Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының «Алматы облысы шекарасы шегінде орналасқан Балқаш – Алакөл балық шаруашылығы бассейнінде балықтың уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салу туралы» 2018 жылдың 19 наурыздағы № 41 бұйрығына сәйкес төмендегі талаптарды қатаң сақтау керек.
2018 жылдың балықтың уылдырық шашу кезеңіндегі Балқаш көлінде 15 сәуірден – 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Балқаш көліне құятын сағалардан 5 км ағыспен жоғары бағытта, сондай-ақ, Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден – 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
Уылдырық шашу кезеңінде жүзу көлік кұралдары бар заңды және жеке тұлғалардың жоғарыда айтылған су айдындарында кемелердің кез келген жүзу маршруттарын міндетті түрде Инспекциямен келісілуі қажет екендігі ескертіледі.
Б. СЕЙТЖАПАРОВ,
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясының Қаратал инспекциясы
бөлім басшысының міндетін атқарушы





