Талдықорған: -1°C
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ІШІМДІК ЖЫНЫСТЫҚ ГОРМОНДЫ ЖОЯДЫ

08.04.2019
ДЕНСАУЛЫҚ
ІШІМДІК ЖЫНЫСТЫҚ ГОРМОНДЫ ЖОЯДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адам баласына алкогольді ішімдікті ішу немесе ішпеу таңдауы берілсе, ең алдымен мұның соңы неге əкеліп соғатынын ойланған абзал. Себебі, түптің-түбінде барлығы келіп денсаулыққа тіреледі. Егер адам психикалық тұрғыда әлсіз болса, онда оның жаман әдеттерді тез қабылдап, ішімдікке немесе нашақорлыққа душар болатынына күмән келтірмеңіз. Қазақи қалыпқа қисыны келмейтін осы кеселдің белең алмауын қадағалау – біздің бас қатырар мәселелерімізідің бірі.

Ішімдік атаулыны ішіне қылғытқан адамның іші-бауыры езіліп, жүйке жүйесіне айтарлықтай зиян келері имандай шындық. Одан тарайтын аурудардың өзін жіпке тізе берсеңіз де шегіне жетпейсіз. Ішімдіктің түрлері бүгінгі күні қарыштап дамып, қалтасын теспейтін талайдың таңдауына байланысты тауарлық айналымда өріп жүр. Мәселен, сыраны сімірген адамның бүйрегі мен бауыры, одан қалса, асқазаны мен өт жолдары істен шығады. Ішіне май жиналып, жүрегінің соғысы баяулай бастайды. Оның құрамындағы көмірқышқыл газы қан тамырларына күш түсіріп, соның әсерінен жүректің қызмет етуі нашарлап, еті босап, ісініп, сырты үлбіреп кетеді. Мұны дәрігерлер қауымы «жүректің сыра синдромы», кейде «жүректің капрон шұлыққа айналуы» деп атайды. Әйелдердің арасынан сыраны сәнге айналдырғандар нәзіктігінен, сұлулығынан бірте-бірте арыла бастайды. Дене тұрқы ерлердікіндей болып өзгеріп, кейбірінің ұртына мұрт қаптайды. Арақ-шарап ішетін қыз-келіншектер арасында кеуде безі, яғни, қатерлі ісік ауруына душар болу қаупі жоғары болып келеді.

«Алкоголь — жүйке уы» деп бекер айтылмаған. Арақ организмге тез жайылады да, содан соң орталық жүйке жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады. Оған толыққанды салынған адамның спермотозоидтары азайып, формасы өзгереді. Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Бұған нәрестенің миындағы ісік себепкер болады. Ол бірден болмаса да, біртіндеп дамитын сырқаттар. Тағы бір айта кетерлігі, ресми мəлімет бойынша, тұрмыстық қылмыстардың 80 пайыздан астамы ішімдіктің салдарынан болады. Ішімдіктен бас тартса, қаншама тағдырларды талқандаған қайғылы оқиғалар болмас па еді?! Мас əрі жауапсыз жүргізушілердің кінəсінен қаншама адам жол апатынан көз жұмуда? Сондықтан өзіңіздің жəне туған-туыстарыңыздың, ал кейде, тіпті, бейтаныс жандардың да өмірі сіздің қолыңызда тұрғандығын ұмытпаған абзал. Қоғамда мұндай оқиғалардың жиілеп кеткендігін өздеріңіз де күнделікті жаңалықтардан немесе әлеуметтік желілерден көріп жүрсіздер. Көптеген кикілжің мен бей-берекет бүліктердің басында ішімдіктің тұрғаны анықталуда. Әрине, баяндай берсек, біразға барарымыз анық. Әйтсе де, білместікпен білек түріп күресу бізге парыз екенін ұмытпайық!

Арақ ағзадағы әрбір нүктеге дейін улы әсерін тигізеді. Оны ішуге деген әуестік ерте ме, кеш пе, әйтеуір «алқаштық» ауруға душар етпей қоймайды. Ішкіштік кеселге тап болған маскүнем ата-аналардан туған балалардың денсаулықтарында зор кінәраттардың болатынын көптеген дәрігер өз зерттеулерінде нақты дәлелдеп келеді. Мәселен, француз дәрігері Доньсе 10 маскүнемдікке салынған отбасының 57 сәбиіне зерттеу жүргізгенде, олардың 25-і қызылшақа кездерінде шетінеп кеткендігін анықтайды. Ішіндегі 5 бала тырысқақ ауруына душар болған. Тағы бесеуінде ауыр ми ісіктері кездессе, 12 баланың он екі мүшесінде кемістік байқалғаны дәлелденген. Ол аз десеңіз, қарапайым көртышқандарға жүргізген тәжірибе бар. Оларды арнайы бөлмеге қамап, еркектеріне сыра ішкізеді. Әбден ащы суға тойған еркек тышқандар көп қимылдамай, бұрышқа барып жата кетеді. Оған шамырқанған ұрғашы тышқандар еркек тышқандардың ішін тістелеп жарып өлтіреді. Неге десеңіз, спирттік ішімдіктер жыныстық гормондарды түбегейлі жояды. Өсімтал жануарлардың бұл бейбастығы ғалымдардың таңданысын тудырған. Әрбір ата-ана өмірде балалы болуды армандайды. Ал арақ сол аяулы арманға балта шабатын басты кесел. Сондықтан, аздыратын кеселден арылып, салауатты өмір салты мен ұрпақтың оң әрекеттерге бастайтын қасиеттерін бірге қалыптастырайық!

Ерғали СЫДЫМАНОВ,

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

Алматы облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

Қазақстан мен Қатар арасында сотталғандарды беру туралы келісім ратификацияланбақ

12.03.2026
Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

Ресей билігі Тоқаевқа орыс тілі ұйымын құру бастамасы үшін алғыс білдірді

12.03.2026
Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

Франция Президенті Қазақстанның уран нарығындағы стратегиялық рөлін атап өтті

12.03.2026
Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

Бокс: Досжан Жұмақан өзбекстандық қарсыласын жарыстан шығарды

12.03.2026
Астанада мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтіп жатыр

Астанада мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтіп жатыр

12.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.