Талдықорған: +1°C
$ 503.17
€ 600.89
₽ 6.63
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

Мұсылманша некеге шектеу қойған дұрыс па? Белгілі дінтанушы пікір білдірді

19.04.2024
ДІН МЕН ДӘСТҮР
Мұсылманша некеге шектеу қойған дұрыс па? Белгілі дінтанушы пікір білдірді
WhatsAppTelegramFacebook

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы «мұсылманша неке қию» мәселесіне байланысты ойын ортаға салды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның сөзінше, заңды некеге тұрмаған жас-жұбайлардың діни некесіне шектеу қою әрі осы үшін діни қызметкерлерді жауапқа тарту — орынсыз дүние.

«Біз зайырлы мемлекет болғандықтан, діни некенің заң тұрғысынан ешбір салмағының жоқтығы бәрімізге белгілі жайт. Діни неке – сәбиге ат қою, жаназа шығару сияқты бар болғаны дәстүрі құндылық, рухани жауапкершілік, діни рәсім. Ол әр адамның сенім мәселесі. Ал енді құқықтық тұрғыдан еш салмағы жоқ рухани құндылыққа қандайда бір шектеу қою, діни қызметкерлерді ол үшін жауапқа тарту ата-заңда қорғалған кісінің наным-сеніміне қысым жасауға жатады.

АХАЖ-ға тіркелмес бұрын діни неке қиюға шектеу қою қисынсыз. Егер бұл рухани құндылыққа әлгіндей шектеу мен талап қоятын болсақ, онда АХАЖ-ға тіркелмес бұрын келін түсіру, беташар жасау, үлкендердің бата беру сияқты әрекеттеріне де, бүгінде кең етек алып бара жатқан азаматтық некеге де шектеу қойып, жауапқа тартуымыз керек болады», — дейді дінтанушы.

Айтуынша, мұнда бастысы шаңырақ көтеруге бел буған жұптардың неке жасы және өзіндік қалауы ескерілуі шарт.

«Мәселе некені қиюда емес, діни некеге ниетті  кісілердің заңда көрсетілген жасқа жетіп-жетпегені, өз еркімен қидырып-қидырмағаны болуға тиіс. Сондай-ақ жауапкершілік те өздерімен ғана шектелуі керек.

Түрлі теріс ағамдырдың қате әрекеттерін реттеу үшін діни құндылықтарға әлгіндей қисынсыз талап қою яки имамдарды сол үшін жауапқа тарту дұрыс шешім емес. Шын мәнінде діни некені қидырамын деген кісі қажет болса, оны имамдарсыз-ақ жасай береді. Қырғызстан секілді жақын шетелге асып, яки сол жақтан біреуді шақыртып та қидыра салады», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше 2022 жылы 17 қазанда экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған  республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданылғаны хабарланған болатын. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Имам Бишімбаев пен оның марқұм әйелі Нүкенованың заңды түрде некеге тұрмағанына қарамастан, екі рет мұсылманша некелерін қиып берген. Бұл туралы Бишімбаевтың сотында айтылған.

«2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ.Бишімбаев пен С.Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, олар «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ.Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды», — деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Қанат Қыдырмин бұрын Ақмола облысының бас имамы, «Әзірет Сұлтан» мешітінде наиб имам, ұстаз болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, ҚМДБ жанындағы «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры қызметін атқарған.

Естеріңізге салайық, 2023 жылдың 9 қарашасында Қуандық Бишімбаевқа азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылды. Оның соты жоғарғы соттың тікелей эфирінде өтіп жатыр.

Коллаж: Dalanews.kz

Қатысты жаңалықтар

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

Әскери топограф күні: мамандар 3D-модельдеуді енгізіп, цифрлық ұрыс алаңын қалыптастыруда

30.01.2026
Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

Вакцинациялау есебі толық цифрлық форматқа көшті

30.01.2026
Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

Қазақстанда шетел азаматтары үшін суррогат ана қызметіне шектеу енгізілмек

30.01.2026
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты

30.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға»: биылғы төлем қаңтардың соңында түседі

«Ұлттық қор – балаларға»: биылғы төлем қаңтардың соңында түседі

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.