Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

14.02.2023
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ҚАСҚЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жалпы, ұлт ұғымында берік бекіген дүниені жазудың  салмағы ауыр демесек те, іштей ұғынықты жайтты қайталау барысында «мұны да сөз ете ме?» деген оқырман кейісіне кейіпкер болып қаламыз ба деп ұяласың. Бірақ әдебиет пен тарих саласында мейлінше ізденгендер болмаса, көпшілікке таныс болған күннің өзінде сәп салып ойландырмаған нәрселер баршылық. Соның бірі – қазақтың қасқырды кие тұтуы. Дәуір көшіндегі дәстүрімізге шынайы қырағылықпен қарасақ, хандық дәуір әдебиеті, жыраулар поэзиясы, көне дастандардан қасқыр, көк бөрі, абадан, арлан атауларын молынан жолықтырамыз. 

Дәстүрімізге бекіген даналық ойларды парақтап-тарақтап отырсақ, бірде-бір қасқыр жайлы жаман айтылған сөз кезіктіре алмадық. Керісінше жеті қазынаның бірі саналған итке қатысты 120-дан астам жаман-жақсылы мәтел қалыпты. Қиқарлығы жақпаған, мінезі ұнамаған адамға «ит екенсің» деп жазғырып, жанына салмақ салған, опындырған жанға «иттік істеді» деп кейіп те жатамыз. Ал осындай шақта «қасқыр екенсің» немесе «қасқырлық жасады» деп айта аламыз ба? Керісінше кешегі заманда күйігі ішіне түсіп, кебенек киіп айдалып бара жатқан Қапез Байғабыл-ұлы: «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына» деп асқақ ән әуелетті. Осының өзінен-ақ бабалардың ұғымында қасқыр қасиетінің қаншалықты қастерлі болғанын пайымдауға негіз бар. 
Әлемде ғалымдар итті ақылды хай-уан санатына жатқызғанда, бұл тізімге қасқырды қоспаған екен. Бұл туралы Қасымхан Бегмановтың «Этнографпен әңгіме» атты кітабында Жағда Бабалықұлы ерекше тоқталып, осынау ойға түбірімен қарсы екенін айтқан. Тіпті, бірқатар мысалмен қасқырдың ақылдылығына дәлел келтіреді. «Ерте көктемде бір аңшы аң аулап жүріп айдалада апандағы қасқырдың бөлтіріктеріне тап болыпты. Адам үшін қасқырдан асқан жыртқыш жоқ. Аңшы бірден алты күшіктің бесеуін өлтіріп, біреуін тірі қалдырады. Жай қалдырмай, алдыңғы екі аяғын сындырып, енесінің не істейтінін аңдыпты. Аз уақыттан соң қынадай қырылған бөлтіріктердің енесі келеді. Қаншық дереу тірі қалған жалғыз күшігін көлдің жағасындағы қамыстың арасына мойнынан тістеп апарады. Аңшы күн сайын сыртынан бақылап жүреді. Қасқыр бөлтірігін тамаққа тойғызып алып, оны ақырын жүруге тәрбиелей бастайды. Арлан мен қаншық ұзын таяқтың екі ұшынан өздері тістеп, ортасынан алдыңғы екі аяғы сынған бөлтірікке тістетіп, күн сайын түрлі жаттығулар жасайды. Күздігүні әлгі аңшы өзі аяғын сындырған бөлтіріктің тайыншадай қасқыр болғанын көреді», – деп бір оқиғаны баяндаған этнограф «осының өзі қасқырдың қан-шалықты ақылды екенін көрсетпей ме?» деген сұрау қояды. Шындығында түз тағысының бұл әрекеті бүгінгі буын ауруына шалдыққан не аяғын дұрыс ұстай алмайтын сырқаттарға арналған медициналық жаттығудан айна-қетесіз екенін көреміз. Осының өзінен қазақ ұғымындағы қастерлі қасқырдың соғұрлым ақылдылығын пайымдай беріңіз.
Қан қыстақта сан мәрте ұшырасатын қасқырға айбат шегіп, оны аулаққа қуып жіберетіні болмаса, қазақ тілдеп, боқтап көрмеген. Тіпті, қорасындағы малын тамақтап кеткенде де «қыс кәрі жаман» деп табиғат пен күн райына бұрып, немесе тікелей айтқанда «азулы ашуға мініпті», «ит-құс құтырыпты» деп қана сипай қамшылап айтып жатады. Жылқышы құрығы мен шопан сырығына жанар суарып өскен, қоңыртөбел тіршіліктің бүкіл ауыртпалығын сезінген сотанақ сары бала ретінде де біз осы ойды қуаттаймыз. Өйткені кешегі ата-әжеміз сырттанды сықпыртып, тағыны тілдегенін еш уақытта естіген емеспіз.
Хош, Жағда Бабалықұлының тағы бір мысалына кезек берелік. «1951 жылы Қазақстанда болған бір қызық оқиғаны мен Қытайда жүргенде газеттен оқып едім. Екі эколог қыстыгүні дала кезіп жүріп, 3 қасқырды көздері шалып қалады. Қолдарында – дүрбі, қозыкөш жердегіні иек астындағыдай анық көреді. Тал түсте жыраның басында 3 қасқыр қарды қазып, бір қасқырды мойнына дейін көмеді. Оның қылтиған басы ғана шығып қалады. Екеуі тауға қарай жорта жөнеледі. Бір уақытта бір үйір аңды көмілген қасқырдың үстінен қуып өтеді. Осы кезде тығылып жатқан қасқыр атып шығып, біреуін бас салады. Сөйтіп, әлгіні үшеуі бөліп жейді. Мінекей, бұл қасқырдың ақылдылығы емес пе?», – дейді дәстүрді діңіне бекіткен тұғырлы тұлға. Осы орайда біздің ойымызға әлемдік һәм қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларындағы қасқыр бейнесі келіп отыр. Ең алдымен Джек Лондонның ғұмырлық шығармаларына қасқыр тақырыбы азық болғанын айта кеткен жөн. Оның «Теңіз қорқауы», «Ақ азу», «Тектік сарын» роман-повестері мен «Қасқырдың баласы» шығармасы әлем әдебиетінде аса жоғары бағаланды. Дегенмен «Теңіз қорқауында» адам бейнесі, лақап атына орай Теңіз қорқауы аталып, арасында ғана қасқырға ұқсас мінезі баяндалғаны болмаса, негізгі «Ақ азу» шығармасы ғана қасқырдың асқақ бейнесін, ерекше қасиетін, тылсым табиғатпен жымдасып кеткен тағылық ерекшелігін айшықтай алған. Бұған қарағанда М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасында қасқыр қасиеті тым тереңнен қаузалған. Осындай салыстырмалы дүниелерді алға тарта келе қазақ пен қасқырдың арасындағы таным түбірлес пе деп ойлайсың. Сондықтан да Жағда сынды этнографтар қасқырды ақылды деп танымаған ғалымдарға қарсы уәж айтады. Асқар Алтай өзінің бір әңгімесінде (нақты тақырыбы еске түспей тұр) қасқыр туралы терең толғам жасап, оның қаншыры тұрғысында ой қорытады. «Қашыр» сөзін тарқата келіп қаншық төрт-бес бөлтірікті бір мезетте туатынын меңзейді. Үш-төрт күшіктегенде көп бөлтіріктің арасынан абадандық қасиет біреуіне ғана берілетінін айтады. Сол қаншық қасқыр күшіктер сәтте бөлтірікпен бірге жатырын да туып тастайтынын, одан ары аналық үдерісі  жалғаспайтынын айтады. Осыдан барып «қаншырдай қатқан» деген қазақтың бейнелі теңеуі пайда болған. 
Иә, қарап отырсақ, қасқырдың тылсым табиғаты, мінезі мен тағылығы туралы түрлі аңыз-әңгімелер, сипаттамалар көп екенін және оның бәрі адамның жанын баурап алар ерекшелігін аңдайсыз. Соларды адақтай келе қасқырдың ақылы мен тектілігіне шек келтірмейсің. Тіпті, Шыңғыс Айтматов «Жан пида» романында осынау түз тағысының адамға ұқсас өшпенділігін ерекше суреттейді емес пе? Ал қазақтың классик жазушысы Сәкен Жүнісов «Ақан Сері» романында «Бірішек» қасқырды Құлагермен қуғаны туралы шығарманың басында айта келе, оның бір ауылға айналып 3-4 ай өткен соң оралатын ақылдылығын суреттейді. Міне, осындай өмірден алынған толғамдарды ой безбеніне салып әрі дәстүріміздегі қасқыр ұғымын, ақындардың жырындағы асқақ пафостарды екшеп отырып түз тағысының қасиетін түсіне беруге негіз бар. Жоғарыда атап өткеніміздей, қасқыр, абадан, арлан, ақшулан, көкшулан, ит-құс, сырттан, тағы сынды 100-дей  атауға ие болған, қазақ тілі қоржынына 300-ге тарта тіркес пен атаулар енгізген қасқырдың текті екеніне, біздің дәстүрімізге, ғұмырлық өмір салтымызға сіңісті болып кеткен табиғаттың керемет жаратылысы екеніне таңғаламыз. 

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.