТАЛАП ҚАНДАЙ?

31.08.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ЕМХАНАҒА ТІРКЕУ ҚАҒИДАСЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІГІ ТАЛАП ҚАНДАЙ?
WhatsAppTelegramFacebook

15 қыркүйектен бастап алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына еркін тіркелу бойынша жыл сайынғы науқан басталады. Биылғы жылы тіркеу ережелері шетелдіктер мен еңбек мигранттары үшін өзгерді. Жаңа ережеге сәйкес оларда медициналық сақтандыру шарты болуы тиіс.

Жаңа қағидаларға сәйкес, ел аумағында уақытша болатын немесе баспана іздеп жүрген азаматтығы жоқ шетелдік адамдарды емханаға бекіту ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) шартының негізінде және оның қолданылу мерзіміне қарай жүзеге асырылады. Осыдан кейін олар медициналық ұйымнан автоматты түрде шығарылады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттарының міндетті түрде МСАК қызметтеріне ерікті медициналық сақтандыруы болуы қажет.

Бекітуге арналған өтініш еркін нысанда қазақ немесе орыс тілінде жеке басын куәландыратын құжатты немесе шетелдік паспортты қоса бере отырып ұсынылады. Өтініш беруші медициналық ұйымға жеке өтініш беруі керек немесе ол үшін ерікті медициналық сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымының өкілдері жасауы керек. Медициналық ұйымдарға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілеріне және Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған медициналық ақпараттық жүйелері бар медициналық ұйымдарға тіркелуге болады.

ҚР аумағына уақытша келген шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері МӘМС жүйесінде қазақ­стандық азаматтармен бірдей құқықтарды пайдаланып, міндеттер атқарады (ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 3-бабының 2-тармағы). ҚР азаматтары, қандастар және ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін бекіту тәртібі өзгеріссіз қалады.

Бекітілу үшін электрондық үкіметтің веб-порталына тіркелесіз (www.egov.kz). «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу» қызметін таңдау қажет. Өрістерді толтыру арқылы медициналық ұйымға өтініш береді. Пациент туралы мәліметтерді емхана мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады. Жауап оң болған жағдайда азаматқа медициналық ұйымның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде бекітілгені туралы хабарлама беріледі. Одан бөлек бекіту емханаға еркін нысандағы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен тікелей жүгінген кезде жүргізіледі.

Бұл әдіс заң бойынша бала кезінен мүгедек болып тағайындалған зейнеткерлерге, мүгедектерге, қамқоршыларға, сондай-ақ, патронат тәрбиешілерге, колонияларда жазасын өтеп жатқандарға, студенттерге, мерзімді әскери қызметшілерге, шет мемлекеттерде туған балаларға және сенімхат бойынша тіркеуді жүзеге асыратын адамдарға ғана қолжетімді.

Елімізде жыл сайын 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін МСАК медициналық ұйымдарына халықты еркін тіркеу науқаны жүргізіледі. Медициналық көмекке қол жеткізбей қалмау үшін тіркелудің мәртебесін тікелей тұрғылықты жері бойынша емханада немесе электрондық үкімет веб-порталында ЭЦҚ арқылы тексеру ұсынылады. Тіркеу немесе қайта бекіту кезінде емхананы тұрғылықты жеріне жақын жерден таңдау ұсынылады. Қажет болған жағдайда учаскелік дәрігер науқасқа үйге бара алады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өте маңызды.

Науқан кезінде МСАК ұйымына бекітіле отырып, азаматтар медициналық көмекті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ала бастайды. Яғни, осы жылдың 31 желтоқсанына дейін азаматтарға бұрын тіркелген емханада қызмет көрсетіледі. Тіркеу науқаны Денсаулық сақтау субъектілерінің дерек қорында тіркелген және ТМККК және МӘМС бойынша медициналық қызметтер көрсетуге үміткер медициналық ұйымдар арасында ғана жүргізіледі. Тіркелуге қолжетімді емханалардың тізімімен Қордың www.fms.kz сайтында «Емхананы таңдау» бөлімінде танысуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Қатысты жаңалықтар

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

Өскеменде Жақсылық Омардың соты басталмақ: экс-шенеунікке қандай айып тағылды?

19.03.2026
Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жарияланбақ

19.03.2026
Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

Курьер емес, алаяқ: «Миллиондық жеткізілім» схемасынан қалай сақтану керек?

19.03.2026
Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

Наурызда тағамнан уланудан қалай сақтану керек?

19.03.2026
БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.