Талдықорған: +5°C
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДЕНСАУЛЫҚ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АРМАН ЖАНСЕҢГІРОВПЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ

02.02.2023
ДЕНСАУЛЫҚ
ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ АРМАН ЖАНСЕҢГІРОВПЕН БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ ӨТТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіровпен баспасөз мәслихаты өтті.  Онда  медицина саласындағы  жетістіктер және түйінді мәселелер  сөз болды. Арман Серікұлы Жетісу облысында 362 денсаулық сақтау мекемесі, оның 314-і мемлекеттік, қалған 48-і жекеменшік екенін айтты.

«Облыстың медициналық мекемелерде 2169 дәрігер мен 7524 медбике жұмыс істейді. 10 000 тұрғынға шаққанда дәрігерлермен қамтамасыз ету 32,5, орта медицина қызметкерлермен қамтамасыз ету – 112,7 пайызды құрайды.   Кадр тапшылығы 202 маман. Оның ішінде қалаға  152, ауылдық жерге  50 маман қажет. Атап айтқанда 32 жалпы тәжірибелік дәрігер, 18 акушер-гинеколог, 15 педиатр, 15 анестезиолог-реаниматолог, тағы басқа маман қажет», – деді ол.
Облыстың бас дәрігері денсаулық сақтау саласының материалдық жағдайын жақсарту мақсатында медициналық ұйымдардың басшылары тарапынан  акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, кардиохирургке  қосымша жалақы төлеу көзделгенін айтты. Жыл сайын облыстың денсаулық сақтау басқармасы түлектерді облыстың медициналық ұйымдарын аралап, сондай-ақ,  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа тарту мақсатында медициналық жоғары оқу орындарының бос орындар жәрмеңкесіне қатысады. Мамандар келіп жатыр. Бірақ, жетіспеушілік әлі де бар. Арман Серікұлының айтуынша,  2022 жылы облыстың медициналық ұйымдарына 82 дәрігер келген. Оның ішінде 31 маман ауылдық жердегі медициналық ұйымдарға жұмысқа орналастырылған.  Жас мамандарға  қосымша жалақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету  қарастырылған. Жыл сайын емдеудің жаңа әдіс-тәжірибелері енгізілуде. Бұл орайда, 2021–2022 жылдары облыс дәрігерлері (акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, невропатолог, психиатр) біліктілігін арттыру мақсатында Түркия, Ресей, Беларусь елдерінде білім алып келген. Ең көп сұранысқа ие медицина мамандарын даярлау мақсатында 2023 жылдан бастап, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 60 дәрігерді резидентурада оқыту жоспарлануда.
Перзентханаларда медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Екі жыл бұрын облыстық перинаталдық орталық үшін 342,1 млн. теңгеге   96 бірлік медициналық құрал-жабдық (УДЗ – сараптамалық класс аппараттары, ӨЖЖ аппараттары, ҚПАП, мониторлар, жаңа туған нәрестелерге арналған кювездер, КТГ), көпбейінді облыстық балалар ауруханасы – 27,1 млн. теңгеге  3 бірлік (мониторлар, ашық реанимациялық жүйе), Панфилов ауданаралық көпсалалы ауруханасының перзентхана бөліміне 46,1 млн. теңгеге 9 бірлік (монитор, инкубатор, жаңа туған нәрестелерге арналған кювез, гипотермиялық аппарат) сатып алынды.
2022 жылы 803,4 млн. теңгеге  41 бірлік медициналық техника сатып алынды (монитор, сараптамалық сыныптағы УДЗ, наркозбен тыныс алу аппараты, бронхо, гастро, колоноскопиясы бар бейнеэндоскопиялық кешен, отоакустикалық эмисия аппараты, флюроаппарат, тағы басқалар). Аналар мен балаларға медициналық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдар 91% жабдықпен қамтамасыз етілген.  Облыстың медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында әр азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтаудың  «Салауатты ұлт»  ұлттық жобасы және жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде 2023 жылға 2,8 млрд. теңге қаражат бөлінді.
Спикердің сөзінше, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жалғасуда. Осыған байланысты, облыстың медициналық ұйымдары үшін 2023 жылы сараптамалық сыныптағы аппараттар, лапароскопияға арналған видеоэндоскопиялық жүйе, гастроскопияға арналған бейнеэндоскопиялық кешен, наркозбен тыныс алу аппараттары  және УДЗ сатып алу жоспарлануда.  Бұдан басқа, облыстық кардиологиялық орталыққа ангиограф жүйесі, Көксу орталық аудандық ауруханасына компьютер томографын орнату үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілмекші. 
Жиында сырқатқа алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі жайлы да айтылды. Об-лыста 63 жедел және шұғыл медициналық көмек бригадасы бар. Цифрландыру бойынша облыстық, аудандық және қалалық ауруханалар интернетпен 100% қамтамасыз етілгені жайлы ай-тылды. 
Брифингте  спикерге журналистер тарапынан да сауал қойылды. Адам жасын ұзарту, сырқаттанудың алдын алу барысында көптеген жоспар бары белгілі болды.

Гүлжан ТҰРСЫН,
Жетісу облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Көмек пен кеңес

Көмек пен кеңес

21.03.2026
Үш мың түп ағаш отырғызды

Үш мың түп ағаш отырғызды

21.03.2026
Болашақ – бүгіннен басталады

Болашақ – бүгіннен басталады

21.03.2026
Сатириктің серігі

Сатириктің серігі

21.03.2026
Айшықты ізі қалды

Айшықты ізі қалды

21.03.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.