Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТІҢ КИМЕШЕК КИЮІНЕ НЕ СЕБЕП БОЛДЫ

27.02.2023
ДІН МЕН ДӘСТҮР
БЕЛГІЛІ ЖУРНАЛИСТІҢ КИМЕШЕК КИЮІНЕ НЕ СЕБЕП БОЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгінде Талдықорғандағы қайшалысқан қара нөпір  көптің ішінен көзге бірден ілігетін жан бөгенайы бөлек бір жан жанды ата десе, ол – әріптесіміз Гүлназ Мұстафа дер едік. Ол тіпті бұл үшін «атың шықпаса жер өртенің» кебімен танымалдыққа талпынған да жоқ. Оп-оңай.  Бағзыдан жетіп, жібі үзілуге таяған дәстүрді қайта жалғап, кимешекті басынан тастамай киіп жүр.

Өзін сөздің емес істің адамы санайтын журналистті кейінгі кездері ұлттық құндылықтың жоғалып бара жатқаны қатты толғандырады. Бұрынғы апа, әжелердің киелі кимешегі сахналық киімге айналып кетсе, қыздар жағы хиджапқа көшті. Ал нәрестелер әже әлдиінің не екенін білмей өсіп жатыр.

 

ХИДЖАП КИЮГЕ МӘЖБҮР БОЛДЫ

Көңілге кірбің түсіретін осындай жайттарды сөз еткен Гүлназ Мұстафа: «Қазақилығымыздың жоғалып бара жатқанын ойлаған сайын жүрегім ауырып кетеді. Иманға бет бұрған қыздар келте көйлекті, қысқа шашты аналарды көреді, тіпті, жаулық тартқан келінді де кезіктірмейді. Содан кейін қайтсін, әурет жерін жабу үшін хиджап киюге мәжбүр болды. Егер олардың үйлерінде үлгі көрсетер  ақ жаулықты апалары, кимешек киген әжелері отырса, бөтен ұлттың киіміне жүгірмес еді ғой. Қазір осылай, енді біраз жылдан кейін ұлттық құндылықтан жұрдай боламыз», – деп түйіндеді жылы басталған әңгімені.

Осы сәтте өзі не істей алатынын пайымдаған журналист шамалы болса да жастардың бетін бұру үшін қолынан не келетінін саралайды. Бір дүниені ойласа бірден өзінен бастайтын ол киелі кимешекті күнделікті киюге оқталады. Ел қоятын сұраққа жауап беріп отырмас үшін, алдымен осы жаңалық жайлы әлеуметтік желіге жариялауды жөн көреді.

ОСЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛСАҢЫЗ…

Сосын дейсіз бе, іле-шала «сабақты ине сәтімен» дегендей бір бейтаныс кісі хабарласады да: «Елімізде Айнұр Жүгінісова деген ұлт жанашырының «Қазақ аналары – дәстүрге жол» деген жобасы жүзеге асуда, оның осындай атпен тіркелген қоғамдық бірлестігі күннен күнге қатарын толықтырып, салт пен дәстүрді дәріптеп, насихаттап, өте үлкен іс-шараларды өткізіп келеді», — дейді де артынша сүйіншілі хабарды айтады.

 «Жаңа құрылған Жетісу облысында сол бірлестіктің  филиалын ашып, осы жұмыстарды қолыңызға алсаңыз», – деп ұсыныс тастайды. Іздегенге сұраған, қауанышы қойнына сыймай келесі күні-ақ сол адамдармен кездесуге барады.

 

ІСТЕРІНЕ ДӘН РИЗА БОЛДЫМ

– Әдемі кимешек киген әр облыс филиалдарының төрайымдарының көркіне көз тоймайды. Ұлттық киімді насихаттаудан басталатын істеріне де дән риза болдым. Сол күннен бастап мен де көңілім қалап жүрген киелі бас киімімді тастамай кидім. Кимешектің сондай жайлы екенін бірден сезініп, әжелеріміздің оны не үшін жақсы көргенін шындап ұғындым. Қазіргі заманда ақ түсті матаның түр-түрі бар, дизайнерлер кимешектің де, шылауыштың да ерекше сәнді және жайлы үлгісін жасап береді. Қандай керемет! Осылайша,  мен де осы келелі іске өз үлесімді қосуды мақсат тұттым, – деген Гүлназ Мұстафаның әрлі әңгімесі қоғамдық бірлестіктің жұмысы жайына ойысты.

Республикалық «Қазақ аналары – дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалы ресми түрде тіркелген. Соның төрайымы ретінде жұмысқа кіріскеніне 3 айға жуықтады. Жоспары жасалған. Осы айдың аяғында үлкен байқау өткізбекші еді, саяси науқанға байланысты ол іс-шара сәуірге қалды. Қазір қатары өзі сияқты елім, жұртым, салтым, дәстүрім деген аналармен толығуда. Гүлназ Мұстафа келешекте Жетісу өңірінде киелі кимешегін киіп, әдемі әлдиімен немересін тербететін апалардың қатарының көбейетініне сенімді. «Біз үлкендер өзіміздің тәрбиелік мәні зор ісімізбен, ұлттық сырт келбетімізбен үлгі бола білсек, болашақта иманды, ұлтына жанашыр, ұлттық құндылықтарын қадірлейтін жастар көбейеді деп ойлаймын», – деп түйіндеді сөзін «Қазақ аналары – дәтүрге жол» РҚБ Жетісу облысы бойынша филиалының төрайымы.

Біз де ел ертеңі үшін аянбай еңбек етіп жүрген әріптесіміздің әр ісіне сәттілік тіледік. Тек 22 наурыз ғана көшеден көріп қалатын ұлттық киім күнделікті өмірімізге еніп, заман талабына сай бейімделсе екен деген ойдамыз. Заманауи ұлттық киімдердің барын жоққа шығамаймыз, әрине, тек оны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сондықтан бағасы көңілге қонымды, жүрегі ұлтым деп соғатын қарапайым халықтың қолы жетсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.