Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ҚАДІР ТҮНІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ? БІЗ АҢҒАРА БЕРМЕЙТІН ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІК

24.04.2022
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ҚАДІР ТҮНІНІҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ҚАНДАЙ? БІЗ АҢҒАРА БЕРМЕЙТІН ТӨРТ ЕРЕКШЕЛІК
WhatsAppTelegramFacebook

Бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға сансыз мадақ, адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) салауат пен сәлем болсын! Дініміз Исламда ең қасиетті, қадірлі саналатын жыл бар. Ол – сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с) дүние есігін ашқан жылы. Айлардың ішінде қасиетті ай бар. Ол – біз білетін берекеге толы, қасиетті Рамазан айы. Әр аптада бір келетін қасиетті күн бар. Ол – күндердің мырзасы, кедейлердің қажылығы саналатын қасиетті жұма. Дінімізде қасиетті түн бар. Ол – өзіміз күтіп отырған қасиетті Қадір түні.

Алла қаласа, биыл қасиетті Қадір түні сәуір айының 27-нен 28-не қараған түні, сәрсенбінің кешіне тура келіп отыр. Баршаңызды қасиетті түнге аман жетіп, Алланың разылығына бөленген жандардың қатарынан болуларыңызға тілектеспін.

Жаратушы иеміз қасиетті Құран Кәрімнің «Қадір» сүресінде: «Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түні не екенін білесің бе? (Алла білдірмесе), қайдан білесің? Қадір түні мың айдан да артық. Ол түні періштілер мен Рух Раббыларының рұқсатымен әртүрлі іс атқару үшін лек-легімен түскен үстіне түсе береді. (Әсіресе, риясыз құлшылықпен өткізгендер үшін) ол түн таң бозарып атқанға дейін мейірім мен есендік түні болмақ», – деп бұл түннің қадір-қасиетін жеткізеді.

Алланың елшісі Пайғамбарымыз (с.а.с) Бұхариден жеткен хадисінде: «Қандай да бір пенде Қадір түнін Аллаға деген шынайы иманмен және сауабын бір Алладан үміт ете отырып құлшылық жасаса, оның осы күнге дейінгі барлық күнә, қателіктері  кешіріледі», – деген.

Ислам ғалымдары Қадір түнінде бірнеше мағына жатқандығын айтады. Оның біріншісі – Құран түскен түн. Алла Тағала «Қадір» сүресінде: «Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түні түсірдік», – дейді. Демек, оның алғашқы мағынасы – қасиетті кітап түсірілген түн. Сондықтан ол түннің қадірі, сауабы мол. Құран Кәрім кітабы – Алланың сөзі, адамдарды дұрыс жолға бастайтын және екі дүниенің бақытына жеткізетін иләһи кітап.

Екінші – құрметті, ардақты, қадірлі түн. Бұл түні мұсылман баласы барынша көп құлшылық жасап, Алла Тағалаға мінәжат ететіндіктен, Құран оқып, Жаратушы иеден жасаған қателік-күнәлары үшін кешірім сұрайтындықтан құрметті һәм ардақты. Қадір түнін дәл осындай ізгі амалдармен өткізген адамның Алла Тағаланың алдындағы құрметі артып, дәрежесі өседі.

Үшінші – таршылық, тығыздық түні. Бұл түні аспаннан жерге түсетін періштелердің көптігі соншалық, оларға жердің өзі таршылық етеді. Демек, бұл Қадір түніндегі періштелердің көптігін көрсетеді. Алла Елшісі (с.а.с) ибн Хузәймаға: «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады», ‒ деп хабар берген.

Төртінші – тағдыр бекітілетін түн. Алла Тағала осы түні пенделерінің бір жылдық тағдырын бекітеді. Бұл туралы ғұлама Мужаһит: «Қадір түні – тағдыр түні. Оның бұлай аталуының себебі, Алла Тағала бұл түні келесі жылғы Қадір түніне дейін кімнің ажалы жететінін, кімге қанша ризық-несібе бөлінетінін, тағы басқа үкімдерді белгілейді. Содан соң барлығын төрт періштеге: Жәбірәйіл, Исрафиль, Микәйіл және Өлім періштесіне тапсырады», – деген.

Енді Қадір түнінің өзіндік белгілеріне тоқталсақ. Убада ибн Самиттен жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.с) Қадір түнінің белгілерін: «Қадір түні – түн тұнық әрі жарық болады, ал ай бейне бір жарқырап тұрғандай көрінеді. Ол түн тыныш және жайлы, суық та емес, ыстық та емес. Бұл түні таң атпайынша, жұлдыздардың ағуына рұқсат берілмейді және таңертең күн сәулесіз, толған ай секілді түзу болып шығады әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді», – деп сипаттаған (Ахмад, Тафсир Ибн Кәсир).

Ислам ғұламалары қасиетті Қадір түнін Алла ризашылығы үшін Құранды ықыласпен оқып, мағынасын түсінуді, Пайғамбарымызға (с.а.с) көптеп салауат айтып, уағыз-насихат тыңдауды, өзара сұхбат құрып, күнделікті күйбең тіршіліктің әуресінен бір сәтке арылуды, тәубе мен истиғфар жасап, өз нәпсісін есептен өткізуді, қателік жасаудан сақтанып, қайырлы істерді жасауды, Алланың көркем есімдерін зікір етіп, жиі-жиі дұға жасауды, Жаратқан Раббымыздан бүкіл мұсылманның күнәларына кешірім тілеп, құлшылық-ғибадатпен өткізуді өсиет етеді.

Мың айдан да қайырлы Қадір түнінде тілейтін тілектеріміз бен құлшылықтарымызды Жаратқан Алла Тағала қабыл етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алла баршамызды қасиетті Қадір түніне аман жеткізіп, өзі разы болған күйде атап өткізуімізді нәсіп етсін! Әмин!

Алмас САҒИДОЛЛАҰЛЫ,

Талдықорған өңірлік орталық «Иман» мешітінің бас имамы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.