Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

«БАРШАҢЫЗ ӨЛМЕЙ ТҰРЫП ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛ»: ҚАБЫЛИСА ЖЫРАУДЫҢ ӨСИЕТІ

01.05.2020
ДІН МЕН ДӘСТҮР
"БАРШАҢЫЗ ӨЛМЕЙ ТҰРЫП ҚҰЛШЫЛЫҚ ҚЫЛ": ҚАБЫЛИСА ЖЫРАУДЫҢ ӨСИЕТІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қабылиса бабамның сарқылмас қазынасынан тағы бір сыбаға ұсынбақпын. Бұған дейін де жан дүниеме рухани азық, болашақ бағдарыма Темірқазық етіп келе жатқан баба мұрасы ғой. Дәл осы ораза айында қайтадан оралып, ой орамдарын ортаға салып, әр сөзінен ғибрат алып, арман мен жалғанның арасында жанталасып өтіп жатқан өмірімізді көңіліміздің таразысына тартып, өзімізден бір сәт есеп алып қойғанның еш артықтығы болмас деп шештім.

Азырақ сөз сөйлейін ауызға алып,
Тыңдаса жұрттың бәрі құлақ салып.
Опасыз дүниеге көзім жетпей отыр,
Алақтап жан-жағыма қайран қалып.

Ал арда көңіл оқырманым, бабаның жыр-жауһарын ауызға алып, бір ұйқаспен өрілген өлеңінің бірер шумағын арқау етіп, азырақ сөз сөйлейін деп отырмын. «Тыңдамаған сөз жетім» деген елдің ұрпағымыз ғой. Зерделі пейіліңізбен зейін қойып, менің жазып отырған дүнием болғанымен дана бабам айтқан асыл сөз деген сеніммен тыңдағаныңызды құп көремін. Жауға шапса қол бастаған, дауға түссе сөз бастаған аузы дуалы, сөзі уәлі бабамыздың көргені де көп, көңілге түйгені де телегей-теңіз екенін аңғару қиын емес. Ең басты бақыты жалғанның қызығына алданбай, қу дүниені малданбай әділдікті ту етіп, ақиқаттың жолын тауып, Алласын танып өткендігі. Оған бар мұрасын сапырмай-ақ осы мақаламда мысалға алғалы отырған төрт-бес шумақ өлеңнің төңірегінде көз жеткізесіз.

Бабам айтқандай опасыз дүниеге кімнің көзі жеткен дейсіз? Жүрегінде иманы сақталған, тілінде кәлимасы жатталған тақуа жыраудың өзі мына өмірдің уысқа тұрмас сусып түсетін құмдай өте шығарына қайран қалып отырса, құдайымен ісі жоқ көп пенденің халі не болмақ? Айтып отырған көп пенденің қатарында өзім де бармын. Сондықтан Ұлы Жаратушының алдына барғанда шынымен де екі көзім алақтап, қызыл тілім салақтап тұрмауым үшін Қабылиса жыраудың насихатынан нәр алуды жөн санадым. Татымды ойдан сіз де тағылым ала отырыңыз.

Тіл – бұлбұл, ақыл – дария, көңіл жүйрік,
Шығады шешеніңнен сөз талданып.
Құдайым өзі рахым ойламаса,
Жан сақтар ғаріп пенде қайда барып?

Шындығында сүйегі жоқ сүйір тіл сүйреңдегенде «Самарқанды су алды» ғып жібереді. Он күнәнің тоғызын мойныңызға іліп қана қоймай, өзіңе жеңіл болғанмен өзгеге ауыр зілдей әсер ететін күшке ие де бола алады. Сөйтіп, махшарда өз тілің өзіңнің дұшпаныңа айналып шыға келмек. Ендеше, бабамыз неге тілді бұлбұлға теңеп отыр. Бұлбұл – мың құбылта сайрағанда құлақ құрышын қандыратын үні де, өзі де әдемі құс емес пе? Ақиқатына жүгінсек, жыраудың жырындағы тіл – екі елі ауызға төрт елі қақпақ қойып әрең тоқтататын сумаңдаған емес, Хақты ұлықтап, ақты ақ деп бағалап, ақиқатты айтқанда бұлбұлша сайрап, жаныңды рахатқа бөлейтін тіл екен. Түсінген жанға «тіл – бұлбұл» осы болса керек.

Енді, көрінгенге көз салдыратын арсыз көңіл, ақ-қарасын ажыратпай жатып, басыңды тасқа соқтыратын жүйрік көңіл – қай кезде адамдық пен арамдықты саралап беретін таразы көңілге айналады. Бұл сауалға да жауапты бабамыздан табамыз.

Ақыл – дариядан сусындағанда ғана тіліңіз бал, көңіліңіз бастаудай мөлдір болмақ. Осындай тілі турашыл, көңілі тұнық адам ғана Құдайдың рахымынан құр қалмайтыны рас. Ал Құдай тағала өзі рахым етпесе, ғаріп пенде шынымен де қайда барып жан сақтамақ?! Осыны пенде баласы білмейді емес-ау, біледі. Бірақ неге селт етпейді жүрегі?!

Ойлап көріңізші, тасқа айналған жүректі Құдайдан қорқу арқылы ғана жұмсартпасақ, басқа айла бар ма? Айтып келмейтін ажал алдыңнан шыға келгенде жаныңды алқымыңнан суырып алуға әзір Әзірейіл періште Құдайым рахым айласа ғана шыбын жаныңды орнында қалдырады. Өліп-тірілгендей сөйледі демеңіз, бабамның сөзін айтып отырмын.

Дүниенің опасызын біліп тұрып,
Қылмаймыз хақ бұйрығын мойын салып.
Бір күні ажал жақын келген кезде,
Мал-пұлың жаныңызды қалмайды алып.

Ақыл-есі дұрыс тірі пенде қаншама жақынынан айырылып, дүниенің опасыздығына көзі жетіп келе жатса да, осы қаза бір күні менің де басыма келеді-ау деп ойлана қоймайды-ау. Өлімнің хақ екенін ескерте бастасаң, қу нәпсі қалай қойсын ба? «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген, дұрыс сөйле», – деп шоқ басып алғандай шоршып кетеді. «Жаман айтпай жақсы жоқ» екенін ескергісі де келмейді. Жанымыз тәтті болғанмен, опасыз дүние бір күні опық жегізетінін біліп тұрып Хақ бұйрығын орындамасқа шарамыз да жоқ-ау.

Хақтың бұйрығы әлсіз пендеге тау қопартып, тас тасыту емес қой. Бір қолымыздың саусағымен ғана өлшенген бес парызымызды толық атқарсақ жетіп жатыр. Нәпсімізге алданып, әзәзілдің жетегінде кетсек, бабам айтқандай ажал жақын келгенде жалған дүниеде Жаратқанның жамалын көрсетуден тосқан мал-пұлымыз жанымызды алып қалмайтынын есімізден шығармайық. Ол үшін Қабан жырау бабамның асыл қазынасын оқыңыз, санаңызға тоқыңыз, алдамшы өмірге алданбай айналаңызға екі қарап, бір шоқыңыз. Сонда ғана Алла алдына барғанда есебіңіз түгел, еңсеңіз биік болады.

Ер-әйел һәммамызға иман парыз,
Жаратқан бір Алланы есіңе алып.
Бір Алла иманыңды нәсіп етсе,
Ішерсің хаузы кәусар суын қанып.

Пенде баласының қателігі иманды өлген адамға ғана керек деп топшылауында болып тұр-ау. Бір адамның жамандығын көргенде «имансыз неме екен» деп көңіліміз қарадай қалғанымен, сол «иманды» жалғаннан көшкен адамның «жолдасы болсын» деп, соған ғана теліп жататынымыз несі екен? Иман деген әуелде бір Аллаға деген сенім емес пе? Ал имансыз – құдайсыз деген мағынаны білдірмей ме? «Құдайсыз қурай сынбайтынын» білген қазақ Ұлы Жаратушының бар екеніне де еш күмәнсіз сенген жұрт емес пе? Сенген екенбіз, ендеше неге бұйырғанын орындап, тыйыл дегенінен тыйылмасқа? Қабан бабам мына жолдарды ат мініп, шапан кию үшін жазбағаны бесенеден белгілі. Иман Алланы еске алу арқылы жүрекке бекитінін, ондай жанның дүние тіршілігінде дидары шуақты болатынын, нәтижесінде Кәусар бұлағынан дәм татып, бақи өмірде жұмақ бақшасы мәңгі тұрағына айналатынын ұмытпайық.

Білмесек иман, ислам үйренелік,
Болады пәс көңілің шамдай жарық. 
Мақлұқаттың кейбіреуі көзге ілінбес,
Қисабы баршасының Аллаға анық.
Қисапсыз құрт-құмырсқа, шыбын-шіркей,
Аллаға жалбарынар есіне алып.

Дамыған заман, жаңа қоғамда өмір сүріп жатып, бір Алланың барлығына күмәнмен қарайтын, тіпті сенбейтін де пенде бар. Діні басқа, тілі бөлек жұрт былай тұрсын, осы сорақылық өз қазағымыздың ішінен шығып жатқаны ащы да болса ақиқат. Бүгінгідей ғылымның сыры ашылмақ түгілі, қағаз бен қалам қат болған дәуірде өмір сүрген Қабылиса бабамның өзі «білмесек үйренейік» дейді. Исламнан нәр алған иман қараңғы қапас кеудеңді нұрға бөлеп, пәс көңіліңді шамдай жарық қылатынын айтады.

Мынау ғаламдағы жаратылыстың бәрі, тіпті солардың ішінде көзге ілінер-ілінбес мақлұқаттың әрқайсысы өз тілінде Алланы еске алатынын дана бабам неге сүйеніп айтты дерсіз? Әрине, Алланың кәләмі қасиетті Құран Кәрімнен алып отыр. «Жеті көк және жер, сондай-ақ онда болғандар Алланы пәктейді. Оны пәктеп, мақтамайтын ешнәрсе жоқ. Бірақ сендер олардың тасбихтарын (пәктеулерін) түсіне алмайсыңдар. Шыныңда Алла өте жұмсақ, аса жарылқаушы» (Исра сүресі, 44-аят). Ақиқатында адам баласы мақлұқаттың Алланы қалай зікір етіп, пәктеп жатқанын түсіне алмайтыны рас. Бірақ ақыл иесі ретінде біз Құранға жүгінеміз, соған сенеміз. Осыдан-ақ Қабылиса бабамыздың бізге қандай қазына қалдырып кеткенін бағамдай беріңіз.

Ғаламда он сегіз мың жан-жануар,
Ажалдан құтыла ма бірі қалып?
Ақыры дүние шіркін жолдас емес,
Қылмаңдар тәкаппарлық мойынға алып
.

Алдыңғы екі жол да аяттың қазақша мағынасын беріп тұр. Алланың адамзатқа жіберген кітабында: «Күллі жан иесі өлімнің дәмін татады» (Әли-Имран сүресі, 185-аят) деген. Мына жарық дүниенің жамалынан адам ғана кетеді деген жоқ. Күллі жыбырлаған жанның бәрі өлім құшатынын ескертеді. Дана бабам сол ескертуді қазақы қалыпқа салып, жанына жақын жыр жолдары арқылы ұғындырып отыр. Тәкаппарлық қылмаңдар десе де, бабаның сөзін баланың әңгімесіндей көріп, құлағымызға ілгіміз келмейді. Жақынымыздан жат қылып, ағайынымызбен араздастыратын дүниенің мәңгі жолдас еместігін білсек те, тағдырға бойұсынғымыз келмейді.

Әр барған жаназамызда имамнан жиі еститін насихатқа тағы бір зер салыңызшы. «Адам өмірден өткенде өзімен бірге қабірге үш нәрсесі барып, біреуі қалады да, екеуі қайтады. Қайтатын екі нәрсесі – мал-дүниесі мен ағайын-туысы. Ал қабірде қалатыны тіршілікте жасаған жақсы, жаман амалы», – дейді. Осыны естіп, мәңгі жолдас болмайтынын біле тұра дүниені соншалық жақсы көретініміз несі екен?! Әй, пенделік өмір-ай! Бәлкім, бабадан қалған жыр-бұлақтан қана ішпегендіктен дүниеге шөлдеп тұратын шығармыз.

Дүниеде мың жасасаң кетер күні,
Болмайсың шай ішкендей әбден қанып.
Баршаңыз өлмей тұрып құлшылық қыл,
Болғанда тумақ сүнет, өлмек анық.

Не деген өлшем?! Бұл да ақиқат. Қамшы сабындай қысқа ғұмыр, бес күн жалған өмір. Көргеніміз жалған, көрмегіміз арман дүние. Міне, мың жылыңыздың қазақы өлшемдегі ұзақтығы. Адамзат қауымында ең ұзақ жасаған Нұх пайғамбар 950 жыл өмір сүріпті. Сол пайғамбар жайлы қиссада бір адам: «Осынша жыл өмір сүрдіңіз. Мына жарық дүние қандай екен?» деп сұрағанда «Мына дүние үлкен бір сарай ғана сияқты. Бір есігінен кіріп, бір есігінен шығып бара жатасың», – депті. Адамның мына жалғандағы мың жылы Алла алдындағы бір сағатқа ғана тең дейді шариғатымызда.

Құдай тағала Құранды білген құлының зейінін ашып, ақыл-ойын кемелдендіріп қояды екен ғой. Әйтпесе, мың жылдық ғұмырдың қазақы өлшемде қанып ішкен шайыңдай болмайтын қысқа екенін дөп басып айта алар ма еді?

Баба сөзін түйіндей келе түсінгенім, адам баласы үшін өмір мен өлімнің арасындағы мың жылдық ғұмырдың рахаты – өзін жаратқан Құдайына құлшылық жасау ғана екен ғой. Не болса соған қызықтырған жалған дүние-ай! 

Жұматай ӘМІРЕЕВ

Сурет ғаламтордан алынды

 

Қатысты жаңалықтар

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

Қытайда 16 адам өлім жазасына кесілді

30.01.2026
Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

Қазақстанда ірі ірімшік зауыты салынбақ

30.01.2026
Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

Қазақстан өңірлеріндегі теңсіздік: Жетісу неге кедей аймақтар тізімінде?

30.01.2026
«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

«Мұқағали» моноспектаклінің премьерасы өтті

30.01.2026
Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

Спорт пен туризм: Министрлік 2026 жылдың жоспарын саралады

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.