Талдықорған: +11°C
$ 447.14
€ 500.35
₽ 5.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Егін жинау науқаны: қант қызылшасын өңдеудегі оң өзгерістер мен дала жұмыстарының нәтижесі

02.10.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Егін жинау науқаны: қант қызылшасын өңдеудегі оң өзгерістер мен дала жұмыстарының нәтижесі

gov.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйінде Жетісу облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақтияр Шампиковтың қатысуымен брифинг өтті.  Жиында «Егін науқаны: қазіргі ахуал және нәтижелер» тақырыбы қозғалып, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы межелер кеңінен сөз болды. Сонымен қатар спикер БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

Ағымдағы жылы Жетісу облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 514 мың гектарды құрады. Өңір аграршылары жаз бойы тынымсыз еңбек етіп, бүгінде мол өнім жинауды табысты жүргізіп жатыр. Басқарма басшысының орынбасары келтірген мәліметтерге сүйенсек, бидай мен арпа алқаптары толық орылып, қамбаға 493,6 мың тонна сапалы астық түсті. Орташа өнімділік гектарына 21,6 центнерді құрап, өткен жылғы межеден сәтті асып түсті.

Басқарма өкілі Бақтияр Шампиков брифингте сөйлеген сөзінде өнім көлемінің артқанын атап көрсетті.

«Егін жинау науқаны бекітілген кестеге сай қарқынды жүргізіліп жатыр. Майлы дақылдардың 50 мың гектары орылып, 78,6 мың тонна өнім алынды. Картоп алқаптарының 98 пайыздан астамы қазылып, 140,9 мың тонна өнім жиналды. Ал көкөніс пен бақша дақылдарын жинау толықтай аяқталды. Жалпы мақсатымыз – облыс бойынша астық жинау көлемін 935 мың тоннаға жеткізу», – деді спикер.

Сондай-ақ, дәндік жүгеріні жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда 12,1 мың гектардан 90,7 мың тонна жүгері жиналып, орташа өнімділік гектарына 75,3 центнерден айналуда.

Жетісу жерінің негізгі бренді – қант қызылшасы. Биыл тәтті түбір 13,5 мың гектар алқапқа себіліп, жалпы 585 мың тонна өнім алу жоспарланған. Жинау науқаны 24 қыркүйекте басталып, өнім Көксу және Ақсу қант зауыттарына үздіксіз өткізілуде.

Қант қызылшасын қайта өңдеудің басты артықшылығы – жергілікті өндірісті жандандыру және өңірді сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету. Осы мақсатта Көксу қант зауытында модернизация жұмыстары белсенді жүргізілуде. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 29 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың тәуліктік қуаттылығы 2 мыңнан 3 мың тоннаға дейін артты, ал 2028 жылға қарай 5 мың тоннаға жетпек.

Бақтияр Шампиков зауыттардың жұмысы мен қант өндірісінің артықшылықтарын былайша түсіндірді.

«Қант қызылшасын жергілікті жерде өңдеу өңір экономикасына оң ықпал етеді. Кәсіпорындарды жаңғырту өнімнің өзіндік құнын арзандатуға, дайын өнім көлемін көбейтуге және ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға жағдай жасайды. Биыл облыста 100 мың тонна қант өндіру межеленген. Оның 70 мың тоннасы жергілікті қант қызылшасынан, ал 30 мың тоннасы қант құрағынан алынады. Өңдеу зауыттарының қуатын арттыру – азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудың кепілі», – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.

Қазіргі сәтте 821 гектар қант қызылшасы қазылып, 35,9 мың тонна өнім жиналды. Гектар өнімділігі 437,1 центнерді құрап отыр. Зауыттарға өткізілген шикізат көлемі 27,5 мың тоннаға жетті.

Дала жұмыстарын нәтижелі жүргізуде мемлекеттік қолдау шаралары үлкен рол атқаруда. Күзгі науқанға бөлінген 6,6 мың тонна арзандатылған дизель отынының 5,4 мың тоннасы шаруалар тарапынан сатып алынған. Топырақты тыңайту үшін 64,3 мың тонна минералдық тыңайтқыш жұмсалды.

Қаржылық көмек пен техниканы жаңарту ісі де жүйелі түрде ұйымдастырылды. «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 455 шаруашылыққа 11,3 миллиард теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. «ҚазАгроҚаржы» арқылы 7 миллиард теңгеге 355 бірлік жаңа техника лизингке сатып алынып, егістік алқаптарына тартылды.

Бұдан өзге, келесі жылғы егістікке қажетті 65,2 мың тонна тұқымның 80,5 пайызы әзірленді. Басқарма тарапынан барлық жұмыстар тұрақты бақылауға алынған. Қабылданып жатқан қолдау шаралары Жетісу өңірінің ауыл шаруашылығы саласын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Мәулен Әнербай

Қатысты жаңалықтар

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

Құрметті Кербұлақ ауданының тұрғындары!

07.10.2026
Жетісуда мал шаруашылығының әлеуеті артып келеді

Жетісуда мал шаруашылығының әлеуеті артып келеді

07.10.2026
Қазақстан гендерлік теңдік пен отбасы қауіпсіздігі бойынша есеп берді

Қазақстан гендерлік теңдік пен отбасы қауіпсіздігі бойынша есеп берді

07.10.2026
Өңірлердегі халық табысы қанша?

Өңірлердегі халық табысы қанша?

07.10.2026
Қазақстан әскерінде қаза тапқандар саны 2,5 есе өсті

Қазақстан әскерінде қаза тапқандар саны 2,5 есе өсті

07.10.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.