Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

«Айғайқұм Шыңғыс ханның бұйрығымен үйілген»: Аңыз ба, ақиқат па?

10.07.2023
ЕКІ ТІЗГІН
"Айғайқұм Шыңғыс ханның бұйрығымен үйілген": Аңыз ба, ақиқат па?
WhatsAppTelegramFacebook

Елімізде әлем жұртшылығын тәнті ететін табиғи парктер баршылық. Солардың арасында «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің даңқы тұмса табиғатымен ерекше аталады. Ондағы Айғайқұмды көруге шетелдіктер жиі келеді. Самал желдің тербеуімен бойынан сырлы әуен шығатын құм төбенің сыры көпшілікті тәнті етпей қоймайды. Аумағы 520 мың гектар жер алып жатқан ұлттық табиғи парк бас директорының орынбасары Ғалым Ахметбековпен болған шағын сұхбатта табиғаты әсем өңірдің ерекшелігі мен оның қорғаудың қызығы мен қиындығы қатар айтылады.

– «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі орман шаруашылығы туралы айта кетсеңіз. Жалпы, паркте қанша ағаш бар? Оларды қорғау қалай жүреді?

– Парктің аумағында 307 мың гектар жер бар. Соның 27 мың 907 гектары орманмен көмкерілген. Су жағасында орналасқан қамысты аймақта тораңғы, жыңғыл, сексеуіл, жиде, жылантал секілді ағаштар мен бұталар өседі. Таулы аймақта тобылғы молынан кездеседі. Орманмен көмкерілген аймақта жалғыз ағаш қана емес өсімдіктің сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген, жоғалып кету қаупі төнген барлық түрі бар. Солардың ішінде тораңғыны ерекше атауға болады. Қызыл кітапқа енген бірден-бір ағаш.

– Оған қауіп қайдан келеді?

– Табиғи құбылыстан, адами фактордан келеді.

– Сонда адамдар кесіп ала ма?

– Жоқ. Себебі, елді мекендерден 40-60 шақырымдық шалғайдағы судың жағасында өсетін тораңғыны кесіп алу дерегі кездескен емес. Негізі, ауа райының ыстықтығы, күннің қызуы, найзағайдың түсуі, бір сөзбен айтқанда тораңғы үшін өрт аса қауіпті. Сондықтан өрт қаупі басым науқанына дайындығымыз басты назарда. Жыл сайын өрт сөндірушілер, құрылған жедел топтың мүшелері, қажетті техника сақадай сай тұрады. Өрт сөндіретін 2 машина, соқалы 2 трактор, субүркігіштің 10 данасы,  шартылдақтар, күректер, балта сияқты құрал-жабдығымыз жеткілікті.

– Ұзақ жасаған ағаштар бар ма? 10 шақты адамның құшағы әрең жететін алып теректің жайы қалай?

– Жасы 700 жылдан асып кеткен алып тал туристтік маршруттың жолында орналасқан. Өткен ғасырдың 85-ші жылдары тамыр жайғанына 700 жылға толғаны дәлелденген алып теректің жасы қазір 750 жылға жетіп қалды. Оның өсуінің өзі табиғи құбылыс деуге болады. Дауылдан, бораннан құлайтын бұтақтарын санитарлық жолмен тазалап, кесіп отырамыз. Сынған, қураған жағдайда ғана кесіледі. Бей-берекет шабылып, араланбайды. Алып бұтақтарының астына тіреу қойып, сынуының алдын алу жұмыстары ұдайы жүріп тұрады. Алып ағаштың жасының ұзақтығы көрушілерді тәнті етіп жатады. Себебі, 700 жылдың ішінде ағаштың бұтақтары бірнеше жерден қайтадан өніп, айналасына жайыла түскен. 7 ғасырдың куәсі болу деген оңай нәрсе емес қой. Сондықтан келушілер алып ағашты ұзақ айналады.

– «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық паркіндегі аң-құстың жайы қалай? Қанша аң мен құс бар?

– Ұлттық парктің аумағы Орта Азия бойынша құлан мен қарақұйрық мекен ететін аймақ болып есептеледі. Қарақұйрықтың саны 5 мыңнан, құланның басы 3,5 мыңнан асады. Былтырдан бері «Іле – Балқаш» резерватына бізден 60 бас құлан жіберілді. Оның алдында «Алтын дала» резерватына да 30 құлан жерсіндіру үшін әкетілді. Одан бөлек, паркті қар барысының мекендей бастағанына 2 жыл болды. Қазір қорықта шамамен 10 бас барыс бар. Парк аумағында 180-ге жуық арқар мекен етеді. Сондай-ақ, тауешкі, елік, жабайы қабан сияқты аң-құстың сан түрі мекендейді. Мысалы, бүркіт, ителгі, қаршыға, құмай, тазқара, қоқиқаз, бірқазан, сарыалақаз, үйрек, қаз, қырғауыл, кекілік, бұлдырық, дуадақ сынды құстар ұлттық парктің аумағын паналайды. Солардың арасында дуадақ пен қаршыға Қызыл кітапқа енген.

– Осыншама аң-құс браконьердің көз құрты екендігі белгілі. Заңсыз аң-құс атушылар ұстала ма?

– Былтыр заңсыз аң аулаудың 2 дерегі тіркелді. Олардың екеуі де құзырлы органдарға өткізілді, сот үкім шығарды. Жалпы, ұлттық қорық аумағында аң ату ғана емес ереже бұзу бойынша да жауапқа тартылып жатады. Яғни, ерекше қорғалатын табиғи аумаққа бір жылдың ішінде кірудің ережелері бекітіледі. Соның тәртібін бұзу бойынша қорықшылар заңбұзушылық анықталған жағдайда тиісті құжаттарын, қаттамасын толтырып отырады.

– Ұлттық қорықтың аумағындағы туристтік маршрут қалай жүреді? Көпшілік негізінен Айғайқұмға қызығатын болар?!

– Иә, Айғайқұм, Бесшатыр, Таңбалы тас, Ақтау, Қатутау бағытындағы маршрутпен жылына 10-20 мың турист өтеді. Бұл санды нақты дерекпен айтып отырмын. 2019 жылы тура 20 мың турист келді. Кейінгі пандемия, асудың жолындағы құрылыстың салдарымен кейінгі жылдары келушілердің саны азайып тұр. 2022 жылы 13 мың адам келсе, биыл жыл басынан бері 6700 турист ұлттық паркті аралап шықты.

– Шетелдіктерді көбіне қай бағыт қызықтырады? Олар қай елдерден келеді?

– Алыс-жақыннан келетін шетелдіктер ұлттық парктің Айғайқұм, Ақтау бағытына қатты қызығушылық танытады. Соңғы 2 жылда Ресей, Беларус, Украина мемлекеттері мен Еуропа елдерінен келушілердың саны артты. Одан бөлек, үндістер, тайландтықтар, кәрістер, қытайлар көптеп келетін болды. Әлемнің әр құрлығынан келушілерді табиғаттың құбылысы тәнті етеді. Әсіресе, Айғайқұмның ерекше қасиеті бас шайқатады. Мұндай құм әлемде кемде-кем. Биіктігі 150 метр, ұзындығы 3 километр болатын құмның бір ерекшелігі – қанша жел соқса да ешқайда көшпейтіндігінде. Желдің ықпалымен биік жалы ғана өзгереді. Айналасындағы 240 гектар жерден жайылмайды, басқа жаққа көшпейді.

Айғайқұм туралы аңыз көп. Оның бірі – Шыңғыс ханның бұйрығымен үйілген десе, екіншісі – жердің айдары деген нұсқаны айтады. Таза физикалық тұрғыдан зерттегенде ешкім нақты дерек келтіре алмады. Әркім әрқалай айтады. Құмның үйкелісінен шығатын дауыстың өзін сан-саққа жүгіртіп, түрлі аңыздың өзегіне айналдырады. Қалай болғанда да сол аңыздар ел ішінен таралып, Айғайқұмның даңқы асырып жатыр.

– «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Іле өзенімен шектесетін тұсынан Еңбекшіқазақ ауданының ірі елді мекені Шелек көрініп тұрады. Өзенді кесіп өтсе тиіп тұр. Сол бағыттан маршрут ашу ойда жоқ па? Өзеннен пароммен өткізіп немесе жаңа көпір салып дегендей?! Әлде, тұмса табиғатқа зиянын тигізе ме?

– Ұлттық қорықтың негізгі мақсаты туризм емес. Туризм жанама қызметі саналады. Сондықтан оны дамытуға кезең-кезеңге қарай шектеу қойылады. Аң мен құстың қашуы, төлдеуі кезінде туристерге шектеу салынады. Ұлттық қорықтың негізгі мақсаты – аң мен құсты, өсімдіктер мен жан-жануарларды, флора мен фаунаны сақтап, келешек ұрпаққа бүтін күйінде жеткізу. Әрине, әр нәрсенің зияны мен пайдасы бар. Рекреациялық жүктемесі есептеліп, бір маршрут күніне қанша адамды көтере алатындығы саналады. Жолы, құмы, акустикалық соққысы, көтерілетін шаңы сарапқа салынып, арнайы мониторинг жасалады. Парктің ғылыми және туризм бөлімі мұқият қадағалау жүргізеді. Егер келушілердің үлес салмағы артып кетсе, шектеу қояды. Мысалы, Таңбалы тасқа күніне 2,5 мың адам жіберуге мүмкіндік бар.

– Туристердің келуі экологияға әсер етпей қоймайды. Кішкентай қоқысты тастап кетудің зор зардабы тиеді. Туристердің артынан жинап отырасыздар ма?

– Экология тек бізде ғана емес, әлемде болып жатқан өзекті мәселе, құбылыс дер едім. Біздің мамандар күнделікті бақылауды бір сәтке де босаңсытпайды. Әйтпесе, бәленбай туристің артында қалған қоқыс бүкіл далаға таралар еді. Жел соқса көтеріліп, сандаған қашықтыққа ұшып кететін целофан дорба айналаны аяусыз ластайды. Пластмасса, пластик, қаңылтыр ұзақ жыл бойы шірімей топыраққа зиян келтіреді. Сол үшін әр аумаққа бекітілген инспектор ұлттық парктің туризм бөліміне хабарласып, санитарларды шақыртады. Осылайша арнайы көлікпен барған мамандар тасталған қоқысты жинап әкетеді. Оның үстіне қоқыс пен тұрмыстық қалдық басты назарда тұр деуге болады. Нешетүрлі блогер басы артық қоқыс жатса бірден әлеуметтік желіні шулатады. Тіпті: «Міне, Алтынемел қорығы қоқысқа айналыпты» – деп өсектің өртін өршітеді. Сондықтан бұл мәселені жіті бақылаудан түсірген емеспіз.

– «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде қанша қызметкер бар?

– Жалпы, ұлттық қорықта 149 штат бар. Оның 79-ы мемлекеттік инспектор, 46-сы далада жүрген жан-жануар, өсімдік әлемін қорғауды міндетіне алған инспектор, қалғаны қосымша есепшоттағылар деп аталады. Оған жүргізуші, механизатор, слесарь, күтіп-баптаушылар сынды аса қажетті мамандар жатады.

– Алтын уақытыңызды бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет!

Сұхбаттасқан Мәди Алжанбай

Қатысты жаңалықтар

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

Діннің мемлекеттен бөлінуі жаңа Конституцияда реттелетін болады

29.01.2026
«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

«Ауыл» партиясы тарихи реформаларды жүзеге асыруға дайын

29.01.2026
Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

Жерасты суын пайдалану ережесі: Құдық қазу үшін рұқсат керек пе?

29.01.2026
«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

«Лукойл» активтерін АҚШ компаниясына сатып, Қазақстандағы үлесін сақтап қалмақ

29.01.2026
Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

Су пайдалану лимиттері, су қоймаларының құрылысы, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау: Қанат Бозымбаев Жетісу облысына барды

29.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.