Әлеуметтік желілерде омикрон штамы шаш арқылы тарайды екен деген ақпарат тарады. Алматы облыстық «Жетісу» газеті ел ішінде тараған мәліметтің анық-қанығын білу үшін вирусолог дәрігердің жауабын жариялап отыр.
«Құрметті туған-туыстар! Жаңа дәрігерлер палатаға келіп, ескертіп кетті. Далада мүлдем жалаңбас жүрмеңдер. Бір минутқа жалаңбас жүруге болмайды. Омикрон штамы шашқа жабысып жатыр екен. Шашпен таралып жатыр деді. Сондықтан далаға жалаңбас шықпаңыздар», — делінген желідегі аудиожазбада.
Осыған орай коронавируспен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігер Ақмаржан Ерболатқызы: «Қазіргі таңда коронавирус індеті күрт күшейіп, сырқаттар саны көбейіп жатқаны рас. Соңғы бес күнде ауруханамызда пациенттер өте көп. Бірақ омикрон штамы шашпен жұғады деген сөз шындыққа сәйкес келмейді», — деп жауап берді.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





