Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Ұлт руханиятының тірегі   

15.02.2024
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Ұлт руханиятының тірегі   
WhatsAppTelegramFacebook

Дін – иман айнасы екені еш шүбәсіз. Осы бір қасиетті қағиданы 18 мың ғаламның жаратушысы жалғыз Аллаға деген ұлы сеніммен ұстана білу – әр мұсылман баласының басты парызы. Жасырары жоқ кешегі кеңес одағының тұсында ұмыт қалған бұл құндылық еліміз егемендік алып, еңсе тіктегеннен бері халқымызбен қайта қауышты. Осыдан соң-ақ еліміздің әр аймағында көптеген жаңа мешіттер бой көтеріп, жұрт ата-бабамыздан ұстанып келе жатқан ислам дініндегі шариғат шарттарын орындауға бет бұрды.

Осы барыста көп ұлт ірге тепкен қазақ даласына жақсының атын жамылып,  жамағатты тура жолдан тайдыруға  сұқтанған жат пиғылды діни ағымдар қара құртша қаптап, өз көздегендеріне жетуге тырысып бақты. Соның кесірінен дінге келушілер кімге сенерін білмей, кейбір бауырларымыз жат дінді насихаттаушылардың жетегінде кетті.

Осыған сәйкес соңғы жылдары елімізде дін туралы жаңа заң қабылданып, ол көптеген заңсыз діни ұйымдардың жүгенсіздігіне тосқауыл қойып, әркімнің өзінің дәстүрлі дінін ұстануына зор мүмкіндік берді.

Аталған заң ережелері аясында бүгінгі таңда тұрғындардың ақ пен қараның аражігін ажырата білуіне бағытталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының үгіт-насихат топтары жүйелі түрде жұмыс жүргізіп келеді. Бұл біріншіден, ел ертеңі саналатын жастарға тура жол нұсқаса, екіншіден, дәстүрлі ислам дінінің ізгі қасиеттері әлемдік өркениеттің негізін қалаушысы екендігін анық түсіндіреді.

Дін саласындағы мамандардың мәліметінше, қазір Жетісу облысында        Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңына сәйкес 258 діни ұйым мен филиалдар тіркелген. Соның ішінде дәстүрлі исламды дәріптейтін 200-ден астам мешіт, 16  орыс православие, 3 рим католик шіркеуі, 30 — протестанттық құлшылық үйі, 1 —  Ехоба куәгерлерінің ғибадатханасы   1 – Бахаи қауымдастығы  жұмыс жасауда. Осыған сәйкес,  өңірдегі діни ахуал тұрақты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы  Жетісу облысы бойынша бас имамы Керімбек Дәуітов: –  «Ислам дінінің негізі – таухид, ұраны – шыншылдық, айналасы — əділет, құндылығы – ақиқат, рухы – мейрімділіктен тұрады. Ал, біздің ұстанымыздағы сан ғасырлық тарихы бар Әбу Ханифа мазхабы адамдарды жалған қараңғылықтан сақтап, береке-бірлікке шақыратын әділ жолдың нұсқаушысы екені анық.

Өкінішке орай бүгінгі таңда осы құндылықтардың нарқын білмеген біраз адамдар бәзбіреулердің алдап-арбауына түсіп басқа бағытты ұстануда. Оларға дәстүрлі Ислам дінінің шарттарынан мағлұмат беру біздің басты міндетіміз. «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» деген. Білімді де сауатты имамдарымыз жат пиғылды ағымдардың арбауында жүрген бауырларымызды тура жолға бағыттауы тиіс.

Соңғы жылдары аймақта көптеген игі шаралар ұйыымдастырумен қатар үнемі үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп кедеді. Соның нәтижесін жұрт әрбір істің дұрыс-бұрысына көз жеткізе бастады. Мұндай шаралар бұдан былай да жалғаса береді»,  – дейді.

Талдықорған тұрғыны, зейнеткер Серікбек Балқыбекұлы ақсақалдың  пікірінше, жалпы дін мен дәстүр ұлт руханиятының тірегі. Ата-бабаларымыз аттың жалы, түйенің қомында көшпенді ғұмыр кешіп, небір тауқыметті тағдырды бастан өткерсе де, өз ана тілін, дінін, ділін көздің қарашығындай сақтап, дәстүрлі шариғат шарттарын өз деңгейінде ұстана білген. Тіпті, оны қалыптасқан салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызға сай ұлағатты ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауына айналдырған.

Жасырары жоқ, кешегі кеңес үкіметінің ұлтсыздандыру саясатының тұсында ұзақ жыл ұмыт қалған ислам діні елімізге егемендік алып, еңсе тіктегеннен бері қайта  жаңғыртыла бастады. Оның өзінде әлемдегі бір ғана мұсылман дінінің қақ жарылуына байланысты қарайған қауым кімге сеніп қай жолды ұстанарын  білмей дағдарды. Осылайша «Шала молла дін бұзар» демекші, осы бір ұрымтал сәтті ұтымды пайдалаған қоғамдағы кейбір жат пиғылды діни ұйымдар өз ойларын жүзеге асыру үшін  қолдарынан келгенін жасауға тырысып бақты. Соның салдарынан енді ғана ес жия бастаған жұрттың біразы кейбір бөгде дінді адамдардың жетегінде кетіп, әлдеқандай діни топтардың құрбанына айналды. Сол себепті бүгінгі ұлт болашағының кепілі саналатын қазақ жастарының кіршіксіз ислам дініне сенім артып, адаспай жол табуына қол ұшын беру әрбір мұсылман баласының ортақ борышы. 

Зиялы қауым өкілдерінің сөзінше, бүгінде жат пиғылды діни ағымдар көп. Дін атын жамылған теріс ниеттілердің мақсаты қарапайым халықтың санасын қате ұғымдармен улап, ел мен елдің, ұлт пен ұлттың арасына іріткі тудыру арқылы бейбітшілік пен тыныштықты бұзу. Қазақстан көп ұлтты басқа мемлекеттермен керегесі кең, терезесі тең. Алланың сыйға тартқан ұлан-ғайыр даласында береке-бірлігімізді сақтап бейбіт өмір кешу жалпы жұрттың арманы. Балаларымыз бен жақындарымызды өз ана тілі мен дәстүрлі дініміздің қадірін бағалай білуге бағыттасақ ұрпағымыздың адаспай тура жол табары  сөзсіз.

 

                                                 Айдын КӘЛІМХАН

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.