Талдықорған: +1°C
$ 501.02
€ 597.27
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

АҚ САМАЙЛЫ АРДАГЕР

30.09.2020
ЕКІ ТІЗГІН
АҚ САМАЙЛЫ АРДАГЕР
WhatsAppTelegramFacebook

Тірсегіңнен шалған тағдырдың тепкісіне төтеп беріп, теңселген тұғырыңды тіктеуде тірек болар тегеурінді һәм текті қарияларымыздың өсиеті мен қасиеті бір төбе ғой, шіркін. Далбаса тірлікке бой алдырып, дарақылыққа салынғанда, санаңды даңғазалық жайлап, болымсыз дүниеге даурыққанда дұғалы сөзімен демеп, дуалы батасын берер ақсақалдан айналып қана кетесің. Ақырын жүріп, анық басуға баулып, «балам» деп басыңнан сипаған ілтипатының өзі алтынға бергісіз сезім. Күмістей сақалын самал жел тербеген аталарымыз бен киесі кимешегінен көрінер әжелеріміздің тәрбиесімен жетілген біздерге қариялардың орны ерек.

Өмір сапарымда бергенінен берері көп, жемісі жерге иілген ағаштай қазыналы қарттарымыздың талайын жолықтырдым. Бір қызығы, солардың басым бөлігі қоңырқай тірлік кешкен қойлы ауылдардың тұрғындары. Қазақы тірліктің қазанында қайнап, үй маңындағы үйеңкінің көлеңкесінде көпшік-көрпесін жастана жастайынан кітап оқитын, білімге құштар болған азаматтар. Тас қалалардың тар көшелерінде қамалмай, ауыл-абанның байтақ даласында кеңінен көсілген көреген жандар. Сол кісілердің пайымды пікірлері менің ғұмырнамамның басты бағыттарына шамшырақ болғаны да жасырын емес.
Қызмет бабымен бірде Алакөл ауданындағы Арқарлы ауылдық округіне ат шалдырған едім. Қарақұм халқының қонақжайлылығы мен құтты тірлігі бір бөлек әңгіме. Жұмыс барысымен барғандықтан, реті келіп ауылдың дария кеуде қарттарымен бір сұхбаттасу да бұйырды. Әңгіменің ауаны сол баяғы ауылдың тұрмысынан басталып, әдебиет, тарих, тіпті, саясатты да қамтыды. Өмірі өнеге мен өсиетке толы бірнеше ақсақалдың сөзін тыңдап, уақыттың да қалай зымырап өтіп кеткенін байқамаппын. Сол қазыналы қариялардың арасында сөз бітімі ерек, ойы ордалы, пікірі байламды Кемелбек Мамырбекұлының әңгімесін сілтідей тына тыңдағаным бар.
Білімді, көрген-білгені мол, өрелі ақсақал екендігі байқалып тұр. Жайдақ сөз, жауыр әңгімесі жоқ. Ойын төтеден тартып, тарих қатпарын қопарғанда, құдды сол ес білмес ерте замандардан бері ғұмыр кешіп келе жатқан ба деп қаласыз. Шежірені тарқатқанда тамырына дейін тарпып, жілік-жілігін шығарады.
«Қазақ руға бөлінбейді, рудан құралады», – деп әңгімесін бастап, әр рудың шыққан тегін, текті батырларын, данагөй азаматтарын, ел көніш сүйреген баһадүрлеріне дейін тәптіштеп айтып жатыр. Ауылдың өткені мен аудан тарихынан да айтары мол. Сары далада сағым болып жоғалған түрлі ақпараттар осы ақсақалдың сөзімен сайрап жатыр. Көз алдыма айтылған оқиғалар мен деректердің сюжеттері елестеп, фильм тамашалап отырғандай күйге бөленгенім бар.
Кемеңгерлік пен кемел ақылды қоса өрген Кемелбек қария 1946 жылы дүние есігін ашқан. Замандастарының айтуы бойынша жасынан зерек, еңбекқор болған. Үлкендердің ісін бақылап, үй тірлігіне қатысты барлық жұмысты өзі атқаратын. Шаршау дегенді білмейтін жеткіншек ауыл балаларының алды болып, оларды ортақ іске жұмылдыруда, қоғамдық шаруа ұйымдастыруда өте белсенділік танытатын. Соның арқасында алдыңғы толқын өкілдерінің ізгі ниеті мен ақсақалдардың ақ батасын алып, «Мамырбектің ұлын қарашы» деп, әжелер мақтайтындай жігіт болып ержетті.
Өмірлік сыңары Баянды әжемізбен 10 бала тәрбиелеп, 20 немере мен 1 шөбере сүйіп отыр. Ұрпақтарының барлығы жоғары оқу орнын тамамдап, бүгінде шаңырақ көтеріп, бір-бір отбасының түтінін түтетіп отыр. Аталап жүгіріп, мойынына асылған немерелердің тәтті тілі мен жылы құшағы ақсақалдың өмір жасын ұзартып, көңілін жасартып отығаны сөзсіз.
Қазіргі таңда Кемелбек ата ауылдың айтары бар ақсақалы. Елге сыйлы, құрмет пен абыройға ие қария. Арқарлы округінің, одан қала берді ауданымыздың да қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген батагөй қарт.
Жастарға үлгі болып, олардың тәлімі мен тәрбиесіне өзін жауаптылардың бірі санайды. Сондықтан да салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих пен әдебиетке, мәдениетке баулуда, ұлттық тағылым мен қазақы болмыс дарытуда үнемі алдыңғы қатарда.
Ұрпақтарын ең алдымен адал еңбекке, білімге құмар қылып, олардың бойына ұлттық тәрбие сіңдіруге барын салуда. Бастары қосыла қалса әдемі әңгімесін өрбітіп, рухани азық беруден жалыққан емес.
Кемелбек қарияның бата-тілегі де еш-кімді бей-жай қалдырмайды.
Уа, Алла, ұлан-байтақ жерімізді сақта,
Бірлігі бұзылмаған елімізді сақта!
Жазиралы кең даламызды сақта,
Жасөспірім бала-шағамызды сақта!

Көркем де сұлу қаламызды сақта,
Ақ сүтін берген анамызды сақта!
Туып-өскен мекенімізді сақта,
Асқар таудай әкемізді сақта!

Бойжетіп, өскен қызымызды сақта,
Азамат болған ұлымызды сақта!
Өсіп-өнген ортамызды сақта,
Көк Туы желбіреген Отанымызды сақта! – дейді ақсақал.
Міне, ақ баталы жырынан аңғарғанымыздай, қарияның басты тілегі – тыныштық пен татулық. Өйткені, өмір өткелдерінде небір алмағайып сәттерді бастан өткеріп, тәуелсіздік таңымен терең тыныстаған бұл кеуде нені көрмеген десеңізші?! Талай тар жол, тайғақ кешулерден өткен қария кесапат ұрпақтарына жоламаса екен деген дұғалы тілекпен отырады. Қарттық көңілдің басқа қалауы да жоқ.
Біз де өз кезегімізде мақаламызды қазыналы қария, ақылы тасыған дария, самайы аппақ қарлы шың, тұғыры биік, тау мүсін Кемелбек ақсақалды Қарттар күнімен құттықтап, жүз жастық мерейтойында немере-шөберенің ортасында бал күлкілеріне тояттап отыра берсін деген тілекпен түйіндейміз.

Алмат ЕСЕНБЕКОВ
Алакөл ауданы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

Талдықорғанда дрондар жарысы өтті

30.01.2026
Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

Химия-биология пәндерінің жас мамандары кәсіби шеберліктерін шыңдады

30.01.2026
СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

СЕНАТТА «ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ» ДИАЛОГ АЛАҢЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

30.01.2026
Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

Тоқаев: 2030 жылға дейін волонтерлікті дамытудың жаңа жоспары әзірленеді

30.01.2026
Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

Аграрлы аймақ Жетісу «бай» өңірлер қатарына қалай қосылады?

30.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.