Талдықорған: +1°C
$ 503.90
€ 603.32
₽ 6.61
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН

07.11.2024
ЕКІ ТІЗГІН
ҚАЛАМ МЕН ҚАРУДЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН
WhatsAppTelegramFacebook

Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығына сәйкес, Қарулы Күштерде 7 қараша Әскери журналист күні кәсіби мереке болып бекітілді. Осыған орай мереке қарсаңында семсер сөзді жанына серік етіп, Отан алдында адал қызмет атқарып жүрген Жетісу гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жанат Сембаев жайлы жазуды жөн көрдік.

Темiрдей тәртiптi талап ететiн әскери салада өзiне жүктелген жауапты мiндеттi атқара жүрiп абырой мен беделге ие болған, майор шенін иығына қадаған Жанат Сембаев 1978 жылы 18-ші желтоқсанда Кербұлақ ауданы, Басши ауылында дүниеге келді. Ол бала күнінінен қиындығы мен қызығы мол әскери салада қызмет істеуді арамандайды. Туған ауылындағы Райымбек батыр орта мектепті 1995 жылы бітіріп, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетіне түсіп, оны 1999 жылы тамамдайды.

Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы №19 Мағжан Жұмабаев атындағы қазақ орта мектеп-гимназиясында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып бастады. Сол жылдың күзінде мерзімді әскери қызметке шақыртылып, Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып қайтады. Әскерден оралған соң білімін жетілдіру мақсатында  2001 жылы Алматы қаласындағы нарық және құқық академиясының заң факультетінің сырттай бөліміне оқуға түсіп, «Заңгер» мамандығын алады.

Мұнан кейін Талдықорған қаласындағы Дәнеш Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатына алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі болып қызметке тұрып, 2002 жылы алғашқы офицерлік лейтенант әскери атағын алады. 2003 жылы Алматы облысы өртке қарсы қызмет департаментінің Талдықорған қалалық өртке қарсы қызмет бөлімінің инспекторы болып жұмысқа тұрды. 2008 жылы Алматы облысы өртке қарсы қызмет департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалады. Кейіпкеріміз жауапкершілігі мол қызметті абыроймен атқарады. Өз жұмысының нағыз маманы Жетісу телеарнасында «01-хабарлайды», «Құтқару қызметі» хабарларын жүргізіп, «Құтқарушы» газетін қолға алып, айына бір рет шығарып тұрды.  2013 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне қызметке ауысып, Талдықорған қаласындағы десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің 18404 әскери бөлімі 1-ші десанттық-шабуылдаушы батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары лауазымында қызмет атқарады.

2014 жылы Талдықорған қаласындағы №48386 әскери бөліміне ауысып, тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі бөлімінде идеологиялық жұмыс және арнайы насихат жөніндегі аға офицері лауазымында болды. Сол қатарда «Көкжал», «Қазақстан әскері» қатарлы газеттерді шығарады. Аталған әскери бөлімде 5 жылдай абыройлы қызмет атқарып, 2018 жылы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылындағы №29108 әскери бөліміне тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімінің мемлекеттік тілді дамыту және мемлекеттік-құқықтық дайындық жөніндегі аға офицері лауазымында қызметке жіберілді. 2020 жылы Қарулы Күштерде алғаш ашылған гарнизондық баспасөз қызметіне келеді. Отанға адал қызмет атқара жүріп,  екінші рет майор шенін иығына қадайды. Бүгінде Жетісу гарнизоны баспасөз қызметін атқарып жүр.

Қалам мен қаруды қатар ұстап, құқықтық тәртіп пен қоғаммен байланысты алтын көпірдей жалғастырып жүрген әскери тілшінің жұмысы көпке үлгі. 

Айдар ҚАЛИЕВ

 

 

Қатысты жаңалықтар

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

Президент: «Aгенттік технологиялық тұрғыдан артта қалып қойса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіруі мүмкін»

28.01.2026
Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

Қазақстан экономикасы орнықты әрі теңгерімді өсуді көрсетуде

28.01.2026
Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

Сот орындаушы зейнеткердің үйін сатпақ болған

28.01.2026
UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

UFC Шавкат Рахмоновқа қатысты шешім қабылдады

28.01.2026
Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

Рамазан айы – салт-дәстүр мен діни құндылықтардың үйлесімі

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.