Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

АТА САЛТЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

17.03.2024
ДІН МЕН ДӘСТҮР
АТА САЛТЫМ-АСЫЛ ҚАЗЫНАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Ұлтты ұлт ретінде  ұстап тұратын  төрт қазығы бар: тілі, діні, салт-дәстүрі және ұлттық санасы. Осының ішінде  ұлттық мәдениеттің  негізі­ ­– салт-дәстүр. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін  керек  жерінде орындап, сақтап отырған. Салт-дәстүр- тәрбиенің көзі, қайнар бұлағы.  

Бүгінгі менің қозғайтын тақырыбым – ­қазақ ұлтының ұлылық қасиеттері. Қазақ ежелден салт-дәстүрлерін заңда жазылған ережедей сақтаған. Әр қадамында істелу керек ырым-жоралғыларын,  әдет-ғұрыптарын   өз ретімен орындап отырған.

Салт-дәстүр ұлттық тәрбиенің ұлы қасиеті десем де болады. Дәстүрге қарап өзге ұлт басқа ұлтты тани алады. Ол ұлтқа рух беріп, оның ішкі-сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі, сондықтан салт-дәстүріміз ғасырлар бойы қалыптасқан құндылығымыз.  

Қазақта  келер ұрпаққа үлгі болатындай  талай  ғажайып  салт -дәстүрлер  бар, соның бір көрінісі – қазақтың өз ұрпағына  жеті атасын жаттатқызу. Бұл басқа елде жоқ дәстүр. Қазақ халқы ұрпағына кішкентай кезінен жеті атасын жаңылмай атауды үйреткен. Көрген адам «жеті атаң кім?» деп сұрай алған. Жеті атасын білмеуді ұят, ар-намыс деп санаған. Жеті атаға қатысты  «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «Жеті атасын білген жетімдік көрмейді», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер. Жеті атасын білмеген, құлағы мен жағын жер» деген мақал-мәтелдер  де бар. Жеті ата – қазақ халқының ежелден келе жатқан шежірелік жүйесі,  яғни, қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегінің таратылуы.  Бала өзінен бастап әкесі, атасы, арғы атасы, бабасы, түп атасы, тек атасы, жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған  ұрпақтар  бір атаның балалары саналады.

Жеті атадан тараған ұрпақ жеті рулы елге айналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары  жеті атаға толмай  бір-бірінен қыз алыспайды, өйткені бала азып туады, тегі мен қаны бұзылады.    Жеті атаның мәні тегін ұмытпауда  ғана  емес,  қазақ халқы тектік қорын сақтау, ұрпақ саулығы, қан тазалығы үшін жеті атаға толмай қыз да алыспаған.  «Есім ханның ескі жолында» жетінші буынға дейін некеге тұруға тыйым салған. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдарының жинағында болашақ жұбайлардың жеті атаға дейін туыстық қатынаста болмауы талап етілген. Кезінде жеті атаға жетпей қосылғандарға теріс бата берген, тас атқан, елден аластатқан. Тіпті жерге жатқызып қойып, үстінен мал айдаған, жылқының құйрығына байлап, сүйреген. Жеті атаға толғаннан кейінгі күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туып жатса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, бозбиені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.  

Ата-бабамыздың бізге  мұра ретінде қалдырған олжалары – өздері  қанын төгіп, жанын беріп , ақ найзаның ұшымен, ақ білектің  күшімен қорғап қалған қасиетті жері, сырлы сазымен  аман-есен жеткен қасиетті қазақ тілі, басқа ұлттан  бар бояуымен, болмысымен  ерекшеленіп тұратын салт-дәстүрі. Бабаларымыздың бізге  мирас еткен осы құндылықтарымызды жоғалтпай,  ары қарай дамуына атсалысуымыз керек. Салт-дәстүріміз арқылы ұрпақ тәлім-тәрбие алып отырған. Оны қазіргі таңда да үйінде әжесі бар немесе солардың тәрбиесін көрген салиқалы отбасылардан көре аламыз. Қарапайым күнде әкеміздің ұл баласына «Қой!» дегені, анамыздың «Қыз бала емессің бе?!» деген сөздері де терең мағынамен айтылады. Оны тыңдай білетін құлақ болса, әрбір сөз тәрбиеге келіп тиеді. Үлкендер бүгін мұны бізге үйретіп жатса, болашақта оны келер ұрпаққа насихаттау біздің мойынымызда. Дәстүріміз оң болса, халық оң болады, дәстүр бұзылса, қоғамның тарихи даму сабақтастығы да бұзылады. Сондықтан да салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, есте сақтап, болашаққа  дұрыс жеткізе білу әрбір қазақтың  парызы,  әрқайсымыз  сол жауапкершілік биігінен көрінейік.

Гүлдана ЕСБОЛОВА,
«Тіл» оқу-әдістемелік орталығының
Қаратал аудандық филиалының меңгерушісі
Фото: egemen.kz 

 

Қатысты жаңалықтар

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

Ата Заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер жасалды

29.01.2026
Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

Конституция мемлекеттік құрылыстың заманауи міндеттерін айқындайды

29.01.2026
Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

Конституцияның тікелей мақсаты – әділ ереже орнату, әділетті жүйе қалыптастыру

29.01.2026
Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.