Талдықорған: +1°C
$ 505.17
€ 599.54
₽ 6.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Байланыс аясынан тыс жерде…

26.06.2018
ЕКІ ТІЗГІН
WhatsAppTelegramFacebook

Ұялы телефонның да жады болады. Кейде оған ақпараттарды жөн-жосықсыз тықпалай берсең «басы айналып», кібіртіктеп қалатыны бар. Сондай кезде асықпай отырып тазалап аласың. Керексіз суреттер, бейнебаяндар, бәрін де шетінен өшіріп жатырмын. Кезек нөмірлерге де жетті. Бірақ, мына бір есімдермен сақталған сандар көңіл мен көзге әлі ыстық. Өшіруге қолым бармады.

Баянды аға

Баянды ағамызды Шелек ауданынан білемін. «Еңбек туы» газетінде әкеммен бірге қызмет істеді. Сол кезде үлкендерден Баянды аға туралы жақсы лебіздерді көп еститінмін. Нарынқол, Кеген, Ұйғыр, Шелек аудандары көлемінде одан асқан фототілші жоқ екен.
«Оқымаған дипломсыз демесең, Бар мамандық бір басымнан табылар» деген Мұқағали өлеңі Баянды ағамызға да арналып айтылғандай. 
90-шы жылдары дипломды әріптестерінен озып, «Еңбек туына» жауапты хатшылыққа тағайындалды. Одан кейін екі аудан қосылғанда «Еңбекшіқазақ» газетіне редактордың орынбасары болды. «Жетісу» газеті де ағамызды аттай қалап, меншікті тілші қызметіне шақырды. Ең бастысы, дипломсыз журналистің жазғандарын жұрт сүйініп оқитын.
Баяндының өзіне тән бір ерекшелігі, айтулы мерекелердің бәрінде ерінбей-жалықпай әріптестерін құттықтап шығатын. Ешкімді ұмыт қалдырмайды. «Жақсы сөз – жарым ырысқа» бәріміз қуанушы едік. Жолдастарының жадырап күлгені Баянды ағаны қанаттандыратын. Адамдарды ізет пен ілтипатқа бөлеудің өнегесін осылай көрсететін. Екінші ерекшелігі, алпыс үшке толған күні бірден қызметін доғарды. «Жүре тұрсаңшы» деген басшылық ұсынысына сыпайылап қана рахметін айтты. «Отырып алсақ оқу бітірген жастар қайда барады? Кезек солардікі» деді.
– Ғасырлық мерейтойға мен де барамын. Асы жайлауының бал қымызынан мол етіп апарамын. Бәрің тойып ішесіңдер, – дейтін інілеріне қарап. Жете алмады…
Осындай бір ой ормандарын аралай отырып, аға әріптестерімнің телефондарына қайтадан қоңырау шалғым келді. Нөмірлерді тердім. «Байланыс аясынан тыс жерде» деп тұр. Бірақ, ол кісілердің рухы «Жетісуымен» бірге жасай беретіні анық…

«Ассалаумағалейкум, аға!» немесе «Сәлеметсіз бе, апай!» деп сөйлесіп жатушы едік. Кейде жасырын нөмірмен қоңырау шалып дауысымды өзгертсем, ол кісілер танымай қалатын. Артынан мәз болып, қарқылдап күлетінбіз. Қазір сол күндер сағынышқа айналды. Иықтасып қатар жүрген әріптестерімді дәл бүгін естеліктің кейіпкерлері етемін деп кім ойлаған?!
– «Жетісудың» ғасырлық мерейтойы жақын қалыпты. Бұйыртса, оны да көрерміз. Сол тойда көсіліп бір сөйлейтін шығармыз, – деуші еді. Әрине, оған шүбә келтірмедік. Бірақ, «жазмыштан – озмыш жоқ» деген осы!
Менің сөз еткелі отырған әріптестерім – Сайлаубек Байдүйсенов, Баянды Зәкіров, Шолпан Жұмаділовалар. Тойда, сөз жоқ, ол кісілердің орны ойсырап тұрады. Алайда, төл газетінің бетінде қолтаңбалары қалды. Мақалаларын оқыған сайын жарқын бейнелері көз алдымызға келеді…

Сайлаубек аға

Сайлаубек аға Балқаш ауданының тумасы. Елі туралы айтқанда ерекше қанаттанатын. Өңі бал-бұл жанады. Тыңдаушыны құмды өңірге ғашық етіп, бәрін сүйінішпен суреттейді. Сол кезде ешбір ойланбастан Балқашқа тартып кеткің келеді.
Сайлаубек аға аудандық газеттерде біраз жыл редактор болыпты. Тәртіпке барынша қалыптасқан. Айталық, ол кісі үшін кішкентай мәселе жоқ. Бәріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Өз мақаласын өзі аямай шимайлайды. Кейде оны екі-үш рет өңдеп әуреге түседі. Қажет болса басынан бастап қайтадан жазатыны бар. Газет қызметіне жаңадан келген маған ағамыздың бұл қылығы түсініксіздеу көрінетін.
– Ағасы-ау, тағалаған жорғадай жазу ісіне әбден төселген жансыз. Сөйте тұра қу жаныңызды неге қинайсыз? – деп бетіне таңдана қараймын.
– Олай деме, бұл әрекетімнің мәнісі мынада. Мақала редакторға толық пісіп бармаса ұят. Баяғыда жігіттерден мен де сапалы жазуды талап ететінмін. Шығармашылық жұмыстың қызығы да, қиындығы да осында, – дейтін. Ағаның сол сөзі күні бүгінге дейін жадымда жаңғырады.
Журналистің көзі ашық, көкірегі ояу десек те, Сайлаубек аға Ұлы Отан соғысының құрбаны болған әкесінің мүрдесін таба алмады. Іздеуден жалыққан емес. Сол туралы айтқанда жанарына жас ұялағанын байқап қалатынбыз.
Қара домбырасын қолына алып қоңыр дауысымен шырқай жөнелгенде бәріміз де ұйып тыңдаушы едік. Екі көзін тарс жұмып, ән қанатында қалықтаған Сайлаубек ағамның сол бір бейнесі әлі күнге дейін көз алдымызда.  

Шолпан әпке

Әпкеміздің қос жанары ботаның көздеріндей жайнап тұратын. Қиғаш қасы, қыр мұрыны, қызғалдақтай ерні аққұба өңіне керемет жарасатын. Маржан тістерін көрсетіп, тау бұлағындай сыңғырлап күлетін. Табиғат болмыс-бітіміне әдемілікті аямаған. Шынында да Шолпан десе Шолпан еді!
Туған жері Саты ауылы тұнып тұрған әсем табиғат. Өлеңмен ғана өрнектелетін мекен. Өрі – Көлсай, еңісі – Қарабұлақ. Осы бір ғажап өңір, Сатыда туған қыздардың әдемі болмауға хақысы жоқтай көрінетін.
Бірде әпкемді Талдықорғанға апардым. Қапшағайға жақындағанда айналамызды қою тұман басты. Әкім жүлдесін беретін салтанатты жиналысқа кешігіп қалатындай дегбіріміз қашты. Бірақ жарты сағаттан соң әлгі тұман сейілді. Аспан шайдай ашылды. Сол сәтте әпкемнің де көңілі жадырап сала берді. Ол кісі Талдықорғанға жеткенше дамыл таппай әңгіме айтты. Сөздері терең, өнегелі, ойлы. Көпті көріп, көп білгеніне тәнті болдым. 
Шолпан Жұмаділованың қаламы жүйрік еді. Самдағай қимылдайтын. Редакция тапсырмаларын тастай етіп орындайтын. Баршамызға қатал қарайтын редактордың орынбасары Жанкүміс Жәмеңке апайымыз Шолпанға келгенде ерекше мейірімді. Сөйтсек, онысы замандасының талантына көрсеткен құрметі екен. Екеуі бірлесіп шығармашылық жұмысты қыздыратын. Кейін соның бәрін кітап етіп шығарып, оқырманға ұсынды.
Шолпан Желтоқсан оқиғасының бел ортасында болған. Алматы педагогикалық институты тарих факультетінің студенті тоталитарлық жүйеден қаймықпай шеруге шығыпты. Азаттық, теңдік сұрап айқайлағандардың алдыңғы шебінде жүріпті.
Сол үшін не көрмеді дейсіз?! Алайда, қаршадай қазақ қызы кеудесін тік ұстады.
Отбасын құрмағаны, жасындай жарқылдаған аз өмірінде маңдайына жалғыздықтың жазылғаны осы себептерден екені айтпаса да түсінікті. Желтоқсан салған жара ақыры ауруға ұшыратты. Ол асқынбаса жазылған жоқ. «Мені туған жерім – Сатыға апарыңдар» депті соңғы сәтінде. Бұл сөзді естігенде жүрегіміз қан жылады. Өмір аяулы әпкеміздің пешенесіне бұдан басқа арманды неге бұйыртпады екен деп толғанасың.
Бүгінгі мерейтойға Шолпанның да барғысы келген. Амал не?!.

Болат МӘЖИТ

Қатысты жаңалықтар

Әке беделі неге төмендеді?

Әке беделі неге төмендеді?

02.02.2026
Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

Әскери оқу орындарға құжат тапсыру толықтай цифрлық форматқа көшті

02.02.2026
Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

Енді 60 жастан асқан азаматтар пойызда арзан билетпен жүре алады

02.02.2026
Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

Жетісу облысында алаяқтықпен айналысқан call-орталық анықталды

02.02.2026
Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

Қазақ тілі – Ата заңдағы негізгі құндылық

02.02.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.