Талдықорған: +1°C
$ 502.27
€ 597.15
₽ 6.57
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЕКІ ТІЗГІН

Басқарма жоқ, жалақы аз туризм қайтіп дамиды?

13.01.2025
ЕКІ ТІЗГІН
Басқарма жоқ, жалақы аз туризм қайтіп дамиды?
WhatsAppTelegramFacebook

Шалқыған көлі, асқақ тауы, ну орманы, шалқар даласы мен салқар құмы бар Жетісу өңірінің табиғаты адамды баурап алады. Бірақ, тұмса табиғаты келген мейманды тамсандыратын, туризмнің ошағы саналатын жер жаннатында туризм басқармасы жоқ. Өкінішке қарай, «Алтын сандықтың үстінде отырсақ та» маман тапшылығы мен басқарманың жоқтығы туризмді тұралатып, дамуына тұсау салып тұр.


ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР НЕ ІСТЕЙДІ? 

Облыс екіге бөлінгенде Талдықорғанда жаңа басқарма құрылып, былтырға дейін жұмыс істеді. Алайда былтыр белгісіз себептермен білдей бір басқарма жабылып қалды. Орнына облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік мекемесіне қарайтын «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы КММ құрылды. Былайша айтқанда 7-8 бөлімі бар үлкен басқарма небары 2 қызметкерден тұратын бөлімге айналды. Сонда жер жаннаты Жетісудағы туризм саласының бар шаруасын екі адамға артып қойғанымыз ба?! Хатқа жауап беруден қолы босамай отырған қызметкерлер маңызды саланы өркендетпейді. Біз ғана емес, туризм саласының мамандарының өзі басқарма ауадай қажеттігін айтып, шырылдауда. 

– Облыс орталығында басқарма, ауданда туризм бөлімі болмай сала  қарыштап дамымайды. Шетелдік туристер бізге не үшін келеді? Табиғатымызға қызығады, салт-дәстүрімізді, аңызда айтылған жерді көргісі келеді. Соның барлығын бір ізге түсіретін туризм басқармасы. Мәселен, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандарына қосымша жүктеме қылып қойған соң  олардың туризмге басы ауырмайды. Себебі, олардың басты мақсаты – кәсіпорындардың шаруасын жүргізу, қолдау. Ал туризм мәселесі ысырылып шетте қалады, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Данияр Ысқақов. 

Иә, туристік әлеуеті зор аймақта туризм басқармасы болмаса сала тұралап қалатыны анық. Сондықтан біз басқарма құрып, көненің көзі, тарихымыздың алтын діңгегі болған байлығымызды паш етсек, нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені Жетісуда жерде жатқан тасты төңкере қалсаң тарих жайында сыр шертіп, табиғаты келген мейманды тамсандырады. 

Мемлекет басшысының өзі Жетісу жеріне келген сапарында:
– Жалпы, облыста туристік нысандар жеткілікті. Сондықтан оның бәріне тиісті деңгейде мән беріп, дамыту керек. Туризм Жетісу облысы экономикасының басым бағыты болуға тиіс. Туристер неғұрлым көбірек келсе, облысқа да оң септігін тигізеді. Облыстың туризм саласындағы әлеуеті өте зор, – деп саланы дамытуға ерекше назар аудару керектігін қадап айтқан еді. 

ЕҢБЕГІ ЕШ, ТҰЗЫ СОР

Туризм басқармасы болмаған соң, амал жоқ, атанның жүгін «Visit Zhetysu» орталығына артуға мәжбүрміз. Бірақ, туризмді төрге оздырады деген орталықтың да шекесінің шылқып тұрғаны шамалы. Еңбегі еш, тұзы сор. Білікті маман келмейді, келейін десе айлығы шайлығына жетпейді. Мұндағы мамандар 100 мың теңгенің айналасында жалақы алады екен. Орталық басшысының өзі 165 мың теңгені қанағат тұтып отыр. Әйтсе де басқарманың жарты жұмысын «Visit Zhetysu» орталығы атқаруда. Түгел емес. Себебі, басқарма деген – министрлікпен тікелей жұмыс істейтін мекеме. Ал туристік орталық пен министрліктің арасында алтын көпір болмағандықтан Үкіметтің кейбір жаңалықтары мен тапсырмаларынан  бейхабар. Екіншіден, орталықта жұмыс істейтін 15 қызметкер қаладағы мекемеде отырады. Аудан-қалаларда маман болмаған соң, амал жоқ, толық жұмыс атқаруға шамалары да, уақыттары да жетпейді. Оның үстіне визит-орталық деген – қарапайым азаматтарға жолсапарда қауіпсіз маршрут, нұсқаулық, демалуға және күш жинауға арналған орын туралы мағлұмат алуына мүмкіндік беретін ғана орын. Сондықтан орталық мамандарының өз жұмысынан бөлек басқарманың жарты жұмысын атқарып жүргені облыстағы туризмнің дамуына үлкен көмек. 

Орталық басшысы тың жобалар көп, тек соны ары қарай алып жүретін аудандарда маман болса дейді. Сондай-ақ, жалақының аздығынан туризмге маман тұрақтамайтынын айтып шырылдап отыр. 

– Туристік әләуеті зор облысқа басқарма ауадай қажет. Себебі, басқарма біздің жұмысты істей алады, ал біз басқарманың жұмысын істей алмаймыз. Мәселен, басқарма 5-10 жылдық жоспар құрып арнайы бағытпен жұмыс істейді. Алакөлді дамыту үшін жол, жағажай, электр энергия жетіспейді деп өзекті мәселелердің шешу жолдарын дайындайды. Екінші, жалақы мәселесі. Орталықта  маман тұрақтамайды. Төмен жалақымен білікті маман ұстау өте қиын. Бізде туризмге жаны ашитын мамандар ғана жұмыс істеп жүр деп сеніммен айта аламын. Орталыққа жастарды да шақырып көрдік. Оларға туризм саласын үйретіп боламын дегенше, жұмыстан шығып кетеді. Біздің уақыт әр келген адамды үйретумен өтеді. Маған кредитімді қалай жабамын дейтін емес, креативті маман керек. Мамандардың жалақысы көтерілсе жақсы болар еді, – дейді орталық басшысы Жандос Нуриев.

Білікті мамандар алып, инфрақұрылымы дамыған жерлердің жарнамасын жарқыратып шығарсақ, Жетісу «төрінен қонақ, белдеуінен ат кетпейтін» туризм ошағына айналайын деп тұр. Бірақ жалақы болмаса талапты мамандардың өзі таудай жұмыс атқармайды-ау.

Тобықтай түйін: Еуропаның дамыған елдерінде туризм дәуірлеп тұр. Шет елге табиғатын, дәстүрін көрсем деген қызығушылықпен туристер ағылып барады. Ал біздегі тұмса табиғат одан да ғажап. Біз туризм саласында ешқандай жұмыс істелмей жатыр деуден аулақпыз. Жол жөнделіп, демалыс орындары салынып жатыр. Биыл бір ғана Алтынемел ұлттық паркіне шет елден 7000 турист, жалпы 23 мыңнан астам адам барған. Бірақ, осы көрсеткішті одан ары дамытып, нақты жоспар құрып, жүйелі жұмыс істейтін туризм басқармасы емес пе?! Облысқа ауадай қажет басқарма сол бойы құрылмай, ауада қалып кетпесе екен дейміз…

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Редакциядан: Бұл мәселе газетіміздің сенбілік номерінде де мөрленді. Алда аталған түйіткіл бойынша әкімдік тарапынан қандай да тұшымды жауап болса оны да ұсынамыз. 

Қатысты жаңалықтар

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

Жетісудағы экологиялық туризм: ұлттық парктерге келушілер саны бір жылда 40 мыңға жетті

28.01.2026
Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

Балқаш көлінің жағалауында екі коммуналдық жағажай ашылады

28.01.2026
Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

Қазақстан Қарулы күштерінде 7 мың бөлімше сынақтан өтті

28.01.2026
Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

Қазақстанның тестілеу жүйесі жаңа деңгейге көтеріледі: ҰТО мен ETS стратегиялық келісімге келді

28.01.2026
Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

Жасанды интеллект: Pinterest-те жаппай қысқарту болмақ

28.01.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.