Талдықорған: -7°C
$ 482.49
€ 556.75
₽ 5.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды

13.06.2025
ДЕНСАУЛЫҚ
Жетісу облысында үздік медицина қызметкерлері марапатталды
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Жетісу облысында медицина қызметкері күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Б. Римова атындағы драма театрында сала мамандарын облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Іс-шара басталмас бұрын өңір басшысы ауылдық, қалалық жердегі 12 медицина мекемесінің қызметкерлері – көтермеақы алған жас мамандармен әңгімелесті.

Салтанатты шарада Бейбіт Исабаев құттықтау сөз сөйлеп, денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту және материалдық-техникалық базаны жаңарту бағытында өңірде жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Мәселен, Жетісу облысы құрылған сәттен бастап 81 елді мекен алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерімен қамтылды, соның 58-і блок-модульді медициналық пункт, ал биыл осындай тағы 4 нысан Қаратал, Кербұлақ, Көксу аудандары мен Текелі қаласында тұрғызылады. «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында 15 нысанның құрылысы аяқталды, тағы 44 нысанның құрылысы жалғасуда. Ал Қаратал ауданының Үштөбе қаласында демеушілер есебінен 50 орындық дәрігерлік амбулатория іске қосылды. Осылайша қабылданған шаралардың арқасында бейімделген ғимараттарда орналасқан медициналық мекемелердің саны 209-дан 127-ге азайды. Бұл ретте жүйелі қолдаудың арқасында 3 жыл ішінде медициналық ұйымдардың жабдықталуы 93%-ға жетті. Сонымен қатар 58 санитарлық автокөлік сатып алынды, ал биыл осындай 29 автокөлік сатып алу жоспарлануда.

— Дәрігерлік – қарапайым мамандықтың бірі ғана емес, ол жүрек батылдығы, зор жауапкершілік. Тіршіліктегі ең құнды саналатын адам өмірі үшін сәт сайын күресетін медицина қызметкерлеріне жағдай жасау және олардың мәртебесін көтеру бағытында мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Осы қастерлі мамандық иелерін төл мерекелерімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, еңбектеріңізге толайым табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Әрдайым ел алғысына бөленіп, абырой биігінен көріне беріңіздер! – деген Б. Исабаев бұдан әрі марапаттау рәсіміне көшті.

Атап айтқанда, «Үздік ауылдық дәрігер» номинациясын Ақсу аудандық орталық ауруханасының дәрігері Жанар Қасенова, «Үздік стационарлық дәрігер» аталымын Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасының дәрігері Мақсат Ерубай, «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік дәрігері» номинациясын Панфилов аудандық орталық ауруханасының дәрігері Айдана Айдар жеңіп алды. Алакөл аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Мадина Найзабекова «Үздік акушер», Кербұлақ аудандық орталық ауруханасының медбикесі Ғалия Торғымбекова «Үздік ауылдық медбике» атанды. Марапат жалпы 13 номинация бойынша берілді. Әр жеңімпазға арнайы диплом мен ақшалай сертификат табысталды.

Олардың арасында «Үздік стационарлық медбике» атанған Ескелді аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Ольга Буракова да бар:

— Мерекеге арналған салтанатты іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Бәріне көп рахмет, мереке өте жақсы өтіп жатыр. Медицина саласында 22 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Еңбек жолымды Ескелді аудандық орталық ауруханасынан бастадым. Өз мамандығымды мақтан тұтамын әрі жақсы көремін. Әріптестеріме қиын да күрделі жұмыста еңбектеріне табыс тілеймін, — деді ол.

Ал «Үздік фельдшер» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылған Көксу аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкері Асқар Ахметов өз құттықтау сөзінде:

— Талдықорған медициналық колледжін бітіріп, көп жылдар бойы Көксу аудандық ауруханасында жұмыс істеп келемін. Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бар күш-жігерімді жұмсап, біліктілігімді арттыруға тырысамын. Осы мереке қарсаңында баршаңызға зор денсаулық, бейбіт те берекелі өмір, жақсылық тілеймін! Бізге, медицина қызметкерлеріне құрмет көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын, — деді ол.

Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

Қатысты жаңалықтар

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

Жаңа заң: Енді бала бағып отырған әкелердің еңбек өтілі ескеріледі

19.03.2026
Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

Жыл соңына қарай ұшақтарда интернет болады – вице-министр уәде берді

19.03.2026
«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

«Келесі кездесуді асыға күтемін»: Трамп мемлекет басшысы Тоқаевқа хат жолдады

19.03.2026
Ескі көлік иелері үшін жаңа жеңілдіктер енгізілді

Ескі көлік иелері үшін жаңа жеңілдіктер енгізілді

19.03.2026
Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетел азаматы ұсталды

Талдықорғанда көші-қон заңнамасын бұзған 27 шетел азаматы ұсталды

19.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.