Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Ақшаң болса қалтаңда…

14.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
Ақшаң болса қалтаңда...
WhatsAppTelegramFacebook

Ақша… Иә, осы бір төрт әріптен тұратын заттың адамзат тірлігіндегі алар орнын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тіпті, онсыз мына өмірді елестете алмайтындай болғалы қашан?!. Сондықтан біз бүгін осы бір сиқырлы құбылыстың пайда болуы, атқаратын қызметі мен түрлері хақында аздап сөз қозғамақпыз…

Ақша – тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуының жемісі. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталатын болса, кейіннен айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына оның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуына орай тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі осылайша бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар  түрі – ақша пайда болды. Бұл оның шығуына қатысты ғылыми тұжырым.
Адамдар ақшаны ойлап таппай тұрып айырбас құралы ретінде астық, мал, қымбат тастар мен металдарды пайдаланып келгені мәлім. Ұзақ уақыт бойы ақша есебінде алтын, күміс жүргенін тарихтан білеміз. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланып келсе, біздің заманымыздың 1 ғасырында салық есебінде алтын, күміс құймаларын алып тұрған. Қазақ елі (қазақ халқын құраған негізгі тайпалар), баба түркілер Ұлы Жібек жолында орналасқандықтан ақша жасау, оны айналымға енгізуді өмір қажеттігі ретінде тым ерте қолға алған. Оған 6-8 ғасырлардағы билеуші рулардың таңбасы қашалып, ру рәміздері бейнеленген теңгелер куә бола алады. 
Тарихқа терең бойламай, өзімізге жақындатар болсақ, Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан, Наурызбек хан, Қызыр хандардың атынан шығарылған Алтын Орда теңгелері Жетісу – Түркістаннан Еділ жағалауына дейін кең тараған. Бұдан кейін 1428 жылы енгізілген Ұлықбектің ақшасы  Орта Азия және Қазақстан жеріндегі халықтар арасында айырбас құралы ретінде кеңінен пайдаланылды. 16 ғасырдың соңы – 17 ғасырдың басында Қазақ хандарының атымен жасалынған мыс ақшалар болды. Бұл ақшалардың дизайндық шеберлігі жоғары дәрежеде болмағанымен Қазақ хандығында сауда ісін бір жолға қоюда, халықтың басын біріктіруде үлкен міндет атқарғаны мәлім. Еліміз егемендік алғаннан кейін 1993 жылы Қазақстан Республикасының жаңа ақшасы – теңге дүниеге келді.
Заман өзгеріп, адамзат қоғамы дамыған сайын ақшаның түрі мен формасы да өзгеріске ұшырады. Енді адамдар қағаз ақшаны ұстап жүруді артық көріп, оның баламасын ойлап табуға әрекет жасай бастаған. Осылайша, Ұлыбританияда өзге елдерден бұрын қолма-қол емес есеп айырысу жүйесі енгізіле бастады. Атап айтқанда, 1775 жылы мұнда чектермен және өзге де төлем құжаттарымен өзара талап бойынша есеп айырысуға мүмкіндік беретін банкаралық есептік, клирингтік палаталар пайда болды. Яғни, коммерциялық банктер – есеп палатасының мүшелері өздеріне тиесілі кез келген банк жазып берген чек бойынша есеп айырысуға мүмкіндік алады. Қайсыбір мемлекеттерде есеп палатасының міндетін орталық банктер атқарғаны да белгілі. 
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Италияда чек арқылы төлем жүргізу кеңінен пайдаланылғаны да осы тұс. Сонымен қатар Еуропаның көптеген мемлекетінде (Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Голландия, Франция, Италия, Швейцария) қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тағы бір түрі – төлеушінің белгілі бір банкке жазбаша тапсырыс беруі  жүзеге асырыла бастады. Бұл кейіннен дүние жүзінің барлық аймағында кеңінен жүзеге асырылды.
Сонымен, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу деген не? Бұл – заңды және жеке тұлғалардың өзара талаптары бойынша несие мекемелерінің келіп түскен құжат бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Аталмыш шара ақша айналымын жеңілдетіп, қолма-қол ақшаның көлемін азайтып, өзге де келеңсіз жағдайлардан  сақтауға мүмкіндік береді.
Банк операцияларын автоматтандыру жетіле келе өткен ғасырдың 70-ші жылдары дамыған елдерде электронды есеп айырысу жүзеге асырыла бастады. Бұл ақша айналымын бұрынғыдан да жеделдетіп, клиенттерге банк-несие қызметін көрсету сапасын арттырып, өзара есеп айырысу операциясы кезінде кездесетін қиындықтарды әлдеқайда азайтатын еді.
Иә, бұл сала үнемі даму мен жетілу үстінде. Электронды жүйемен ақша аудару  бүгіндері клиенттің банк ЭВМ-іне өз бетімен қосылуы арқылы автоматтардың көмегімен атқарылуда. Осылайша қолма-қол ақша алуға, төлем жасауға, ақша аударуға және өзге де қажетті операцияларды жасауға мүмкіндік туған.
Бүгіндері адамзат қоғамы қарыштап дамыған заманда уыстап ақша ұстаудың қажеттігі мүлде жойылған. Қалтаңызда тілдей ғана төлем картаңыз болса болғаны. Сол арқылы дүкендерде сауда жасап, үйде отырып-ақ ұялы телефонның көмегімен кез келген қаржы әрекетін жасай аласыз. Пойыз бен ұшаққа билет алудан бастап, қажетті тауар мен қызметтің барлық түрін қарапайым сөзбен айтқанда, шай ішіп отырып-ақ ала беруге болады. Тіпті, Америкада жүріп ауылдағы ата-анаңызға демалыс орнына жолдама әперіп, жол жүру билетін қосымша табыстау түкке тұрмайды.  Кешегідей кассаларда үлкен кезекті күтудің, қолыңда билетің болудың да қажеті жоқ. Барасың да төлқұжатыңды көрсетсең жетіп жатыр.
Ақшаға қатысты жаңалықтар мұнымен шектеліп қалмайды. Бүгінде «криптовалюта» деген ақша жер әлемді меңгеріп барады.  Оның түрлері де арта түсуде. Компьютерлердің көмегімен осы ақшаны күреп тауып жатқандар жайлы мәліметтер күнара көгілдір экраннан көрініп қалады. Мамандардың өздері де әлі толық түсініп болмаған бұл құбылыс жайлы айтуға жасқанып отырғанымыз рас. Біз үшін сол карточкамыздағы қаржының таусыла қоймағаны әлдеқайда маңызды. Баршаларыңызға соны тілеймін!

Қуат Қайранбаев

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.