Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІҢ ТІРЕГІ

30.04.2020
ДІН МЕН ДӘСТҮР
БЕРЕКЕ-БІРЛІКТІҢ ТІРЕГІ
WhatsAppTelegramFacebook

Елбасының Жарлығымен 1996 жылдан бастап 1 мамыр «Қазақстан халқының бірлігі» күні ретінде аталып келеді. Кеңес Одағындағы еңбекшілердің таптық мерекесі болған 1 мамыр тәуелсіз Қазақстанның тарихына енгенде мүлдем жаңаша мән-маңызға ие болды. Айтулы күн этностардың бірлігін нығайтып, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін жұмылған жұдырықтай тұтасуға үндеп келеді. Сөйтіп бұл мейрам бүгінде «Қазақстан халқының бірлігі күні» деген мазмұнда жалғасын тауып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды.

Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігі, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру жайлы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осыдан біраз жыл бұрын сөйлеген сөзінде: «Көктемгі 1 мамыр мерекесі біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсуі тиіс. Бұл біздің туған Қазақстанымыздағы 20 жылда құрған негізгі мерекеміз болады. Бірінші мамыр – бірліктің ерекше мерекесі. Сондықтан да мамырда тұтас ай бойы жақындасудың барлық жаңа жолдарын байқап көру керек. Ал тұрақтылық болмаған жерде даму да болмайтынына қазіргі жер жаһанда орын алып жатқан мысалдар жеткілікті. Сондықтан да бірлікті ту еткен еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін басты мерекелердің біріне айналдыруды қолдап келеді. Жұмыс істеу қажет. Егер барлық облыста тереңінен ойластырса, өте қызықты шаралар жүзеге асатын болады әрі мұның елге пайдасы да зор», – деген еді.
Расында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның құрамындағы этномәдени орталықтар бүкіл әлемге әртүрлі этнос өкілдерінің бейбітшілікте, достық пен келісімде өмір сүріп, ынтымақтаса тіршілік ете алатынын дәлелдеді.
Тоқтаусыз зырлаған уақыт Ассамблеяның этностарды біріктірудегі, өзара құрмет көрсетудегі, шыдамдылық танытудағы, ұрпақтар сабақтастығындағы рөлі қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Құрылғанына биыл 25 жыл толып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрақты даму жолынан өтіп, халықтық дипломатия институтына айналды. Ұлы Дала еліне тағдырдың  тәлкегімен жер ауып, өсіп-өнген, үрім-бұтағын жайған 130-дан астам этностың басын қосатын бұл институт республиканың тұрақтылығы мен үдемелі дамуын сақтауда үлкен рөл атқарып келеді. Соған орай Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында жүргізіп отырған саясатының табыстылығын бүкіл әлемге көрсетті.
Жетісу жеріндегі тұрақтылық пен тыныштықтың ұйытқысына айналып отырған облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы әртүрлі форматта мәні мен маңызы, тәлім-тәрбиелік ғибраты мол, патриоттық рухтағы, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуге бағытталған  көптеген іс-шара өткізуде. Мәселен, жастарға үлгі болатын «Қазақтану» жобасы бойынша ұйымдастырылған дәстүрлі «Сіргемөлдіретер» және «Қымызмұрындық» мерекелері аясында облыс аудандарынан келген әртүрлі этнос өкілдері Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін мемлекеттік тілде оқып, мақал-мәтел сайысына қатысты.
«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған және ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған «Ортақ Абай» байқауына облыстың барлық ауданынан мектеп оқушылары қатысып, өз шеберліктерін танытты. Абай Құнанбаевтың әндері мен өлеңдерін, қарасөздерін жатқа оқыған балалардың бәрі де түрлі этностардың өкілдері. Шынында бүгінгі күні облыстағы ұлт өкілдері қазақ тілін жетік меңгеріп, емін-еркін сөйлей алады. Оған республика деңгейінде өткізілген іс-шаралар дәлел. Түрлі байқауларға қатысып, қазақ тілінен жеңімпаз атанып жүрген этнос өкілдерінің жетістігі Қазақстан халқы Ассамблеясының ширек ғасыр ішіндегі қажырлы жұмысының нәтижесі.
Ассамблея мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары да қазақ тілін дәріптеу мақсатында аянбай еңбек етуде. Әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Асылы Осман, республикалық «Қазақстан – Корея» достық қоғамы облыстық филиалының төрағасы Клара Хан, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, Корей этномәдени орталығының төрағасы Владимир Ли қазақ тілінің жанашырлары деп айтсақ, артық болмайды.
Облыстық Достық үйінде мемлекеттік тілді меңгеруге арналған «Қазақ тілі» орталығы да тегін жұмыс істейді. Бұл басқа этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретуге ықпал етіп келеді.
Жүйелі жүргізілген сарабдал саясаттың, әрбір азамат Конституцияда кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануының арқасында елімізде ерекше сенім, ынтымақтастық және өзара түсіністік ахуалы қалыптасты.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жемісті қызметі республикамыздың этносаралық қатынастар мәселесін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделінің өсуіне ықпал етіп келеді. Көп жағдайда ҚХА азаматтардың теңдік принциптерін ғана емес, сондай-ақ басқа елдерде сирек кездесетін діни сенім құқығын да қамтамасыз етеді.
«Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ», – дейді халық даналығы. Біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім, елдің бірлігі мен татулығы. 

Тәңірберген Қасымберкебаев,
ҚР Мәдениет қайраткері, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры

Қатысты жаңалықтар

Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026
Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.