Талдықорған: -7°C
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

СЫРҚАТ АДАМДЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН БҰРЫН БІРАУЫЗ ЖЫЛЫ СӨЗ ЕМДЕЙДІ

07.10.2020
ДЕНСАУЛЫҚ
СЫРҚАТ АДАМДЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕН БҰРЫН БІРАУЫЗ ЖЫЛЫ СӨЗ ЕМДЕЙДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Айтып келмейтін індетпен күресте ақ желеңді абзал жандар бір кісідей жұмылдырылды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин жариялап, сақтық шараларын енгізуі індетті «ауыздықтап», елдің амандығына айтарлықтай себі тиді. Осы карантиннің нәтижесінде адамдар өз-өздерін қорғауға, жеке гигиенаны сақтауға, жақындарына жанашыр болуға бейімделгені шындық.

Десе де, адамдар арасындағы созылмалы аурулар мұнымен тоқтай қалмағаны анық. Кәрі-жастың ыңқыл-сыңқылы күз мезгілінде де қайта қозғалып, науқасты дәрігерге қарай жетелеуі жиілейді. Цифрландыру дәуірінде дәрігерге бұрынғыдай жүгіріп барып, кезекке тұру келмеске кеткен. Қазіргі жүйеге сай алдын ала жазылып, уақытында дәрігердің қабылдауына кіруге бейімделдік. Дегенмен, күніге берілетін шектеулі уақыттың толып кетуіне байланысты, дәрігерге науқастың алды 3-5 күн, яғни, апталап күтуіне тура келетін келеңсіздіктер аурудың жанына батпай қоймайды. Бұл медицинадағы бір кемшіліктей көрінеді.

Айталық, «Думан» ықшамауданындағы халық саны – 14 520. Оларға «Думан» дәрігерлік амбулаториясының медицина мамандары дәрігерлік көмек көрсетеді. Осы күні 5 дәрігер бар, олардың 3-уі жалпы тәжірибелік дәрігер болса, 2-уі педиатр. Сонымен қатар, 15 мейірбикенің жұмысы өз алдына бір төбе. Шағын медициналық ғимаратта дәрігерлік кабинеттерден бөлек, егу, ем-шара жасау және анализдерді жинау кабинеттері жұмыс істейді.

Дәрігердің алдына келген науқасты дәрі-дәрмектен бұрын, мейірім мен бірауыз жылы сөзі емдеп жататындығын жақсы білеміз. Алдына келген адамға сыпайы қарым-қатынас пен зейін аудару, мұқияттылық таныту – дәрігердің ең басты қағидасы іспетті. Осы деңгейден көрінетін дәрігерге науқастың да ризашылықтан басқа айтары жоқ.

Біз сөз етіп отырған «Думан» ықшамауданындағы дәрігерлік амбулаторияда уақытпен санаспай еселі еңбек ететін дәрігердің бірі әрі бірегейі — Сәуле Бижігітоваға деген көптің көзқарасы дәл осындай!

Осы ауданның тұрғыны болғандықтан жиі бас сұғып қалатынымыз бар. Сондағы байқағыным – ақ самайлы ата-апалардың аузынан Сәуле Қалибекқызына жылы лебіздерін, ризашылықтарын жиі естимін. Себебі, өз мамандығының аса білгірі әрі адамға деген мейірім-құрметі шексіз жанның бойынан атына заты сай жүректерге шуағы мол сәуле төгіліп тұратындай сезіледі. Тумысынан дәрігер болып жаратылғандай жанның жылы сөзімен қатар, диагнозды дәл қойып, науқастың толық сауығып кетуін назардан тыс қалдырмайтын қамқорлығын алдына келген әр азамат жоғары бағалайды. Сондықтан болар, кей кездері кезегінің алыстау болғанына қарамай, қабылдауына кіруді күтеді.

— «Думанға» Алматы облысының әр қиырынан көшіп кеп, қоныстандық. Осы амбулатория ашылғанда қуанғанымызда шек болмаған. Содан бері тапжылмай еңбек етіп келе жатқан дәрігердің бірі Сәуле Қалибекқызын қашанда қарбалас жұмыс үстінен көреміз. Науқастарға, әсіресе, жасы егде адамдарға қол ұшын созудан еш аянып қалмайды. Еңбекқорлығымен ерекшеленеді. Өте қамқор, жанашыр жан. Гиппократ антына адал нағыз дәрігер деп бағалаймыз, – дейді ақсақалдар кеңесінің мүшесі, зейнеткер Аманкелді Шыңғожаев.

Жыл сайын халық саны өсіп жатқан бұл ауданның шағын медициналық мекемесінде Сәуле Бижігітовамен қатар, жалпы тәжрибелік дәрігерлер Райхан Қуанбаева, Замирам Қасымова, бас мейірбике Шамшинур Ушурова, тәжірибесі толысқан мейірбикелер Ләйлә Нұрбекова, Құралай Нүсіпақынова, жас маман Дәурен  Қойбағаров, шаруа бикесі Бигүл Сүлейменова, тіркеуші Тұрсынхан Молдабаева, Бағила Молдахметова, басқа да өз ісіне адал мамандар халық денсаулығының жақсаруына қалтқысыз қызмет етіп, еңбек сіңіруде. Сондай-ақ, Сәуле Бижігітова сынды білгір дәрігерлерден жас буын тәлім алып, тәжірибелерін толықтыруда.

«Ауырып ем іздегенше – ауырмаудың жолын ізде» деп бекер айтпаған. Дәрігерлік амбулатория мамандарының да басты қағидасы – деннің саулығы, ал ауырып қалған жағдайда – сырқатынан айықтыруды басты жетістіктері санайды. Олай болса, ауырмайық, сау болайық!

Ұлбосын ИСАБЕК

Фото — автор

Алматы

Қатысты жаңалықтар

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

Үйқамаққа алу кезіндегі шектеулер

14.03.2026
Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

Интеллектіге салынған инвестициялар: Қазақстанда 2022-2025 жылдары ғылыми гранттарды іске асыру қорытындылары

14.03.2026
Сандық – ұлт жадының қазынасы

Сандық – ұлт жадының қазынасы

14.03.2026
Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

Жетісу облысында боччадан республикалық турнир басталды

14.03.2026
Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

Жетісуда Көрісу күні – Амал мерекесі кеңінен аталып өтті

14.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.