Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ҚЫМЫЗ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ТАЯҚШАЛАР МЫҢ АУРУҒА ЕМ: ДӘРІГЕРДІҢ МАҚАЛАСЫ

17.04.2021
ДЕНСАУЛЫҚ
ҚЫМЫЗ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ТАЯҚШАЛАР МЫҢ АУРУҒА ЕМ: ДӘРІГЕРДІҢ МАҚАЛАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қымыз туралы дерек осыдан екі жарым мың жыл бұрын қағаз бетіне түскен. Тарихи деректерге назар аударсақ, сырқат адамдарды қымызбен емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған.

Оны ұйымдастырған дәрігер В.Толстиков: «Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, тәнін жаңғыртады», – деп жазып кетіпті. Ал оның алдында В.Даив қымызбен емдеу әдісін насихаттап, 1843 жылдары Орынбор қаласында әскери қызметте жүргенінде-ақ қымыздың шөл қандырар сусын екенін, қырқұлақ ауруының алдын алуда емдік қасиетінің молдығын ресейліктерге ашық айтып, дәлелдеп беріпті.

Тағы бір орыс ғалымы Н.Постников та ХVIII ғасырдың 70-ші жылдарында ғылыми негізде қымыздың адам ағзасына пайдалысын, адамды жасартатынын және салмақ қосуына ықпал ететінін дәлелдеп, өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесін жариялапты. Біз мұның сыртында тағы бір орыс ғалымы Сигерстің «Кумыс и его лечебное действие» деген кітабын баспадан шығарғанын да білеміз.

Біз С.Аксаковтың жазбаларымен танысқанымызда ең алғаш қымыздың дәрілік қасиетін біліп, онымен емдеген Уфа қаласының дәрігерлері екенін білдік. Дәлірек айтқанда, дәрігер Авенариус емдеген. Жалпы, қымыздың емдік қасиеттері жөнінде ХІХ ғасырдың бірінші жартысында орыстың медициналық журналдарында Н.Шванковскийдің, П.Скворцовтың, В.Дальдің де бірнеше мақалалары жарияланған болатын.

Ұлы орыс жазушылары Л.Толстой Самара қаласында, А.Чехов Андреевск санаторийінде қымызбен емделсе, ХІХ ғасырдың ортасында ғалым дәрігерлер С.Боткин, Г.Захарин, Н.Склифосовский де қымызбен емдеу мәселелерін қызу қолдапты. 1858 жылы Самара қаласынан 6 шақырым жерде ашылған қымызбен емдеу санаторийін Н.Постников 55 жыл бойы басқарып, қазақтың қасиетті қымызы арқылы мыңдаған ауруларды емдеп-жазды. Тек қазақ жерінде қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылып, мұндағы сырқаттар үшін қымыз дәстүрлі қазақ әдісімен сабада ашытылады. Сол 1910 жылы Торғайда да теміржол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеді.

Қазақстанда ең алғаш рет ашылған қымызбен емдейтін орталық – «Бурабай» санаторийі. Қазір елімізде аурудың даму барысына қарай қымызбен емдеу әдістерін Қазақ тағамтану академиясы зерттеуде.

Негізінен қымыздың ашытылу әдісін, құрамын, емдік қасиеттерін ғылыми тұрғыда жете зерттегендердің бірі – Рубинский. Ол 1910 жылы қымызды зерттеп, оның ойдағыдай ашуы үшін ашытқылары мен «таяқшаларының» өте маңызды екендігін айтып, қымыздың құрамындағы басқа микроорганизмдер оны жасау үрдістерінде пайда болады деп атап көрсетті. Қымызды лабора-ториялық жағдайда даярлаудың негізін қалаған ғалымдар Голубков, Шипин, Сорокин, Штанге, Белокопытовалар болды. Сөйтіп, қымыз микрофлорасын зерттеп тексеруге көңіл бөлінді, қымыздан сүттің қышқыл таяқшалары мен ашытқылық заттар да бөлініп алына бастады.

Қымызды ашытып, қышқылдандыратын басты агент не деген мәселе кеңінен талқыланып, Орынбор, Уфимск аудандарына профессор А.Войткевич басқаратын Орталық курортология институтының микробиологиялық бөлімі экспедицияға шығып, зерттеулер қорытындысында қымыздың ең таза жоғары сортының морфологиялық және биохимиялық қасиеттеріне қарап бөлініп алынған таяқшалар – «болгар таяқшалары» деп танылды. Қымызды қышқылдандырып ашытатын басты зат осы болып, қымыздың спирттеніп ашуына қымыз ашытқыларының әсер ететіні анықталды. Кейін бұл пікірді 1946-1947 жылдары Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына шыққан ҚазКСР Ғылым академиясының экспедициясы да қуаттады. Башқұртстанның бірнеше ауданында ұзақ жасаушылардың өмір салтын зерттеген З.Загидуллин мен Н.Махмутзяновалар мұны олардың тұрақты түрде қымыз ішіп, оның шипалық қасиетімен денсаулығын күшейтіп, иммунитетін нығайтуынан деп мәлімдеді.

Бие сүті ең алдымен, кеңінен жайылған құрт ауруына бірден-бір ем екені дәлелденді. Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды жазатыны, атап айтқанда, өкпе ауруларын емдейтіні, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктері мен (эритроцит) гемоглобин синтезін жүзеге асыратыны, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.

Е.ЖАНҒОЖИНОВ,

Алматы облыстық фтизиопульмонология орталығының дәрігері

Сурет ғаламтордан алынды

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

Жетісуда өңірлік коалицияның қорытынды жиыны өтті

18.03.2026
Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

Мектеп оқулықтары жаңартылады: Оқу-ағарту министрі нақты мерзімдерді атады

18.03.2026
Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

Қоғам белсендісі Санжар Боқаев ұсталды

18.03.2026
Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

Қазақстанға биыл 3,3 мыңнан астам қандас оралды

18.03.2026
Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

Қазақстанда тәртіп бұзған мемқызметшілер қандай жазаға тартылады?

18.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.