Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ТАЛҒАРДА ӘБУБӘКІР СЫДДЫҚ АТЫНДА СУ ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

15.05.2021
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ТАЛҒАРДА ӘБУБӘКІР СЫДДЫҚ АТЫНДА СУ ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Қасиетті Рамазан айының соңында Талғар қаласында Алланың ақ үйі жамағатқа есігін айқара ашты. Шаңырағынан шексіз мейірімнің шуағы төгілетін қасиетті мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, ҚМДБ дін істері бөлімінің басшысы Нұрбек қажы Әуесханұлы, ҚМДБ Алматы өңірі бойынша бас имамы Қуаныш Наржанов және Талғар қаласының әкімі Айдар Нұрмұхамбедов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмахан Еңкебаев қатысып, күмбезі көкпен таласқан жаңа мешіттің ашылуымен мұсылман қауымды құттықтады.

Елімізді індет дендеуіне байланысты былтырдан бері мешіттерде жұма намазын оқуға тыйым салынған болатын. Өткен аптадан бастап шектеулер алынып, карантин талаптарын сақтай отырып, санаулы адаммен жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Осы қуанышты жайтты ескере отырып, жаңа мешіттің ашылуына келген қадірлі қонақтар арақашықтықты сақтап, ізгі тілектерін білдірді. «Құран сөзі – құдай сөзі» деп, іс-шараның басында қасиетті Құран Кәрім оқылды.

– Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла үйін тұрғызған адам үшін жәннатта сарай салынатынын өсиет етіп, сүйіншілеген. Сондықтан, бой көтерген жаңа мешіт имандылықтың ұйытқысына айналсын. Күллі адамзат індеттен аман болып, бейбіт заманда, тыныштықта алаңсыз өмір сүруді нәсіп етсін, – деген бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ізгі тілек білдіріп, жаңа мешіттің бас имамы Қажымұхан Қамбарұлына Құран кітабын табыстады. Сондай-ақ, Белбұлақ ауылындағы қарилар даярлайтын орталықта білім алып, Құран жаттаған зағип жан Мейрамбек Құрманғазыұлы мен орталықтың қарилары Әлібек Арманұлына және Абылай Нәзімбекұлына жер телімінің мемлекеттік актісін және арнайы сыйлықтар табыс етті.

Одан кейін сөз алған игі жақсылар мұсылман баласының жүрегіне ізгіліктің, қайырым мен мейірімнің сәулесін түсіріп, имандылыққа, құлшылыққа ұйытқы болар бұл мешіттің де іші жамағатқа толуын тіледі.

Жаһанда жер бар ма екен Талғарымдай,
Мәңгілік аңсап өтер арманымдай.
Талбесіктей тербетіп таза ауасы,
Тамылжып ататұғын таңдары жай,
– деп игі істі тізгіндеген ақын Камнұр Тәлімұлы жырлағандай, ежелден құт қонып, бақ дарыған, тарихы терең Талғар қаласының көркін кіргізіп, ажарын ашып тұратын хазіреті «Әбубәкір Сыддық» (р.а) атындағы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан барша иманжүзді азаматтардың жұдырықтай жұмылған бірлігі мен тірлігінің арқасында зәулім сарайдай ақ мешіт пайдалануға берілді.

Мешітке демеушілік жасаған атымтай жомарт азаматтар Сейдолла, Мұқан Насанұлы, Нұржан Махмұдұлына айрықша алғыс айтылды. Сөйтіп, күмбезі көкпен таласқан жаңа мешіт өз жұмысын бастады.

Жаңа мешіттің ашылуына орай, құрбандыққа ірі қара сойылып, оның еті мен «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында әзірленген азық-түлік мұқтаж жандарға таратылды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Таған- ұлы мешіт ашылмас бұрын Талғар қаласындағы «Нұр» отбасылық балалар үйіне барып, көп баланың анасы Тұяқ Қазкенқызымен кездесіп, хал-жағдайларын сұрап, білді. Балалардың игілігіне жарарлық құнды сыйлықтарын тарту етті. Сонымен қатар, Кеңдала ауылындағы мешітке де ат басын бұрып, жастармен жүздесті.

Ұлбосын ИСАБЕК

Талғар ауданы

Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

Әлемдік деңгейдегі трансплантолог келді

31.01.2026
Су үнемдеу – уақыт талабы

Су үнемдеу – уақыт талабы

31.01.2026
Әріптен басталған әлем

Әріптен басталған әлем

31.01.2026
Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық

31.01.2026
Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

Премьер-министр Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді.

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.