Фото: culture.ru
Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 2025 жылдың 1 наурызында басталады. Ал 26-27 наурыз аралығында Қадір түні болады. Ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығында өтеді.
Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
2025 жылға арналған діни мерекелердің кестесі жарияланды. Кестемен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі таныстырды.

Фото: muftyat
Биыл қасиетті Рамазан айы 1 наурызда басталып, Қадір түні – 26-27 наурыз аралығында болады. 30 наурызда Ораза айт, ал Құрбан айт 6-8 маусым аралығында өтеді.





