Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ДІН МЕН ДӘСТҮР

ЗИЯТКЕР ИМАМ

15.01.2021
ДІН МЕН ДӘСТҮР
ЗИЯТКЕР ИМАМ
WhatsAppTelegramFacebook

Қоғам дінсіз болмайды. Адам Ата, Хауа анадан басталған адамзат қауымы жаратылыс баянында бір атадан тарағанымен бірнеше дінді ұстанып келеді. Дінде зорлық жоқ. Дегенмен, қазақ даласына ислам діні келгелі бері өткен сан ғасырдың бедерінде ата-бабаларымыз өзінің салт-дәстүрімен біте қабысқан мұсылмандық жолды таңдады. Қазіргі таңда бір исламның өзі сан түрлі ағымға бөлініп, алауыздық пен арандатушылыққа апарып жатқаны да ақиқат. Осы мақсатта Әбу Ханифа жолын ұстанған Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрақтылық пен тыныштықты сақтау мақсатында еліміздегі мұсылман қауымына асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен түсіндіріп, бірнеше тұжырымдама қабылдап, сол бағытта жұмыс істеп келеді. Біз осы «ИМАН НҰРЫ» айдарының аясында ҚМБД-ның тұжырымдамаларын халыққа дұрыс жеткізіп, дін мен дәстүріміздің ғасырлардан бері жарасым тауып жалғасып келе жатқаны туралы ой қозғап, оқырман назарына ұсынып отырмақпыз.

Қоғамның дұрыс жолмен дамуы ең алдымен азаматтардың біліміне, білігіне, дүниетанымына, қарым-қабілетіне байланысты. Егер баршаның бойында мейірімділік, қайырымдылық, жанашырлық секілді қасиеттер басым болса, ол елде әділет салтанат құрып, адалдықтың туы асқақтайды. Бұл адамзат баласы аңсаған озық мемлекеттің негізі. 
Ол үшін бар саланың мамандары өздерін жетілдіріп, біліктілігін арттыруы тиіс. Осыған байланысты Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде қызмет ететін имамдарды білімі мен біліктілігіне сәйкес жоғары санатқа іріктеу үшін дін қызметкеріне қойылатын талаптарды қамтитын  «Зияткер имам» тұжырымдамасын қабылдап, өңірлердегі жұртшылыққа ұсынды.
Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасының өркендеуіне көзге көрінбесе де елеулі үлес қосатын имам, молдаларға, дін ұстаздарына қажет. Мысалы, қазір елімізде «Мемлекеттік қызметші этикасы», «Судьялық әдеп кодексі», «Журналистер этикасы» Кодексі сынды заңнамалар жұмыс істейді. Бұл аталған салалардың жұмысындағы ашықтықтың, жариялылықтың өркендеуі үшін қолға алынған қадамдар. Дәл сол сияқты, ҚР Конституциясына, ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңдарын, Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Жарғысы талаптарын басшылыққа ала отырып дайындалған «Зияткер имам» тұжырымдамасы жоғары мәртебеге лайықты дін қызметіндегі мамандарды іріктеуге және олардың мәртебесін белгілеуге арналады.
Шынында қазіргі қоғамда мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесінің өз тұғырына берік орнауына еліміздің барлық өңірлеріндегі мешіт имамдары үлес қосып келеді. Оның дәлелін әр жұма сайын жүргізілетін уағыз-насихаттан байқауға болады. Айналасы бір сағаттың ішінде айтылар үлгі-өнегеге, тағылымды тәртіп пен ғибратты мысалдарға толы уағыз тек мемлекеттік тілде жүруінің өзі ішкі саясаттың берік орнығуы мен мемлекеттік саясаттың дұрыс қалыптасуына ықпал етері анық. Әйтпесе, уағыз-насихатты орыс тілінде тыңдап, жергілікті дін ғалымдары мен уағызшы имамдардың айтқанына құлақ аспайтын жандардың қандай күйге түскенін кешегі Шам өлкесіндегі қара тулы халифатты жақтаушылар көрсетіп берді. Міне, дін қызметкерлерінің мәртебесін айқындау жолында отаншылдық рухта тәрбиеленген мамандардың тигізер ықпалын осылай ғана бағамдауға болады. Әрине, ең өкініштісі, өзіне қажетті ақпарат пен діни ұғымдарды орыс тілінде ғана тыңдаушылар әлі де көп. Бұл ескерусіз қалдырмайтын мәселе. Сонда да болса, оны басқа тақырыпқа қалдырып, «Зияткер имам» тұжырымдамасына қайта оралайық.
Сонымен, уақыт өтіп жатыр, айналаның бәрі даму үстінде. Тоқтап тұрған сала жоқ. Әрқайсысы өз жолымен жүріп, өз бағытымен кетіп барады. Осыны жақсы білген еліміздің Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы жаңа құжат дайындады. 2020 жылы желтоқсан айының 10 күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Ислам – мәдениет пен ізгіліктің бастауы» атты имамдардың ІV республикалық онлайн-форумында «Зияткер имам», «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» атты құжаттар қабылданып, қолға алынған жаңа қадамдардың тиімділігі елімізге паш етілді. Оның үстіне, қазір дін қызметкерлеріне қойылар міндет күшеюде. Себебі, кәсіби шеберлігі мен біліктілігі жоғары дін қызметкері мешітте құлшылық рәсімдерін атқарудан бөлек рухани, имани тәлім-тәрбие алуға болатынын көпшілікке ұғындырып, жамағатты отансүйгіш рухта тәрбиелей алады. Бұл заман мен кезең талабы. Сондықтан «Зияткер имам» тұжырымдамасының басты мақсатының бірі – діни жоғары білімді, мемлекеттік заңдар мен ҚМДБ Жарғысы аясында өз міндеттемелерін біліктілікпен ұйымдастыра алатын діни және саяси сауатты, іскер, бастамашыл, шығармашылықта белсенді, кез келген санаттағы адамдармен тіл табысып, жұмыс жүргізуге қабілетті діни мамандар құрамын жасақтау; қоғамға жат діни ұйымдар мен топтардың, деструктивті ағымдардың іс-әрекетіне тойтарыс бере алатын тәжірибелі діни қызметкерлерді ынталандыру; ҚМДБ басшылық құрамына қажетті кадрлық резервті жасақтау; қоғамда діни қызметкердің мәртебесін арттыру сынды межелер екендігі анық жазылған.
Расында осы айтылған міндеттер бүгінгі күні бізге ауадай қажет. Оның себебін түсіндіру бөлек тақырыптарға жүк. Біз бүгін «Зияткер имамға» қойылатын 9 талаптың біріншісі – ҚР Конституциясын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңын білу әрі заң аясында қызмет етуге тоқталмақпыз.
Бүгінгідей ғылыми-технология қарқындап дамыған кезеңде мұсылмандарға тағылар айып пен жаланың мөлшерін өлшеу мүмкін емес. Себебі, қит етсе мұсылман баласын кінәлінің қатарына оңай қоса салуға даяр тұратын Батыстың айтар ойының бірі – момын-мұсылмандар жергілікті ережелер мен шарттарды білмегендіктен заңды жиі бұзады. Тіпті, «Ислам шариғатын өзге заңнамалардан артық қояды», – деп күстаналайтындар жетіп артылады. Шынында адам баласын әділдікке, адалдыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке үндейтін Ислам дінінің шариғаты дүниетанымға, діни көзқарасқа қайшы келмейтін заңдарды қабылдайтынын енді-енді біліп жатырмыз. Жалпы, бір мәселенің шешімін Құраннан, Пайғамбардың (с.ғ.с) сүннетінен іздейтін мұсылман баласы шешуі жоқ тақырыпты ижма, қияс шарттарымен қарап, таба алмаған жағдайда әдет-ғұрыпты да назарға алатынын ескеруіміз керек. Сондықтан алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» және «Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы» Заңын білу бүгінгі имамдарға міндет. Өйткені, туған еліңнің, өз мемлекетіңнің талаптарын орындамау бүлікке, бұзғыншылыққа апарып соғатыны тағы рас. Ал Ислам дінін тұрақтанған тыныштықты, берекелі бейбітшілікті бұзуды жөн көрмейтінін ескерсек, «Зияткер имам» тұжырымдамасындағы талаптардың алғашқысы әрбір дін қызметкері үшін қажет.
Ендеше, имамдар мен дін қызметкерлері бүгінгі күннің талабына сай келетін, мүдделер мен мақсаттар қақтығысынан алшақ тұратын, еліміздің тарихы мен әдебиетін жетік білетін, жергілікті жұрттың ататегі мен шежіресінен хабардар «Зияткер имам» мәртебесіне қол жеткізуіне біз де тілектеспіз!

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Люблянадан Лондонға дейін

Люблянадан Лондонға дейін

31.01.2026
Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

Тарихи титул. Рыбакинаның жеңісі

31.01.2026
«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

«Ұлттық қор – балаларға». Әр балаға 130,71 доллар

31.01.2026
Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

Шетелдіктерге жер сату жөніндегі тыйым алынды ма?

31.01.2026
Тиімді тәсіл

Тиімді тәсіл

31.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.