Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілікті арттыру, табиғатты сақтау құндылықтарын насихаттау және жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында «Jetisu jastary» КММ-нің бастамасымен Қаратал өзенінің жағасында «EcoFuture: таза идеялар мен жасыл шешімдер аумағы» экологиялық фестиваль өтті.
Аталған іс-шара табиғи аумақты тазарту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға, тұрмыстық қалдықтардың зияны туралы түсінікті арттыруға және жастар арасында экологиялық әдеттерді қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, акция жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы олардың әлеуметтік белсенділігін арттыруды көздейді.
Шара аясында Қаратал өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылып, табиғи аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Экологиялық фестивалде белсенді жастар мен еріктілер қатысып, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Сонымен қатар, іс-шара барысында қатысушыларға арналған экологиялық квест ұйымдастырылып, жастардың экологиялық білімін арттыруға және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар өткізілді.
Кешкі уақытта өзен жағалауында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, қатысушылар үшін ерекше атмосфера қалыптасты. Бұл шара жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне және экологиялық бастамаларға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Аталған бастама жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және табиғатты қорғауға бағытталған қоғамдық жұмыстарға кеңінен тартуға ықпал етті.





