Талдықорған: -7°C
$ 479.02
€ 551.11
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ВАКЦИНА ІШІНДЕ НЕ БАР ЕКЕНІН БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ ДЕЙТІНДЕРГЕ! ДӘРІГЕРМЕН СҰХБАТ

06.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ВАКЦИНА ІШІНДЕ НЕ БАР ЕКЕНІН БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ ДЕЙТІНДЕРГЕ! ДӘРІГЕРМЕН СҰХБАТ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда ресейлік «Спутник V» екпесін салу басталды және ҚР Үкіметі ресейлік вакцинаны Қарағанды қаласында өндіруді қолға алды. Соңғы күндері қайтадан өршіп, әлемнің бірнеше нүктесінде мутацияға ұшырап жатқан КВИ-ге (коронавирус инфекциясының қысқартылған атауы) қарсы екпе туралы әркім әртүрлі пікірде. Біреулер екпенің ішінде не бар екенін бір Құдай біледі десе, енді бірі өзінің және өзгенің амандығы үшін вакцина салдыруға көшкен. Коронавирусқа қарсы вакциналаудың қаншалықты маңызды екендігі туралы Алматы облысының эпидемиолог дәрігері Рая АҚАШЕВА айтып берді. Бұл туралы «Жетісу» газеті хабарлады.

– Адамдарға COVID-19-ға қарсы вакцина алу қаншалықты маңызды?

– Covid-19 – бұл бүкіл әлемге таралып жатқан вирус. Соңғы кездері аурудың көбеюі байқалады. Өлім саны да артуда. Сондықтан, вакцина егу арқылы ғана пандемияны жеңеміз.

Біздің елде 1 ақпаннан бастап ресейлік «Спутник V» вакцинасын салуда. Екпе 21 күндік аралықта екі кезеңмен енгізіледі. Бірінші доза антиденелердің аз мөлшері пайда болуына байланысты қысқа қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады. Мақсат – иммунитетті нығайту.

Халық қаншалықты тезірек вакциналанса, ауру саны соғұрлым тезірек төмендеп, жағдай тұрақтанады. Біздің міндетіміз – елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, өлім санын минимумға дейін төмендету.

– Вакцинаны қабылдаудағы қарсы көрсеткіштер қандай?

– Вакцинаны егу шаралары бірінші кезеңде медициналық қызметкерлерге жүргізілді. Содан кейін мұғалімдер мен созылмалы аурулары бар адамдарға салынады деп жоспарлануда. Оның кез-келген компонентіне немесе оған ұқсас компоненттері бар вакцинаға жоғары сезімталдығы бар азаматтарға қолдануға болмайды. Өйткені, бұл – жаңа вакцина. Аллергиясы, жедел инфекциялық аурулары барларға, созылмалы аурулардың қабынуында, жүкті әйелдер мен бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ, 18 жасқа толмағандарға салынбайды. Алдын ала медициналық тексеруден өтпей, эпидемиологиялық сараптама жасалмай вакцинаны салуға рұқсат жоқ. Біз пациенттің денсаулығы жайында ақпарат жинаймыз. Егер қарсы көрсетілімдері болса, егу шаралары жүргізілмейді.

– Коронавирусқа қарсы вакцинаның жанама әсерлері бар ма?

– Клиникалық зерттеулер кезінде жүйелік асқынулар болған жоқ. Әр адамның ағзасы вакцинаны әртүрлі қабылдайды. Инъекция салған дене бөлігі қызарып, ісініп ауруы мүмкін. Вакциналаудан кейінгі алғашқы күндерде адам өзін әлсіз сезінуі ықтимал. Дене температурасының көтерілуін жоққа шығара алмаймыз. Бұл қалыпты жағдай. Ал коронавирусқа қарсы антиденелер организмде алты айға жуық сақталады.

– Вакциналаудан кейінгі ахуал қалай болмақ?

– Вакцина жасалғаннан кейін адамда қорғану қабілеті бірден пайда болады деп айта алмаймыз. Ағзаның ерекшелігіне қарай антиденелер әрқалай қалыптасады. Кейбіреулерде антидене екі күннен кейін, ал кей жағдайда одан көп мерзімде пайда болады. Бірақ екі рет салынған вакциналаудан кейін де мұқият болған жөн. Аурудың алдын алу шараларына басымдық беру керек. Залалсыздандыру құралдарын қолданып, екі метр қашықтықты сақтау маңызды болып қала береді.

Бұл вакцина тиімді емес дегенді білдірмейді. Біз өзімізді барынша қорғауымыз керек. Сонда ғана айналамызда ауру адамдар азайып, вирусты жеңеміз.

– Облыс бойынша вакциналау деңгейі қандай?

– Бүгінгі таңда облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті (СЭБД) мен денсаулық сақтау басқармасының бірлескен штабы құрылды. СЭБД-мен бірлесіп, аудандардағы медицина қызметкерлерінің қатысуымен КВИ-ге қарсы вакцина алгоритмі, вакциналарды сақтау, жүргізілген екпелерді есепке алу бойынша семинар өткізілді. Осы сынды шаралар жергілікті жердегі медицина қызметкерлерінің қатысуымен де ұйымдастырылды. Барлығы 602 медицина қызметкері оқытылды. 602-сі аттестацияланды.

Қазір де COVID-19-ға қарсы вакциналау бойынша түсіндіру-ағарту жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Облыста 52 егу кабинеті жасақталды. Вакцинаның жеткізілуін есептей отырып, бүгінгі күні 30 егу пункті мен 27 жылжымалы бригада жұмылдырылды. Резервте 22 егу пункті мен 56 жылжымалы бригада бар.

– Вакцина салдырған жандардың кейбірі кері әсері бар деп айтуда. Бұл туралы қандай пікірдесіз?

– Байқауымызша, қазір «Спутник V» вакцинасының кері әсерлері – дене қызуының көтерілуі және бірнеше күн бойы бұлшық еттің ауруы. Яғни, бұл сіздің ағзаңыздың коронавируспен күресіп жатқанын білдіреді. Ал енді ойлап қараңыз, егер екпедегі вирус ағзаңыздың кішкене бөлігіне осылай әсер етсе, онда нағыз вирусты қалай жеңбекшісіз?

«Жаңа екпені салғызғым келмейді, себебі, ол кеше ғана жасалды және оның ішінде не бар екенін бір Құдай біледі» деушілер жетерлік. Біріншіден, технология жаңа емес, бұған дейін де бірнеше сынақтан өткізілген. Оларды тек құрылғы ретінде жаңа екпеге қосқан. Екіншіден, әңгіме дәрі-дәрмектер жайлы болған соң біз олардың ішінде не бар, не жоғын жақсы білеміз. Мәселен, дәрумен немесе емдік шөп қорапшасында не бар екенін ешкім біле бермейді. Вокзалда сатылатын бәліштің ішінде не бар екеніне де мән бермейтіндер жетерлік. Қысқасы, екпе мәселесі талқылауды қажет етпейді. Себебі, пандемия жағдайында бұл сіздің амандық-саулығыңызға кепілдік беретін бірден-бір құрал.

– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен — Еңлік АРЫҚБАЙ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.